Home » Жаңалықтар » Тоғызқұмалақ күні

Тоғызқұмалақ күні

2024 жылдың қыркүйек айының
9 жұлдызы “Тоғызқұмалақ күні”
аясында V-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдай отырып, тоғызқұмалақ ойыны бойынша
Гиннес рекордын орнату үшін
Наурызбай ауданы, № 174 мектеп-гимназиясының оқушылары өз үлестерін қосты.
     

Тоғызқұмалақ – ұлтымыздың адамзат мәдени мұрасына қосқан үлесінің жарқын үлгісі. Ғасырлар бойы тоғызқұмалақ ойшылдар күш сынасатын зияткерлік ойын да, зерде, зейін, қисынды ойлауды жетілдіретін тәрбие құралы да болып келді.
Ұлы Абайдың тек өзі ойнап қоймай, маңайында мектеп қалыптастырып, жарыстар ұйымдастыруы да соның бір айғағы болса керек.
    

«Ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақты бүгінгі тарих бетінен өшірмей, келер өскелең ұрпаққа жеткізу – біздің басты парызымыз. Өзін қазақпын деп санайтын әрбір азамат тоғызқұмалақ ойынының ережесін біліп қана қоймай, оны жұртшылыққа насихаттауы тиіс.
Тоғызқұмалақ ойыны – адамға сабырлылықты, қайсар­лықты, тәуекелшілдікті, шыдам­ды­лықты, әрқашан да дұрыс шешім қабылдауды, сондай-ақ алға мақсат қоя білуді және сол мақ­­сатқа жетуді үйретеді»,- дейді мектеп директоры Маликова Арнагуль Мусразовна.
   

Қазақтың белгілі ағартушылары А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин халық ойындарының жас ұрпаққа білім берудегі тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, адамның ойы мен іс-әрекетін танып-түсінуде жастардың эстетикалық, адамгершілік ой талабының өсуіне атқаратын қызметін жоғары бағаласа, М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінің қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, денешынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды.

Шәкірттерін білім нәрімен ғана сусындатып қоймай, ұлттық ойындарымызды насихаттап, ұлттық құндылықтарымызды ұрпақ бойына сіңіруге өз үлестерін қосып жатқан
№174 мектеп-гимназиясының ұжымына сәттілік тілейміз!

BILIM AINASY,
Алматы қаласынан,
Ақерке Амангелдіқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.