Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы – ұлттық идеологиялық бағытымыздың кепілі. Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Ұлттық дамуымыздың негізгі тірегі болар осы үш концепция сөзсіз бір-бірімен сабақтасып, тамырласып жатқан идеялар.
Республикамыздың барлық саласында Рухани Жаңғыру мақаласында белгіленген бағыттары, бағдарламалары, жобалары бойынша көптеген іс-шаралар атқарылып жатыр. Осы мақсатта Целиноград ауданы,
Р.Қошқарбаев атындағы №1 Қосшы орта мектебінде «Білім және тәрбие» кіші бағдарламасы шеңберінде «Рухани қазына» арнайы жобасымен «100 ән», «100 кітап» жобалары таңдалып, «25 ән», «25 кітап» тақырыптарында іс-шара өтті
Екі кезең бойынша өткен байқаудың мақсаты- өскелең ұрпаққа халқымыздың рухани мұрасы, қазынасы- халық әндерін насихаттау, жаңғырту. Әнді зерттеу портфолиосын жасау,видеопрезентация арқылы таныстыру, қойылым арқылы таныстыру, вокалды (жанды дауыспен) орындау. Шараға қатысқан оқушыларымыз презентация арқылы таңдалған әндерін таныстырып, қойылым арқылы көрсетіп, әнді жанды дауыспен орындады.Өнерпаздар халық әндерін нақышына келтіре орындап шықты. Өздерінің тамаша дауыстарымен көрермендерді көтеріңкі көңіл-күйге бөледі.
Байқаудың екінші кезеңі 5-7 сыныптар аралығында еркін тақырыпта өтті. Бұл кезеңде қазақ халық әндерімен қатар орыс халық әндері, халық ауызында сақталған ХХ ғасыр композиторларының әндері зерттеліп орындалды.«Атаның сөзі- ақылдың көзі» дегендей халқымыздың асыл мұралары мәңгі жалғасын таба берері сөзсіз.
Г.А.Кульчманова
Целиноград ауданы,
Р.Қошқарбаев атындағы №1Қосшы ауылы,
орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары