Home » Мақалалар »   «Драматизация орыс халық ертегісі «Үйшік»»    

  «Драматизация орыс халық ертегісі «Үйшік»»    

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
«Ай-Наз» жекеменшік балабақшасы
«Ақбөбек» ересек тобының тәрбиешісі
Бисенова Нургуль Турлановна

 

Білім беру саласы: «Қатынас»
Оқу қызметі: Сөйлеуді  дамыту
Тақырыбы: Драматизация орыс халық ертегісі «Үйшік»                                                                                Мақсаттары:
Білімділік: Балаларға ертегінің мазмұнын қойылым арқылы түсіндіру.Жабайы аңдар туралы білгендерін естеріне түсіру. Баланы ертегі кейіпкерлерін өздері айтуға, қимыл-қозғалыс, дауыс ырғағын көрсету.Байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру, ойын арқылы қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Балаларды жанашырлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық
: Балалардың тіл байлығын дамыту.

Кұралдар:  аңдардың маскасы,үйшік,музыкалық аспаптар-дауылпаз,дабыл,сылдырмақ,ағаш қасық,қоңырау.                                                                                                        

Сабақтың барысы. 
Шаттық шеңбер:Қайырлы таң көк аспан
Қайырлы таң жер ана
Қайырлы таң достарым
Сендерді көрсем қуанам
Қуанамын менде қуанасың сенде
Қуанайық достарым арайлап атқан күнге

Тәрбиеші:Балалар сіздер ертегіні жақсы көресіңіздерма? Қандай ертегі білесіздер? (Шалқан. Жеті лақ. Мақта кызбен мысық.Бауырсақ)  Балалар мен сіздерге жұмбақ жасырамын. Ал сіздер мұкият тыңдап жауабын табыңыз.
1.Азулы тісі ақсыйп
Тамақ іздеп жортады
Түлкі кірпі қояндар
Жеп қояр деп қорқады
2. Қоңыр тонын кейп ап

Қорбан –қорбан етеді

Мекен етіп орманда
Қыста ұйқыға кетеді.
3. Өзі ширақ өзі қу
Жүргені жері айқай шу
4.Кішкене ғана бойы бар
Айналдырған тоны бар.
Қанар қапта не болса
Бәрін жейтін ойы бар
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар балалар. Сіздерге бүгін өте кызықты ертегі көрсетеміз. Орыс халкының ертегісі « Үйшік». Барлығыңыз көрермен боласыз. Ал менің көмекшілерім әртіс болады. Қане балалар шығып рольді ойнауға дайындалайық.
Тәрбиеші:
Ерте ерте ертеде. Ешкі жүні бөртеде.
Жазық далада болған бір қызық оқиғаны көрсетеміз.
Мидай далада үйшік тұр, үйшік.
Биікте емес ол, аласа емес.
Тышқан қырмен келеді, келеді.
Есік алдына шиқылдап тоқтады.
Музыка. Тышқан келеді
Тышқан: Үйшік үйшік үйшігім.
Биікте емес ол, аласа емес.
Кім үйшікте тұрады?  Тук-тук-тук.
Ешкім жоқ екен, мен осында тұрамын аспазбымда ойнаймын.(тышқан үйшікке кіреді қолында сылдырмақ)
Тәрбиеші: Мидай далада үйшік тұр, үйшік.
Биікте емес ол, аласа емес.
Бақа сумен келеді, келеді.
Есік алдына жүріп жетеді.
Музыка. Бақа келеді

Бақа: Үйшік үйшік үйшігім.
Биікте емес ол, аласа емес.
Кім үйшікте тұрады?  Тук-тук-тук.
Тышқан: Мен тықырлауық тышқанмын! Ал сен кімсің?
Бақа: Мен бақылдауық бақамын.
Тышқан: Сенің қолыңнан не келеді? Не істей аласың?
Бақа: Мен көлдегі бақамын. Мен қоңырауда  ойнай аламын (қоңырауда ойнап көрсетеді)
Тышқан: Кел, бірге тұрайық. Көңіл көтеріп ән салайық (бақа үйшікке кіреді)

Тәрбиеші: Мидай далада үйшік тұр, үйшік.
Биікте емес ол, аласа емес.
Қоян қырмен келеді, келеді
Есік алдына секіріп тоқтады.
Музыка. Қоян келеді

