Home » Мақалалар » Жасыл экономика – болашақтың таңдауы болмақ

Жасыл экономика – болашақтың таңдауы болмақ


Салтанмуратова Эльмира Хамитовна
42ЖББ.КММ
Биология пән мұғалімі

Жасыл экономика – болашақтың таңдауы болмақ
        Қоршаған орта дегеніміз біз өмір сүріп жатқан табиғи және антропогендік орта. Ал жасыл экономика бұл соңғы жылдары мемлекеттік деңгейде көтеріліп, мәселені шешу бағытында жұмыстар жүргізіліп жатқан өзгеше тақырып. Неге десеңіз? Қазір әлем бойынша экологиялық мәселелер алдыңғы қатарға шығып кетті. Өйткені жаһандану заманында минут санап өзгеріп отырған адамдар қажеттілігінен, адамдардың салғырттығынан ауаның ластанып, климаттық жағдайдың өзгеріске ұшырағаны мәлім.
         Жасыл экономика дегеніміз не?
Бұл ұғымды әрбір жеке тұлға түрлі бағытта түсінеді.

  • Бірі экономиканың экологияға көмектесіп, табиғатқа деген жанашырлық десе
  • Екіншілері мемлекеттің табиғатын жақсартатын түрлі тәсілдер деп түсінеді

Жасыл экономика дегеніміз – бұл табиғи қорларымызды тиімді пайдалану есебінен қоғамның жағдайын жақсартуға бағытталған экономика. Оның ең бірінші мақсаты сарқылуға ұшыраған заттарды пайдалы қазбалар немесе мұнай газды тиімді пайдалану. Оның негізі – таза немесе жаңа технологияда жатыр. Мамандардың айтуынша жасыл экономиканы жақсарту арқылы көптеген дүниелерді өзгертуге болады. Мәселен елдің жағдайын, халықтың әлеуметтік жағдайын жоғарылатуға болады. Себебі тиімді пайдалану арқылы, дағдарысқа ұшырамауға болады. Яғни айналымда дұрыс жұмыс істеу керек. Ол үшін білімді сол саланың мамандарын оқытып, сол елдердің тәжірибесі арқылы өзгерістерді енгізуге болады.
Біздің еліміздің жасыл экономиканы дамыту тұжырымдамасы қандай?
Біріншіден еліміздің жасыл экономикаға көшуінің басым міндеттері қандай?

  • Ресурстардың тиімді пайдалану
  • Инфрақұрылымды жаңғырту, олардың жаңа технологиялармен іске асыру
  • Қоршаған ортаның сапасын көтеру
  • Ұлттық қауіпсіздікті жақсарту, әсіресе су ресурстарын

«Жасыл» экономиканың қайыршы­лық­тан құтылуға, экономиканың жоға­рылауына, әлеуметтік интеграцияға ық­пал етуге, адамдардың әл-ауқатының жақ­саруына көмектесетіні құпия емес. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының классификациясына сай, «жасыл» технология­лар бірнеше саланы қамтиды: жалпы экологиялық басқару, энергияны жаңадан іске қосылған көздер арқылы өндіру, климаттың өзгеруі салдарынан болған зардаптарды жеңілдету, ауаға тарайтын зиянды қалдықтарды азайту, отындарды пайдалану тиімділігін арттыру, сонымен қатар ғимараттар мен жарық беруші құралдардың энергиялық тиімділігін арттыру.
Бұл әлем бойынша бағыты еді. Сондықтан асыл экономикаға жетерлік көңіл бөліп, жүйелі түрде жұмыс жүргізіліп келеді.
Еліміздің «Жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасы үш кезеңмен жүзеге асырылады және 2050 жылға дейінгі уақытты қамтиды.  «Қазақстан-2050» Стратегиясының жасыл экономикаға көшу бағытындағы тұжырымдамасының негізгі мақсаты: су және жер ресурстарын қайта қалпына келтіру, табиғат капиталын пайдалану тиімділігі бойынша ЭЫДҰ елдерімен иық теңестіру; 2030 жылға қарай атмо­сфе­ра­ға шығарылатын қалдықтар бойынша стандарттарды еуропалық деңгейге жеткізу; 2050 жылға қарай ЖІӨ-нің энер­­гия сыйымдылығының 50%-ға төмен­деуіне қол жеткізу; 2050 жылға қарай энергияның балама және қайта қалпына келетін көздерінің жиынтық өнімділігінің үлесін 50%-ға дейін жеткізу; тұрмыстық және өнер­кәсіп­тік қалдықтарды кәдеге жарататын индустрия құру; тиімді инфрақұрылымы бар газ саласын құруды қамтамасыз ету болып табылады.
Бірнеше бағыттар мен оның пайдасын, жоспарларын аттап өттік. Әрине барлығы бірден жүз пайыз жүзеге асып кетпейді. Бұл тәжірибе бойынша әлем елдері тиімділігін көруде. Біздің елде көшке ілініп келеді. Оған барлығымыз атсалысуға міндеттіміз. Экология бұл жұтып отырған ауамыздан бастау алады. Сондықтан барлығын басшыларға ғана тапсырып қоймай, әр адам өзінен бастауы қажет. Өйткені біз жұмылсақ, барлығын да жеңіп шығатынымыз анық.

Жасыл экономика – болашақтың таңдауы!

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.