Жетісу облысы, Алакөл ауданы,
Жамбыл ауылы, 11 сынып оқушысы
Тұрарбек Мерей Қайратбекұлы
Сындырған соң сырлы мұң шыр айналып,
Отырушы ем түні бойы мың ойланып.
Көрер таңым мазақтап,күлкі еткендей,
Сәуле шашты терезеден шырайланып.
Кімге?
Неге?
Қайда?
Кетіп барамыз біз.
Кейде неге құр ойнаққа саламыз біз?
Дүниенің бір жылтыры көзді шалса,
Неге сонша қырыла қаламыз біз?!
Ертеден-ақ жыраулар жыр тербеген,
Тербесе де ақиқат шын тербеген.
Жол сілтесе жақсыға, дара жолға,
Біреуінің ойы бір теңселмеген!
Алаш үшін тағдырға бас ұрғасын.
Ешбір қазақ ерлігін жасырмасын,
Махамбет-ау!
Сен керексің қайта елге,
Бұл қазақтың айбаты басылғасын!
Тірісінде Хәкімді ешкім көзге ілмеген,
Надандықтан ұтылдық сөз бермеген.
Сол заманда Абай сынап кеткен қазақ,
Әлі де сол, жартас тұр, өзгермеген!
Біреу шықса шын еңбекпен танылғасын,
Көре алмаймыз, ішіміз жарылғасын.
Хәкім Абай!
Қайта бізге керексің сен,
Мына қазақ, қайта жолдан жаңылғасын!
Сан жылдар жанымызды сыр ақтарған,
Жаным дамыл таппайды сұрақтардан.
Хан Абылай!
Сен кеткелі біздің билік,
Жасын тыймай артыңнан жылап қалған!
Көкейімді тескен бір сұрақ қалған,
Асыл тасты қалай табар бұлақтардан.
Ахмет пен Ыбырай кеткеннен соң,
Біздің мектеп баяғыда-ақ құлап қалған!
Жігерленіп,жонып тұрып жыр ақтарған,
Өте білген қыл көпір сынақтардан.
Міржақыптың естілмейді енді бізге,
«Оян, қазақ!» дегені жырақтардан!
Ақтарыла алмай ішкі мұңым жатыр,
Сақтарымыз сартылдап сынып жатыр.
Батылдықпен көтеріліс бастап бермес,
Енді бізге салмақты Сырым батыр!
Қайраттылық, қайсарлық қан бар бізде,
Мың өліп,мың тірілген жан бар бізде.
Енді сынсақ, қайта ел құрып бермес,
Керей менен Жәнібек хандар бізге!
Көз алдымда көкше мылтық таңдалар,
Дегенменен, біреуі жоқ сандалар.
Бауыржан жоқ енді бізде айбатты,
Жауды көрсе қабағынан қар жауар!
Бұрын қазақ жерінде гүл солмайтын,
Ақындар бар еді ғой ер қолдайтын.
Енді бізде қайратты Мағжан да жоқ,
Өр жастарға жалынды жыр жолдайтын!
Зиялы көрсе өзге елдің құты қашар,
Ақылы мен еңбегі ұшырасар,
Әлихан Бөкейханов қайда кетті?
Қара темір қайырған, мысы басар!