Home » Жаңалықтар » Білім беру бағдарламалары балалардың денсаулығын жақсартады: Қазақстан мектептеріндегі зерттеу нәтижелері

Білім беру бағдарламалары балалардың денсаулығын жақсартады: Қазақстан мектептеріндегі зерттеу нәтижелері

Білім беру бағдарламалары балалардың денсаулығын жақсартады: Қазақстан мектептеріндегі зерттеу нәтижелері

Халық денсаулығын нығайту Қазақстандағы мемлекеттік деңгейдегі ең маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Мәселен, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде денсаулық сақтау жүйесін кешенді жетілдіру арқылы өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін арттыру негізгі мақсат ретінде көрсетіледі, ал оған қол жеткізудің маңызды құралы ересектер мен балалар арасында сырқаттанудың алдын алу. Бұл ретте маңызды алдын алу шараларының ішінде артық салмақтың таралуын қысқартуға ерекше басымдық беріледі: Бағдарлама шеңберінде балалар арасында артық салмақ пен семіздіктің алдын алу жөніндегі Ұлттық стратегия қабылданды.
   

Мемлекет таңдаған стратегиялардың тиімділігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы есебінің деректерімен расталады: салауатты өмір салтын ұстанатын адамдардың үлесі 2022 жылы 31,4% құрады, ал 2021 жылы бұл көрсеткіш 23,2% деңгейінде болған.

Бірақ жалпы оң динамикаға қарамастан, денсаулық бұзылыстарының даму қаупінің бірқатар көрсеткіштері бұрынғы деңгейде қалып келеді немесе тіпті жоғарылаған. Мысалы, балалардағы артық салмақ пен семіздіктің таралуы 2015 жылғы 18,7%-дан 2020 жылы 21,1%-ға дейін өсті. Жемістер мен көкөністерді күнделікті тұтынудың төмен деңгейі іс жүзінде өзгермеген – балалардың 40% — дан азы оларды күнделікті жейді, дегенмен балалар қантты сусындарды (аптасына 4-7 рет) жиі қолдана бастаған, мәселен, 2020 жылы бұл көрсеткіш – 30,8% болған, ал 2015 жылы 22,5% — ды құраған.

Балалар мен жасөспірімдердің дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету – бұл мектептегі тамақтану жүйесін жетілдіруден бастап, білім беру іс-шараларын өткізуге дейінгі кешенді шешімді қажет ететін міндет. Тамақтану мәдениетін насихаттайтын осындай бағдарламалардың бірі — Қазақстандағы Nestlé компаниясының бастамасымен әзірленген «Салауатты тамақтану мектебі». Бағдарлама 2013 жылдан бастап Астана, Алматы қалаларының жалпы білім беретін мектептерінде және ішінара Қазақстанның басқа аймақтарындағы мектептерде жүзеге асырылуда. Осы уақыт ішінде 7-11 жастағы 250 000-нан астам оқушы жобаға қатысып, әртүрлі тақырыптар бойынша оқыту курстарымен танысты: режим, диета және тамақтану гигиенасы, аспаздық тарихы, әртүрлі елдердегі тамақтану дәстүрлері, физикалық белсенділік, күнделікті жұмыс, жауапты тұтыну және т.б.
    

Жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігін талдау үшін Nestlé-де Алматы және Астана мектептеріндегі екінші сынып оқушылары арасында зерттеу жүргізілді. Оған 275 мектеп оқушысы қатысты, олар бейнелі түрде екі топқа бөлінді: негізгі топ – бір жыл бойы бағдарламаны оқыған балалар және бақылау тобы – арнайы оқуға қатыспаған балалар.

«Nestlé-де біз тағамның өмір сапасын жақсарта алатын қабілетіне сенеміз. Біздің басымдықтарымыздың бірі – адамдарды денсаулықты сақтаудың және көптеген аурулардың алдын алудың маңызды шарты болып табылатын теңдестірілген тамақтануға шақыру. «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы аясында біз мектеп оқушыларына дұрыс тамақтану тек ересектердің талабы емес, табысты және салауатты өсу үшін нағыз қажеттілік екенін жеткізуге тырысамыз. Бұл маңызды жұмыстың нәтижелерін көру біз үшін өте құнды, ол балалардың тамақтануына деген саналы көзқарасынан көрінеді. Қазақстан мектептерінде бағдарламаны дамытуды жалғастыра отырып, біз Оқу-ағарту министрлігіндегі серіктестерімізбен, мұғалімдермен және ата-аналармен бірлесе отырып, теңгерімді тамақтанудың маңыздылығын түсінетін және жастайынан салауатты өмір салтын ұстанатын ұрпақты тәрбиелей алатынымызға сенімдімін», – деп «Nestlé Food Kazakhstan» ЖШС бас директоры Максим Щетин атап өтті.

