Кошанова Алтын Сартбаевна
Маңғыстау облысы,
Түпқараған ауданы,
Ақшұқыр ауылы
М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының
химия-биология пәні мұғалімі
Мақсаты: Оқушылардың салауатты өмір салты жөніндегі ұғымын кеңейту, денсаулық – адам бақытының бірінші байлығы екенін, табиғат арқылы әркім өз денсаулығының қорғаушысы екенін түсіндіру.Табиғаттың әрбір бөлшегі адамзат баласы үшін асқан байлық, қайталанбас қазынасы екенін, адам өмірінің қорғаушысы, қорғаны екенін оқушыларға ұғындыру.
Көрнекілігі: «Жасыл дәріхана» бұрышы, емдік қасиеті бар табиғи заттар, презентация, бағалау парағы.
Жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық ахуал туғызу.
1) оқушылар тапсырмаларды ала отырып, топтарға бөлінеді.
2) Кіріспе. Сыныптан тыс жұмыстың мақсатын және барысын түсіндіру.
3) Жұптық, топтық жұмыстарды оқушылар орындайды, үй тапсырмасын жарнамалайды.
4) Көрермендермен жұмыс: Орман емшісінің жасырған жұмбақтарын шешу.
ІІ. «Жасыл дәріханадағы» пайдалы кеңестер.
ІІІ. Қорытынды.
Психологиялық дайындық. Амандасу.
Амансың ба, Алтын күн!
Амансың ба, Көк аспан!
Амансың ба, Жер ана!
Амансың ба, Сен!
Жүргізуші: Денсаулық — зор байлық екенін тағы да естеріңізге саламыз. Олай болса, «Жасыл дәріханаға» жол тартайық.
1-тапсырма. Топтық жұмыс проект қорғау «Алтын сандық».
Алтын сандықта 4 түрлі емдік шөптің суреті жатады. Әр топтан топ басшысы шығып, сандықтан ұнаған суретін алып шығады. Сол сурет бойынша проект жасап, қорғайды.
Регламент: дайындыққа — 8мин, қорғауға — 3мин.
түймедақ — ромашка
бақ-бақ — одуванчик
алоэ — алоэ
жалбыз-мята
2-тапсырма: Жарнама. Регламент: әр топқа 3 минут беріледі.
1-топ: Аққайың.
2-топ: Итмұрын.
3-топ: Қарақат.
4-топ: Қарағай.
3-тапсырма: Берілген сөйлемдерді жалғастырып өз көңіл күйлеріңнің қандай болатындығын айтыңдар.
- Жайнаған гүлдерді көргенде……………….
- Сынған бұтақты көргенде…………………..
- Жарқыраған күнді көргенде………………..
- Сарғайған жапырақты көргенде…………………..
Жүргізуші: ортаға «Орман емшісін» шақырамыз.
Орман емшісі: Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар! Келе жатып сендердің емдік дәріханаларыңа кіріп, сәлемдесуді жөн көрдім. Емдік шөптер туралы көптеген мағлұмат біледі екенсіңдер. Өте қуаныштымын. Олай болса, менің де сендерге алып келген, дәрілік өсімдіктер туралы жұмбақтарым бар. Шешетін болсаңдар, білімдерің кеңейе түседі. Әрбір дұрыс жауапқа өз топтарыңа бір ұпай сыйлайсыңдар. Қане, бастайық!
Жауабын үш тілде айтамыз.
4-тапсырма: «Ол туралы не білесің» жұмбақтар шешу
1.Өзіне шап-шақ,
Киген қалпағы аппақ,
Балалар тұр қаптап.(Бақбақ
2.Саздауыт жерде өседі,
Хош иісі аңқыған,
Шипа өсімдік деседі.(Жалбыз
3.Бұтаға ілген үлпершек,
Іші нәрлі қызыл сөл,
Теріп алып үлгерсек. (Бүлдірген
4.Тілімді жапырақты
Жүрек пен бүйректі емдейді
Тәбетіңді көтеріп ,
Бас ауруын емдейді.(Аскөк
- Бұтақта ілініп тұратын
Піскенде себетте құладым(Алма
6.Ашулы қонақ бұл анық
Тонын шешсе, жыладық. (Пияз
7.Ызақор бұғып жатыр
Сақалы шығып жатыр. (Жуа
8.Өсірдім ұлпа қар
Шешуін кім табар. (Мақта
9.Өсірер тың дала
Көшірер қамбаға
Айналар ұнға да
Айналар нанға да (Бидай
Әділ қазылар алқасына сөз берейік.
Бағалау парағы бойынша багалаймыз
Қорытынды. Құрметті оқушылар, бәріміз болашақ туралы армандаймыз ба? Елбасымыздың жаркын болашаққа жасаған бағдарламасында ел болашағы – сендер, Жастар. Сондықтан еліміздің ертеңі сендердің денсаулықтарың мықты, салауатты азамат болып өссеңдер,болшақтарың жарқын, кемел болмақ деген екен. Болашаққа дені сау ұрпақ боп қадам басайық. Дені сау ұрпақ- жарқын болашақ!