Маңғыстау облысы
Түпқараған ауданы
Ақшұқыр ауылы
Ақшұқыр мектеп-лицейінің жоғары санатты,
педагог-зерттеуші
биология пәні мұғалімі
Гулмира Кужакова
Елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты мектептер түгел қашықтан оқытуға көшті. Қашықтан оқудың қиындықтарымен бірге, бірқатар артықшылықтары да барлығын жаңа тәсілге көшкен кезден бері өткен уақыт көрсетіп отыр. Мен биология пәнінің мұғалімімін. Сабақтарымда түрлі көрнекі құралдарды көбірек пайдалануға тырысамын. Ал қашықтан оқуға көшкеннен кейін сабақтарымды PowerPoint бағдарламасы арқылы слайдсабақтар түрінде ұйымдастырып жүрмін. Оның артықшылығы сол – тақырыпты ашатын түрлі суреттер мен кескіндемелерді, жазбаларды пайдалануға болады. Қашықтан оқуға байланысты өткізген бір слайдсабағымды талдап кетсем, артық болмас.
Сабақтың мазмұнын аша түсу үшін Митоздың биологиялық маңызы – хромосома санының екі еселенуі және олардың жас еншелес жасушаларға тең бөлінетіндігін атап көрсеттім. Жалпы, Митоз процесінде бір жасуша жаңа екі жасушаға бөлінуге даярлана бастаған шақта хромосомаларда таңқаларлық өзгерістер байқалады. Әр хромосома ұзын бойына екіге бөлінеді және екі бөліктің де теңбе-тең генетикалық материал алады, яғни, хромосома жиынтығы тең болады.
Оқушыларға организмдегі көбею түрлері жөнінде түсінік бере отырып, жыныссыз жолмен көбею жолына терең тоқталу және қолдан вегетативті жолмен көбейту әдісінің қажеттілігін ұғындыруға басымдық берілді. Қорыта айтақанда, Митоз – жаңа ұрпақ жасушалары арасында генетикалық материалдар тең мөлшерде бөлінетін жасушаның бөліну әдісі.
Мейоз – хромосомолар жиынтығының екі есе азаюымен аяқталатын жасушаның бөліну процесі. Мейоз нәтижесінде гаплоидты хромосомалар жиынтығы бар төрт жасуша пайда болады. Мейоз процесі үздіксіз жүретін екі кезеңнен тұратыны айшықты слайда арқылы егжей-тегжейлі түсіндірілді. Бұлардың редукциялы бөлінуі де төрт фазадан тұрады. Оқушыларға бұлардың көбею сатыларын, ерекшеліктерін және маңыздылығын таныстыру, балалардың түсінігін кеңейту ұстаз ретіндегі басты ұстанымым саналады. Слайдсабақта біршама күрделі осы тақырыпты жан-жақты ашып түсіндіру үшін кескіндемелер мен жазбаларды қолдандым.
Интерактивті тақтаны пайдалана отырып оқушылардың сабақты меңгеру, танымдық салыстыру, логикалық ойлау қабілетін арттыру бірінші кезекке шығарылды. Бұл олардың белсенділігін, ойлау, саралау, жүйелеу, тақырыптық бейімделу машықтарын молайтады. Жалпы, сабақ тақырыбы күрделі болғанымен, оқушылар жасушалар әлемінің сан-қилы табиғатын, түзілу фазалары мен профазаларын түсінуге зор қызығушылық танытқанын атап өткім келеді және үй тапсырмаларын орындауда да белсенділік көрсеткені слайдсабақтың әсерлі болғанын айғақтай түскендей.