Home » Мақалалар » Баланы білімге баулудағы әдістер

Баланы білімге баулудағы әдістер

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы
«Таң Шуақ» мектепке дейінгі ұйымының меңгерушісі
Нуржанова Маншук Уразкулькызы
     «Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тез қолға түседі. Шала мейір шала байқайды», — дейді Абай Құнанбаев атамыз. Әлем секунд сайын жаңарып, санамыздағы ақпараттар легі толассыз болып келеді. Елімізге сексен пайыз ақпарат шет мемлекеттерден келеді екен. Сондықтан білімі мен біліктілігі қатар дамыған, отқа салса жанбайтын, суға салса батпайтын қайратты ұрпаққа білім беру басты міндет. Баланы білімге баулудың түрлі әдіс-тәсілдерін айтуымызға болады. Соның бірнешеуін атап өтелік :
Ойын арқылы
Жігерлендіру арқылы
Кітаптарды оқыту арқылы
Түсіндіру арқылы
Менің салам мектепке дейінгі білім беру ұйымы болғандықтан 2-5 жас аралығындағы балаларға ойын арқылы түсіндіру әлдеқайда оңайырақ болып табылады. Олар үшін өте қызықты болып есептеледі.
«Ойын — балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да, көбінесе, сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тәрбиені ойын арқылы алады» — А. С. Макаренко.
     Педагогикалық ойын технологиясы – педагогикалық процесті әртүрлі педагогикалық ойындар  түрінде ұйымдастыру.
Бұл педагог қызметінің  дәйегі  бойынша: іріктеу, әзірлеу, ойындарды дайындау; балаларды ойын қызметіне қатыстыру; ойынды  қорытындылау.
Ойын технологиясының тұжырымдамалық негіздері:
Балалармен бірлескен ойын нысаны, ойын тәсілдері мен жағдайлары көмегімен, баланың қызметін ынталандыру және қызығушылығын  ояту негізінде құрылады.
Педагогикалық ойындарды іске асыру мынадай ретпен жүзеге асырылады. – дидактикалық мақсат ойын міндеттерінің түріне қойылады, білім беру әрекеті ойын ережесіне бағынады; – оқу материалы оның құралдары ретінде пайдаланылады ; дидактикалық тапсырмаларды  табысты орындау ойын нәтижесіне  байланысты.
Ойын технологиясы білім беру процесінің белгілі бір бөлігін, яғни біріктірілген жалпы мазмұнын, сипатын қамтиды.
Ойын технологиясына білім беру саласындағы интегративтік қасиеттерді қалыптастыратын дәйекті ойындар мен жаттығулар жатады. Сондай-ақ,  ойын материалы білім беру үдерісі мен оқу материалын игеру тиімділігін арттыруы қажет.
Ойын технологиясының мәні ойын-сауық  және демалыс ғана емес, егер дұрыс басшылық жасалатын болса, оқыту тәсілі; шығармашылық қызметті іске асырушы;  әдіспен емдеу; ең бастысы баланың  ортаға әлеуметтенуінің  бірінші қадамы болып табылады.
Ойынның тәрбиелік және оқыту мағынасы мынаған тәуелді:
– ойын қызметінің әдістемесін білуіне;
– ойын түрлерін  ұйымдастыру немесе  басшылық жасау кезінде педагогтың  кәсіби шеберлігіне;
– жас және жеке мүмкіндіктеріне.
Ойын — бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын ойнағанда бөлме теңіз де, ұшақ та темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар ойын кезінде тыныш отыра алмайды. Тіпті жалғыз баланың өзінде де сөйлесіп жүреді.. Сондықтан, ойын барысында тілдесім үлгісі қалыптасады.
  Бала бойына біріншіден адамгершілік турасында білімді құйып, оған деген сүйіспеншілігін оятуымыз керек. Сонымен қатар бала бойына қандай тәсіл болса да тәлім беріп, тағдыр деген тайғақта өз жолын табуға мүмкіндіктер алаңын ашып беруге тиістіміз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.