Home » Мақалалар » Бекбатырова Жәмиля: Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың білім саласындағы сарабдал саясатын бүкіл халық құптайды

Бекбатырова Жәмиля: Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың білім саласындағы сарабдал саясатын бүкіл халық құптайды

Биыл Қазақ елінің тәңір сыйлаған Тәуелсіздігінің, арайлы азаттығының жиырма тоғызыншы жылы. Еліміздің Тәуелсізідгі мен мемлекеттілігі нығаю үшін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев білім және ғылым саласын дамытуға үлкен үлес қосқаны белгілі. Міне, еліміздің білім жүйесі жаңа заманға лайық әрі халықаралық стандарттарға сәйкес дамып келеді. 1991 жылдан бастап білім беру саласындағы мемлекеттік саясат білім беру жүйесін сапалық жағынан жақсарту мақсатын көздеді. Елбасының білім саласына қосқан өлшеусіз үлесінің арқасында барлық аймақтарда жүздеген жап-жаңа балабақшалар, мектептер салынып, мемлекеттік білім гранттарының саны артып, оқушыларымыз халықаралық олимпиадалардан жүлделі орындармен оралып, «Педагог мәртебесі туралы» ҚР заңы қабылданып, ұстаздардың еңбек жалақысы өсті. Бұл ілгерілеу білім беруді басқару мен қаржыландырудың құқықтық-заңнамалық базасына Н.Ә.Назарбаев жыл сайынғы Жолдаулары арқылы айрықша мән бергендіктен екендігін атап өтуіміз керек.  Осыған орай Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысының орынбасары Елеуова Жәмиля Бекбатыровамен сұхбаттасқан едік.   

 Тәуелсіздік алғалы бері мемлекетіміздің саясаты білім беру жүйесінің
сапасын жақсарту мақсатын қойды. Білім беруді басқару мен қаржыландырудың құқықтық-заңнамалық базасы қалыптасты.  Сол кезеңде білім саласын басқару мен қаржыландыру аймақта қалай жүзеге асты?

  • Ел Тәуелсіздігін ата-бабамыз ғасырлар бойы аңсаған арманы. Қазақстанның 1991 жылдан бергі жеткен жетістігі мен барлық табысының қайнар бұлағы – Тәуелсіздік пен Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев. Елміздің білім саласындағы реформалар Елбасы Жолдауларында, мемлекеттік бағдарламаларда көрсетілгендей етіп жүзеге асырылды. Жамбыл облысындағы білім саласы да мемлекеттік саясаттан тысқары қалған жоқ.
  • 2005 жылға дейін ауыл-аймақтардағы білім ошақтарын дамыту бағытында «Ауыл мектебі» атты мемлекеттік бағдарлама жүргізілді. Сонымен қатар, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауларында көрсетілгендей білім саласы назардан еш тыс қалмаған. Жолдауларға сәйкес мемлекеттік бағдарламалар Жамбыл облысында 100 пайыз жүзеге асты ма? Қазіргі ауыл мектептерінің сипаты қандай?
  • 2005 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Жолдауында: «Біз мұғалім мамандығының беделі мен абыройын қайтаруға міндеттіміз», — деген еді. Міне, бүгінгі таңда мұғалімдердің еңбекақысы жыл санап өсіп келеді. Қоғамдағы беделі мен абыройы да жоғары.

    2007 жылдың сәуірі. Тараз қаласының № 51 орта мектебіне бару.2012 жылдың мамыр айы, «Анета» жеке балабақшасына барған кезі.


    2009 жылдың қыркүйек айы. Тараз қаласындағы №54 орта мектебіне барған кезі.
    Білім сапасын арттыру — педагогтардың кәсіби біліктілігіне байланысты облыс бойынша 20788 (81,4%) педагог  жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстан өткен. Осы ұстаздардың лауазымдық жалақысына 30 пайыз үстеме ақы төленуде. Сондай-ақ, 2020 жылы 44 мыңнан астам педагогтың жалақысы 25%-ға артып, республикалық бюджеттен  16,6 млрд.теңге бөлінді.
    Облыстың 2233  педагогы республикалық, халықаралық байқаулар мен қашықтық олимпиадаларында жеңімпаз атанды. 2012 жылдан бері өткізілетін республикалық «Үздік педагог» байқауында 35 педагог жеңімпаз атанса, олардың 15-і ауыл мектебінің мұғалімдері.
    Дарынды балаларды қолдау мақсатында 300 орындық IT лицей-интернаты ашылды. Бүгінгі күні облыста дарынды балаларға арналған 5 мамандандырылған білім беру ұйымдары жұмыс істейді. Онда білім алатын 1593 оқушының 720-ы (45,2%) ауыл балалары.
    Иә, 90-шы жылдарда-ақ білім беру саласындағы реформаларға сәйкес еліміздің білім беру жүйесі белгілі бір даму сатыларынан өтіп жатыр. Оған Елбасының жыл сайынғы халыққа Жолдаулары негіз болды. Атап айтсақ, «Қазақстан — 2030» стратегиялық бағдарламасында білім беру туралы мәселе төртінші ұзақмерзімді басымдықта айтылды. Басымдық «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты» деп көрсетілгенімен, көп бөлігінде азаматтардың денсаулығы мен салауатты өмір салтына мән берілген, ал білім беру түйткілі кейінгі бағдарламада тарқатылды.

