Home » Мақалалар » Қазақ тілі пәнін тілдік пәндермен кіріктіре оқытудың тиімділігі

Қазақ тілі пәнін тілдік пәндермен кіріктіре оқытудың тиімділігі

Ақмола облысы Целиноград ауданы Қоянды ауылы
№1 жалпы орта білім беретін мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Хожа Динар, Кенжетай Бердгуль

 

Қазақстан Республикасы жалпы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде құрылған. Бұл оқу бағдарламасы қосымша материалдарды қарастырады. Жұмыстың өзектілігі құндылыққа негізделген білім беру арқылы білім берудегі интеграция жүзеге асыру. Қазіргі таңда оқушыларды жаңартылған білім беру мазмұны аясында ұстаздарға қойылар талап пен міндет жеке тұлғаны танып білу, дамыту. Оқушылардың бойындағы тұлғалық тұтастықты қалыптастыру, ойлауын дамытуға, логикасын, икемділігін, сыншылдығын, ынтасын дамыту үшін оңтайлы жағдай жасау көзделеді. Сонымен қатар  танымдық белсенділігін арттыруға көмектеседі және алған білімін өмірмен байланыстырып, дәлелдеуге бағыттайды. 5-сыныптың қазақ тілі пәнін тілдік пәндермен (орыс тілі және ағылшын тілі) пәндерімен кіріктіре оқыту мақсатында «Қазақ тілі пәнін тілдік пәндермен кіріктіре оқытудың тиімділігі» атты авторлық жоба жұмысын құрастырдық. Мұндағы мақсат білім беру үдерісінде метапәндік интеграциялауды жүзеге асыру, кәсіби қауымдастықта жұмыс жасау, ортақ әмбебап дағдылар бойынша оқушының жоба қорғауы, зерттеушілік икем дағдысын қалыптастырып,  оқушының алған білімін өмірмен байланыстыру мақсатында ПИЗА тапсырмаларын қолданып логикалық ой өрісін дамытуға ықпал ету.

XXI ғасыр дағдылар жүйесі мұғалімдер арасында ынтымақтастық, кәсіби құзыреттілік аясын кеңейтуді көздейді. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі оқытудағы жаңа тәсілдер мұғалімнің де өзгеруін талап етеді. Қазіргі таңда қазақ тілін оқыту үрдісінде  интеграциялық оқытуды жүзеге асыру әр пәндік мазмұнды қосып біріктіріп жіберу немесе бірнеше пәнді бір пәнмен алмастыру емес әрі пәндік құрылымды жоққа шығармайды, керісінше, оған қондырғы ретінде қызмет етеді. Білім кеңістігінде барлық пәндер өз дағдыларын және қалыптасқан оқу үрдісінің ұйымдастыру формасын сақтайды. Осы уақытқа дейін пәндерді жеке оқытып келеміз, яғни оқушыға біртұтас берілуі тиіс білімді бөлшектеп беріп келеміз. Күтілетін нәтиженің ауқымы кең, мазмұны аз. Бұл тұрғыда оқушы өзіне қажетті білімді толық меңгере алмайды. Ал оқушыға біртұтас, бір-бірімен тығыз байланысты, өзара мазмұндас білімді меңгертіп, тәрбиелі және білімді ұрпақ қалыптастыру үшін  интеграциялық оқыту арқылы қол жеткіземіз. Интеграциялау  пән мазмұнының айқын анықталуына мүмкіндік береді. Қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пәндерін бөлімдер бойынша өзара кіріктіруге болады. Оқушыларға осы тілдік пәндерден күнделікті меңгерілетін лексикалық тақырыптар біртұтас етіп беріледі. Сонымен қатар, қазіргі таңда ақпарат  ағыны өте көп болғандықтан, ақпаратты жүйелеп берумен бірге, құндылыққа негізделген білім беру қажеттігі туып отыр. Бұл ретте оқушыларға құндылыққа негізделген білім беру арқылы білім берудегі интеграция оқушыларды тұлғалық дамытудағы тұтастықты қалыптастыру, ойлауын дамытуға, логикасын, икемділігін, сыншылдығын, ынтасын дамыту үшін оңтайлы жағдай жасап, танымдық белсенділікті арттыруға көмектеседі.  Шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпал етеді. Сондай-ақ, оқушылардың жүйелік дүниетанымының дамуына, тұлғасын үйлестіруге ықпал етеді. Кешенді тәсіл мұғалімнен педагогикалық шеберліктің жоғары деңгейін, оның білімінің әмбебаптығын талап етеді. Осы ретте «Қазақ тілі пәнін тілдік пәндермен кіріктіре оқытудың тиімділігі» атты жоба жұмысымызды іске асыру кезіндегі тәжірибе негізінде мұғалімдердің кәсіби біліктілігінің дамуының бірден-бір тиімді жолдардың бірі ретінде сабақты зерттеу әдісінің ұтымды тұстары қарастырылды. Сабақты зерттеу үдерісі барысында жинақтаған тәжірибе ортаға салынып, гуманитарлық бағытта мұғалімдер тобына таныстырылды. Мектеп қабырғасында сабақ зерттеу үдерісінің тиімді тұстары айқын ашылып берілді. Бұл ретте біз тіл мамандары тілдік пәндерді интеграциялап оқытуды жөн деп таптық. Олай дейтін себебіміз қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілдері пәндерінің мазмұнын сәйкестендіріп, 5-сыныптың қазақ тілі пәні бойынша  ортақ ОМЖ құрастырдық. Білім бағдарламасын негізге ала отырып, білім беру үдерісінде метапәндік байланысты  жүзеге асырып және мұғалім үшін кәсіби қауымдастықта командалық жұмыс жасап, метақұзыреттілікті қалыптастыру, оқушылар үшін пән бойынша бір бағытта жұмыс жасап,үш пән бойынша білімді қорытындылау үшін әр бөлім  сайын  атқарылуы тиіс бір жоба жұмысын  қорғау барысында жобалау, зерттеушілік  сияқты ортақ әмбебап дағдыларды  оқушылар бойына қалыптастыру көзделді. Бірегей әдісті қолдана отырып, уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік туады.

Қорытындылай келе, бұл әдістемелік идеяларымыз әріптестерімізге қажетіне жара деген ойдамыз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.