Home » Жаңалықтар » «Бір тал кессең , он тал ек» дегендей №3 Талапкер орта мектебіде Республикалық экосағатқа жаппай қатысты

«Бір тал кессең , он тал ек» дегендей №3 Талапкер орта мектебіде Республикалық экосағатқа жаппай қатысты

Табиғат — қоғамның қорғаны. Алғашқы қауымнан қазіргі ғарыш дәуіріне дейін адам баласының өмір сүруі үшін қажет орта. Адамзаттың бар мұқтажын табиғат өз қазынасымен әрі үлкен жомарттықпен өтеуде. Өміріне, экономикалық –географиялық жағдайына, тарихи дамуына қарай қазақ халқы табиғат қойнауында бірге өсіп, біте қайнасып келе жатыр. Мұндай жақындық оларды табиғаттың бауыры, жанашыры етіп жіберген. Халықтың табиғатты қадірлеп-қастерлеуге сезімін бүкіл өмір тағылымынан кездестіруге болады.. 3-қазан Дүниежүзілік мекендеу жерлерін қорғау күніне орай республикалық экосағат акциясы ұйымдастырылды.Экосағаттың негізінде оқушылармен табиғатқа , туған өлкеге ұқыпты қарау, табиғи ресурстарды сақтау, өсімдік және жануарлар әлемін, су ресурстарын сақтау, салауаты эко-әдеттерді: экодемалысты дұрыс тамақтануды дамыта түсті. Іс-шараның мақсаты — өсіп келе жатқан ұрпақты табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға тарту.

Іс-шараның міндеті — табиғи ресурстарына қатысты эколологиялық тұрғыдан саналылылықты тәрбиелеу, нақты айтқанда:

  • суға ұқыптылықпен қарау;
  • ауаны сақтау;
  • жерді ластанудан сақтау;

Республикалық экосағат жобасынан Ақмола облысы, Целиноград ауданындағы №3 Талапкер орта мектебі де қалыс қалған емес. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие мен жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. «Жақсыдан ғибрат ала білгеннің ісі оңға басады» демекші, білікті басшы, ұжым мақтанышы , тәжірибелі ұстаз Сағымбала Хасенқызының өзі басқарып отырған ұжымды тек биік белестерге жетелеп келе жатқанын ерекше атап кеткеніміз жөн.

Бүгінгі таңда бүкіл адамзаттың алдында тұрған өмірлік маңызы бар ауқымды мәселелердің ішінде табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде.Осыған орай білім ордасында жас ұрпақты табиғатты аялау және қорғай білуге үйрету мақсатында «Экоәлем» бағы ашылды. Бақта оқушылар көре, сезе, түсіне алуы үшін тірі табиғаттың тіршілік бейнелері орналастырылған. Акцияға ауылымыздың әкімі О.С.Қасымов, ауылымыздың қарт ақсақалдары С.Малгаздаров пен ата-ана К.Алдырбай  қонақтар мектеп оқушыларымен қоршаған ортаға құрмет пен қорғау саналы тұтыну және салауатты экологиялық әдеттерді дамыту мәселерін талқылады. Содан кейін 1-сынып пен 11- сынып окушылары қонақтармен бірге мектеп алаңына 50 көшет отырғызды. Қарт ақсақалдар оқушыларға ақыл-кеңес айтып, батасын берді. Тоқсан сайын экосағат мектептерде бекітілген жоспар бойынша тоқсан сайын жалғасын табады.

 

Шакирова Бахыт Маратовна,

№3 Талапкер орта мектебінің

география пәні мұғалімі,тәрбие ісі орынбасары.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.