Тасимова Сания Сапаровна
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы
Хиуаз ауылы,
«Нұрбөбек» бөбекжай бақшасының сарапшы тәрбиешісі
Кіші топқа арналған қимылды ойын
Мектеп ке дейінгі балалардың жан- жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше.
Ойын — тіршіліктің нышаны еңбекке бейімделудің белгісі,дене шынықтыру мен сергудің құралы.
Ойын- халықтың баланы әдептілікке баулитын тәрбиелік құралы. Сондықтан әрбір ойынның мазмұнын түсіндіріп, қызықтырып, әдеппен тәртіппен ойнауға үйрету қажет. Ойынға тек ойын деп қарамай халықтың асыл қазынасы, бір жүйеге келтіретін тамаша тәрбие құралы деп қараған орынды. Ойын — маңызды іс. Егер біз ойынды тек көңіл көтеру үшін немесе дем алу ретінде пайдалансақ, одан ешқандай пайда болмайды. Қандай ойын болса да, ол негізгі мақсатқа жұмысалуы керек, өйіткені ойын баланы дамытады.
Мектеп ке дейінгі балаға дене тәрбиесін беруде қимылды ойындардың орны ерекше. Қимылды ойындар балалардың өздерінің білімдері мен ептіліктерін ойындардың қүбылмалы жағдайларында нақтылы қимылдық тапсырмаларды орындау үшін қолдануына мүмкіндік береді. Қимылды ойындар шартын орындаудың міндеттілігі балаларды тәртіптендіреді, еркінділікке тәрбиелейді. Қимылды ойындар бала денесінің жан-жақты дамуына ықпал еткенмен, бағдарламада олар негізгі қимыл түрлері бойынша жүйеленеді: жүру, жүгіру, еңбектеу және өрмелеу; секектену және секірулер; лақтыру және қағып алу, сондай-ақ кеңістіктегі бағдарлау ойындары.
Қимылды ойын: Доп шеңберде
Ойынның мақсаты:балаларды ересектермен бірге қимылды жеңіл ,мазмұны қарапайым қимылды ойындар ойнауға ынталандыру.
Ойынның шарты:балалар жерге дөңгеленіп отырады да допты бір- біріне домалатады. Тәрбиеші балаларға екі қолымен қалай және қай бағытқа қарай итеруді үйретеді. Баладан құрылған топта ойын қызықты да ширақ өтеді.
Қимылды ойын: «Жарылған шар»
Ойынның мақсаты: балаларды ересектермен бірге қимылдарды жеңіл, мазмұнды қарапайым қимылды ойындар ойнауға ынталандыру. Қимылдарды үйлесімді орындауға, кейбір кейіпкерлердің қарапайым әрекеттерін жеткізе білуге үйрету.
Ойынның шарты:балаларды үлкен шеңбер бойымен қатарға тұруға шақырады. Барлығы қол ұстасып тұрып,терең дем жинап, үлкен шарды үлкейтіп,ортаны аша түседі. «Шар жарылды» дегенде барлығы ортаға жиналып қалуы керек. Ойын бірнеше рет қайталанады.
Қимылды ойын: «Паровоз»
Ойынның мақсаты: Бірқалыпты, шашырап, берілген бағытта, әртүрлі қарқынмен, белгі бойынша тоқтап, бірінің соңынан бірі (20 метр дейін) шағын топқа бөлініп және бүкіл топпен жүгіру; бағытты өзгертіп, шашырап, 30-40 секунд бойына тоқтамай жүгіру, жүруден жүгіруге және керісінше ауысу.
Ойынның шарты:Балалар тәрбиешінің соңынан бір қатарға тізіліп тұрады. Тәрбиешінің белгісі бойынша олар пойыз вагондарын бейнелеп, тізбектеліп, әр бағытта, әр түрлі қарқынмен жүреді.
Қимылды ойын: «Ұшты ұшты»
Ойынның мақсаты:Ненің ұшатынын,ненің ұшпайтының ,аңғарымпаздыққа тәрбиелейді.
Ойынның мазмұны:Ойынды үй ішінде де сыртта да ойнауға болады. Ойынға қатысушыларға бастаушының сөзін қалт жібермей бағып отыру шарт. Ұшатын құс не зат айытылса қолдарын жоғары көтеріледі де, ұшпайтын зат айтылса тырп етпей отырады. Қателескен бала айып тартып тақпақ айтады.
Не ән салады. Екі рет жанылса айып шарты ұлғая түседі. Бастаушы ойынды былай жүргізеді.
Ұшты ұшты сұңғар ұшты («қол көтереді)
Ұшты ұшты машина ұшты (қол көтермейді)
Осылайша жүргізілген ойында жаңылмаған ойыншы женеді.
Қимылды ойын:Ақ қоян
Ойынның мақсаты:балаларды жылдамдыққа ,ептілікке баулу.
Ойынның мазмұны:Балалар шеңбер жасап ортада қоян болып отырады. Шеңбердегі балалар қоянды айнала жүгіріп тақпақ айтады
Ақ қоян ау ақ қоян,
Орныңнан тұрсаңшы
Шашыңды тарасаңшы
Бетіңді жусаншы
Әй әй көйлек кисеңші
Біреудің қолын үзсеңші
Дегенде қоян болған бала тақпақтағы айтылған қимылды түгел істеп өлең бітісімен жүгіріп шеңберді барып бұзуға тырысады. Егер бала шеңберді үзсе өзі шеңберге қосылып тұрады да үзілген жердегі оң жақтағы бала қоян болады.
Қимылды ойын: Күн мен жаңбыр
Ойынның шарты:Балалар ашық алаңда еркін ойнап жүреді,гүл тереді,көбелек қуады ,секіреді жүгіреді. «Жаңбыр жауды!» дегенде балалар пана іздеп, үйшіктерге тығылады. «Күн шықты!» дегенде балалар қайта алаңға шығып ойындарын жалғастыра береді
Қимылдық ойынның нәтижесінде бала белгілі сигналға үйреніп. ойын ережесіне бағынады. Бұл оның жан- жағындағы оқиғаға мән беріп қарауына, төзімді болуына, тәртіпті сақтауына септігін тигізеді.
Қимыл-қозғалыс ойындары — бұл баланың тапқырлық, ептілік және жігерлі қасиеттерін дамытудың таптырмас құралы болып табылады. Ойын барысында бар дағдыларды дамыту, оларды шоғырландыру, жетілдіру ғана емес, сонымен бірге баланың тұлға ретіндегі жаңа қасиеттерін қалыптастыруға да септігін тигізеді.
Қимыл-қозғалыс ойындары баланың денсаулығына жағымды әсер етеді. Баланы ерте жастан белсенділікке, ептілікке дағдыландырады. Сонымен қатар ойындардың нәтижесінде олардың дене шынықтыру мен спортта маңызды болатын әрекеттерге қабілеттері, ептіліктері артады.