Зерттеу нәтижелері бойынша мектеп оқушыларының арасында теңгерімді тәуліктік рационның құрамы туралы дұрыс идеялар басым екені анықталды: бақылау тобындағы балалардың жартысынан көбі және негізгі топтағы балалардың көпшілігі тағамдар мен тамақтарды дұрыс таңдайды. Алайда, ерекше жағдайлар бар: балалардың жартысынан азы — бақылау тобындағы 42% — сүт пен сүт өнімдерін күнделікті рационның бөлігі деп санайды, ал шұжық өнімдері дұрыс тамақтану бағдарламасынан өтпеген балалардың 58% күнделікті тұтынуға жарамды тағам деп санайды. Сонымен қатар, негізгі топтағы күнделікті тамақтану туралы хабардар болу деңгейі әлдеқайда жоғары: бұл оқушылар пайдалы тағамдарды жиі көрсетеді және жиі тұтынбау керек тағамдарды таңдай біледі.

Азық-түліктердің тағамдық құндылығы туралы білімдерін тексеру үшін балаларға тамақ арасында досына тіскебасарға ұсынатын тағамдар тізімінен таңдау ұсынылды. Бұл жағдайда бағдарламаға қатысушылар пайдалы тағамдарды жиі таңдау арқылы дұрыс тамақтануды тереңірек түсінетінін көрсетті. Мәселен, дұрыс тамақтану негіздерін оқыған топтағы балалардың 66%-ы және курстан өтпеген топтың 38% — ы алманы тіскебасар ретінде таңдаған, тәтті бәлішті негізгі топтағы балалардың 25%-ы және бақылау тобындағы балалардың 42%-ы таңдады.

Білім беру жобасына қатысу тек білімге ғана емес, сонымен қатар талғамға да әсер ете алады ма деген гипотезаны тексеру үшін қатысушыларға төрт тағам тобының тізімі беріліп, олардың ішінен «сүйіктілерін» көрсету сұралды. Әр топта 10-ға дейін өнім атауы болды. Қатысушылар өнімдердің кез келген санын таңдай отырып, олардың кейбіреулері ұнамайтынын көрсете алатын. Нәтижелер бағдарламаға қатысу дәмдік талғамға әсер ететінін көрсетті: негізгі топтағы мектеп оқушыларының тағамға деген талғамы әртүрлі және кең. Олар өнімдерді «сүймейтін» деп белгілеу ықтималдығы аз және әр топта көбірек сүйікті тағамдарды таңдайды.

Оқудың мектеп оқушыларының нақты мінез-құлқына қалай әсер ететінін білу үшін оларға сауалнама қарсаңында тамақтану және физикалық белсенділік туралы сұрақтарға жауап беру ұсынылды. Таңғы ас, түскі және кешкі ас екі топта да ең көп таралған тағам болып шықты. Негізгі топтағы оқушылар күніне орта есеппен 3,4 рет, ал бақылау тобынан – 2,7 рет тамақтанады.

«Қазақстанның білім беру жүйесі үшін «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы маңызды білім беру құралына айналды, оның көмегімен мектептер балалардың денсаулығын сақтау мәдениетін тәрбиелеудегі маңызды миссиясын жүзеге асыра алады. МБағдарламаны іске асырудағы көп жылдық тәжірибе оны елдің денсаулығы мен әл-ауқатын арттыру сияқты күрделі міндетті тиімді шешуге көмектесетін маңызды әлеуметтік ресурс ретінде бағалауға мүмкіндік береді», – деді Алматы қаласы Білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі Татьяна Ежова.

Осылайша, бағдарламаны аяқтаған балалар көкөністер, жемістер және сүт өнімдері сияқты пайдалы тағамдарды жейді, ал тәттілер мен снэктерді ұнатпайды. Сонымен қатар, бағдарламаға қатысу дене белсенділігін арттырады: негізгі топта екі есе дерлік көп балалар жаттығулар жасайды, серуендейді және спорт үйірмелеріне қатысады.

Қазақстандағы «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы туралы
Қазақстандағы «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы Nestlé компаниясының 2030 жылға қарай дүние жүзіндегі 50 миллион балаға салауатты өмір салтын қалыптастыруға көмектесуге бағытталған «Дені сау балаларға» арналған жаһандық бастамасының бір бөлігі болып табылады. Қазақстанда 2013 жылдан бастап елорда мен Алматы мектептерінде «Салауатты тамақтану мектебі» іске қосылса, 2023 жылдан бастап жоба географиясын еліміздің басқа қалаларына да кеңейтті. Бағдарлама Алматы қаласы Білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы мен Қазақ тағамтану академиясымен бірлесіп әзірленген.

Nestlé компаниясы туралы
Nestlé – әлемдегі ең ірі тамақ және сусындар шығаратын компания. Компания әлемнің 188 елінде табыты бизнес жүргізіп келеді. Оның бүкіл әлем бойынша қызметкерлерінің саны шамамен 275 мың адамды құрайды және олардың барлығы Nestlé мақсатымен бөліседі: өнімдердің артықшылықтарын ашу арқылы біз әркімнің өмір сүру сапасын арттырамыз — бүгін және болашақ ұрпақ үшін. Nestlé тек адамдардың ғана емес, сонымен қатар олардың сүйікті үй жануарларының өмірін жақсартуға арналған өнімдер мен қызметтердің кең ауқымын ұсынады. Компания өз қызметінде тамақтану және салауатты өмір салтын терең сараптауға негізделген стратегияны басшылыққа алады. Nestlé штаб-пәтері 150 жылдан астам уақыт бұрын компанияның тарихы басталған Веве қаласында (Швейцария) орналасқан.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.