Ал,  2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауының «Жаңа әлеуметтік саясат» тармағында 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап білім беру саласы қызметкерлерінің жалақысының 29 пайызға артатынын, 2017 жылдан «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» бағдарламасы басталатынын айтты.
2017 жылы 31 қаңтарда «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында үш тілділік саясат, мұғалімдердің деңгейі, кәсіптік білім беру туралы қозғады.
Ал, 2018 жылы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында білім беру мәселесі тағы да назардан тыс қалмады. Мұнда білім беруді дамыту «Қазақстан-2050» даму стратегиясы, «100 нақты қадам – Ұлт жоспарындағы» міндеттер аясында қарастырылғандығын көреміз. Жалпы, бұл Жолдаудағы негізгі идея заманның өзгерістеріне бейім болып, инновациялық дамудың көшінен қалып қалмау екендігі белгілі. Осы Жолдауға сәйкес оқыту бағдарламасы жаңарды. Мектептер жаңарып, робототехника сыныптары ашылып, жастар жаңа технологиялық қалыпқа бейімделіп келеді. Оған жоғарыда атап өткен жетістіктеріміз дәлел.
Бұдан кейінгі 2018 жылы 5 қазандағы Жолдауда «білім», «білім беру» сөзі 13 рет кездесіп, білім беру саласына аса үлкен басымдық берілген.
Ал, «Ауыл мектебі» деген сонау 2005 жылғы мемлекеттік бағдарламаға сәйкес көптеген ауыл мектептерінің мәселесі де министрлік тарапынан шешілген. Кәсіби мамандармен ауыл мектептері қамтылып, жаңа білім мекемелері ашылды. Бүгінгі күні облыстың барлық мектебі 100% жоғары жылдамдықтағы интернет желісіне қосылды (4 мбит/с жоғары).
Сонымен қатар, Тұңғыш Президентіміз Жамбыл облысындағы бірқатар білім беру мекемелерін аралап, ашылу салтанатына да қатысты. Мәселен, 2015 жылы наурыз айында Тараз қаласындағы химиялық-технологиялық колледжінің жаңа ғимаратының ашылу салтанатына қатысып, естелік фотосуретке түскен жайымыз бар.
2018 жылы 5 қазандағы  Жолдауда «білім беру» сөзі 13 рет кездеседі деп атап өттіңіз, бұл құжаттың білім бағытына байланысты маңызды ойлары бүгінде іске асты ма? Жолдау жамбылдық оқушылардың потенциалына қалай әсер етті?

  • Бұл Жолдаудың білім бағытына қатысты ең маңызды қырлары мынадай: 5 жыл ішінде әлеуметтік салаға бөлінетін қаражатты ЖІӨ 10 пайызына жеткізу, мектепке дейінгі білім берудің жақсартудың «Жол картасын» әзірлеу, Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесін бірыңғай стандарт қылу, үш ауысымда оқыту мәселесін шешу, оған бюджеттен қосымша 50 миллиард теңге қарастыру; «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылдау, ЖОО жауапкершілігін күшейту, Назарбаев Университетінің тәжірибесін ел көлемінде енгізу болып табылады. Байқасаңыз, білім саласындағы бұл мәселелер өз қарқынымен жүзеге асып жатыр. Үш ауысымды мектептердің мәселесінің шешілуі мен «Педагог мәртебесі туралы» заңның қабылдануы қоғамдағы қордаланған түйткілдердің түйінін тарқатты. Сондықтан да Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың білім саласындағы сарабдал саясатын бүкіл халық құптайды.

Жамбылдық оқушылардың республикалық, халықаралық жетістіктерімен көзайым болуы ең алдымен осы Елбасы Жолдауларының тікелей әрі жанама түрдегі тікелей септігі деп білемін. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіздік жылдарындағы жастардың мәңгі жадында қалады.

  • Сұхбатыңызға рахмет, аман жүріңіз!

Сұхбаттасқан Жансая ҚҰРМАНҒАЛИҚЫЗЫ,
«BILIM AINASY»

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.