Қоян: Үйшік үйшік үйшігім.
Биікте емес ол, аласа емес.
Кім үйшікте тұрады?  Тук-тук-тук.
Тышқан: Мен тықырлауық тышқанмын!
Бақа: Мен бақылдауық бақамын. Ал сен кімсің?
Қоян: Мен қорқақ қоянмын!
Бақа: Сенің қолыңнан не келеді? Не істей аласың?
Қоян: Мен дауылпаз  аспапта  ойнай аламын (ойнап көрсетеді)
Тышқан: Кел, бірге тұрайық. Көңіл көтеріп отырайық (қоян үйшікке кіреді)
Тәрбиеші: Мидай далада үйшік тұр, үйшік.
Биікте емес ол, аласа емес.
Орманмен түлкі келеді, келеді.
Есік алдына қызығып тоқтады.
Музыка. Түлкі келеді
Түлкі: Үйшік үйшік үйшігім.
Биікте емес ол, аласа емес.
Кім үйшікте тұрады?  Тук-тук-тук.                                                                                      Тышқан: Мен тықырлауық тышқанмын!
Бақа: Мен бақылдауық бақамын.
Қоян: Мен қорқақ қоянмын! Ал сен кімсің?
Түлкі: Мен қу түлкімін!
Қоян: Сенің қолыңнан не келеді? Не істей аласың?
Түлкі:
 Мен ағаш қасықтарда  ойнаи аламын (ойнап көрсетеді)                                                                    Қоян: Кел, бірге тұрайық. (түлкі үйшікке кіреді)                                                                              Тәрбиеші: Мидай далада үйшік тұр, үйшік.
Биікте емес ол, аласа емес.
Орманмен қасқыр келеді, келеді.
Есік алдына айқайлап жетеді.
Музыка. Қасқыр келеді

Қасқыр: Үйшік үйшік үйшігім.
Биікте емес ол, аласа емес.
Кім үйшікте тұрады?  Тук-тук-тук.
Тышқан: Мен тықырлауық тышқанмын!
Бақа: Мен бақылдауық бақамын.
Қоян: Мен қорқақ қоянмын!
Түлкі: Мен қу түлкімін! Ал сен кімсің?
Қасқыр: Мен сұр қасқырмын!
Түлкі: Сенін қолыңан не келеді? Не істей аласың?
 Қасқыр: Мен дабылда ойнаи аламын(ойнап көрсетеді)

Түлкі: Кел, бірге тұрайық.(қаскыр үйшікке кіреді)
Тәрбиеші: Мидай далада үйшік тұр, үйшік.
Биікте емес ол, аласа емес.
Орманмен аю келеді, келеді.
Есік алдына қорбаңдап тоқтады.
Аю: Үйшік үйшік үйшігім.

Биікте емес ол, аласа емес.
Кім үйшікте тұрады?  Тук-тук-тук.
Тышқан: Мен тықырлауық тышқанмын!
Бақа:Мен бақылдауық бақамын.
Қоян: Мен қорқақ қоянмын!
Түлкі:Мен қу түлкімін!
Қасқыр: Ал мен болсам, сұр қасқырмын! Ал сен кімсің?
Аю: Мен қорбаңдаған  аюмын!
Қасқыр: Сенің қолынан не келеді? Не істей аласың?                                   
Аю:Ал мен болсам әдемі әуенге керемет би билеп бере аламын
Қасқыр:
Кел, бірге тұрайық.
Аю: Ендеше мен үйшіктің шатырына шығып тұрайын,
Бәрі: Жоқ, сен дәусің! Сені кішкентай үйшігіміз көтере алмайды. Қиратасың ғой.
Аю: Қорықпаңдар, түк те болмайды.
Түлкі: Тоқта аю достым. Біз бәріміз бірігіп үлкен үйшік салайық. Сонда бәріміз бірге тұрамыз.
Тәрбиеші:
Олай болса достар бәріміз  шығып  аюга оз өнерімізді көрсетейк. Ал аю болса бізге билеп береді
Муз.оркестр: Барыня(балалар аспапта ойнайды)
Бәрі: Балдырган баламыз.
Досты коп табамыз.
Қашан да,кайда да.
Достар бір-біріне.
Сенімді боламыз.
Тәрбиеші:
Бүгінгі рольді ойнағандар: Тышқан-Бердиғали Раяна. Бақа-Қалдыбай Аянат. Қоян- Амантай Ахмат. Түлкі- Қадырбек Аида. Қасқыр- Марлен Әділ. Аю- Абдул Данияр. Біздің әртістерге қол соғып қошеметтейк. Жарайсыңдар балалар. Көріп тамашалағандарыңызға  рахмет.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.