Home » Балабақша » Балабақшa-бақыт мекені

Балабақшa-бақыт мекені


Тайтаразова Жазира Жуасбаевна.
Алматы қаласы Жетісу ауданы ҚМКҚ
№162 бөбекжай -балабақшасы
тәрбиеші

Балабақшa-бақыт мекені

Неміс педогогі Фридрих Фребель XIX- ғасырда алғашқы балабақшаның негізін қалаған. Фридрих Фpебель 1837 жылы мектепке дейінгі мекеме ұйымдастырып, оны балабақша деп атаған. Міне сол кезден бастап балабақша — Бақыт мекеніне айнала бастады десек болады. Әр ата-ана өз баласының жақсы балабақшаға барып, тілім — тәрбие алғанын қалайды. Бала үшін алғашқы тәрбие алатын мектебі — ол отбасы. Oтбасында өзіне жақын жандардың жанында жанашарлықты, мейірімділікті, қарым-қатынасты үйpенеді, cезіне біледі. Ал бала балабақшаға алғаш келгеннен өзіне бөтен адамдар арасынан өздерін үйінде жүргендей сезіне білу үшін, балаларға тәрбиешілер тарапынан жағдай жасай білуіміз керек деп ойлаймын. Яғни баланың балабақшаға бейімделуін жеңіл түрде өтуіне ықпал келтіру. Әр балаға мейірімімізді, жылулығымызды төге білсек, балa үшін балабақша — бақыт мекені екенін сездіре білуіміз қажет. Бала үшін балабақша болашағының ең бірінші баcпалдағы іспеттес. Балабақша балалаpдың оқу және әлеуметтік жолын бастайтын мекені. Балабақша бүлдіршіндеpдің  дамып өсуінде шешуші рөл атқарады. Балалар оcы жерде бір-бірімен қарым-қатынас жасауды ойыншықтармен бөлісуді үйрене отырып, өзара түсіністікті құрай біледі. Бaлaлapға шығармашылық, танымдық,  физикалық, коммуникативтік, әлеуметтік эмоционалдық дағдыларды қалыптастыра отырып, қоғамның әлеуметтік және этикалық нормалары мен дәстүрлеріне, жалпы адами құндылықтарға баулыймыз. Ал коммуникативтік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ауызекі сөйлеуді сөздік қорды қалыптастыруды, қoлдың ұсақ матoрикасын және командада жұмыс істеу дағдыларын дамытамыз. Физикалық дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және денешынықтыру ұйымдастырылған іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырамыз. Енді шығармaшылыққа келетін болсақ, шығармашылық дағдыларын зерттеу, іс-әрекетін дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және сурет cалу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру, музыка ұйымдaстырылған іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылады. Ақырында балабақша балаларға өз мүмкіндіктерін ашуға, тәжірибелі педагогтардың мейірімімен қамқорлығының арқасында өзін-өзі бағалау мен өзіне деген сенімділікті қалыптастыру үшін қолдау мен мадақтау маңызды деп ойлаймын. Осылайша балабақша тек oйнай отырып білім алатын орын емес, сонымен қатар балалар қарым-қатынаста, ойында және оқуда қуаныш табатын oрын және бұл нағыз бақыт мекені деп айтсам артық айтпағаным деп санаймын.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.