Түркістан облысы Мақтарал ауданы
А.Қалыбеков ауылдық округі
«Кенжебай Ата-Шаңырақ» б/б тәрбиешісі
Муратова Арайлым Каракаевна
МДҰ мектеп алды топтары үшін оқу кезеңі маңызды сәт болып саналады.Ел бойынша каронавирустық ифекцияның таралуын болдырмауға бағытталған іс-шаралар әзірленіп,шаралар қабылданып жатқан кезеңде балалар балабақша қабырғасында немесе дайындық сыныптарында оқи алмайды. «actualis: Білім беру» электронды жүйесінің сарапшылары іс-әрекеттер алгоритімін дайындады, соның нәтижесінде Мектеп жасына дейінгі балаларды қашықтықтан оқыту жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Осы орайда Түркістан облысы Мақтаарал ауданы А. Қалыбеков ауылдық округінің «Кенжебай Ата-Шаңырақ» б/б ұжымыда басшылармен бірлесе отырып қашықтықтан оқыту бағдарламасына көшті.Елімізге келген бұл жаман індет барлығымызғада қатерлі ел болып бұл жаман індетті жеңу үшін,үйде отырып қашықтықтан оқытуға кірістік. Басында тәрбиешілер арасында біз балаларды қашықтықтан қалай оқытамыз?- деген сұрақ туындады бұл жасырын емес ауылдық жерлерде интернет мәселесі сияқты.Осы орайда ата-аналарға ерекше алғысымды білдіргім келеді осындай қиыншылықтарға қарамастан балаларының білім алуына ат салысып белсенділік көрсеткендері үшін. «Кенжебай Ата-Шаңырақ»б/б меңгерушісі Б. Тулеметова тәрбиешілерге карантин уақытында мектеп жасына дейінгі балалар үшін қашықтықтан оқытуды дұрыс ұйымдастыруы тиіс екендігін айтты.Ол үшін дайындық кезеңін өткізді
Оқу процесінің барлық қатысушыларына (оқушылар мен тәрбиеленушілердің ата-аналары, сондай-ақ заңды өкілдері) мектеп жасына дейінгі балалар қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың қай кезеңде екенін айтты. Сабақ басталатын күнді міндетті түрде алдын ала хабарлады. Тәрбиешілерге бір апталық сабақ сағаттары берілді.Осы сағат сандарына байланысты тәрбиеші апайларымыз бейне сабақтар дайындады. Әртүрлі көрнекі құралдарды қолдана отырып, оқу материалын, Дидактикалық ойындар арқылы сабақ өтті.Тәрбиешілер ата-аналармен тығыз байланыста болды.Қауіпсіздік ережерін таныстырып отырды.Карантин уақытында тәрбиешілер өз білімдерінде жетілдіруді ұмытпады. «Үздік тәрбиеші», «Darin.Online», «Instagram» сайтында жүріп жатқан бейне жазба байқауларына қатысып жетістіктерге жете білді.
Сөзімді қорытындылай келе,осы 2ай көлемінде дәрігерлер мен полиция қызметкерлері сияқты ұстаздар қауымы да ерен ерлік көрсетті.Алдағы уақытта балабақшамызға оралып балалармен қауышамыз деген ойдамын.