Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10-тамыз Абай күні деп белгіленді.
Осыған орай, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғарғы колледжінде «Абайтану» орталығы ашылды.
Орталықтың ашылу рәсімі білім басқармасының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді.
Ашылу рәсімінде Жамбыл облыстық білім басқармасының басшысы Г.Ходжабергенова «Zoom» бағдарламасы арқылы орталықтың ашылуымен онлайн құттықтап, кемеңгер ақынның он тоғызыншы қара сөзінен үзінді оқыды. Бұдан бөлек колледждің белсенді студенттері онлайн форматта ұлы ақынның өлеңдері мен қара сөздерін оқыды.
Әдеби орталықтан ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығына қатысты көптеген мағлұматтар табуға болады. Абай өлеңдерінің әлем тілдеріндегі тәржімалары, белгілі абайтанушылардың, филологтар мен жазушылардың еңбектері, кемеңгердің шығармалары қамтылған. Ең бастысы орталық қоры үнемі жаңа басылымдармен, тың материалдармен толықтырылып отырмақ.