Home » Мақалалар » Қашықтан оқыту

Қашықтан оқыту

Короновирус ауру түрінің жаһандық ауқымда таралуы салдарынан үйден шығуға тыйым салынды. Білім саласы осы тыйымға қарамастан оқушылар мен студенттердің алып жатқан білімін тоқтатпай, қашықтан оқытуды аяқтауымызға баса назар аударды.

Індет басталардың алғашқы күндерінен-ақ, ҚР Білім және Ғылым министрлігі өскелең ұрпақтың терең әрі сапалы білім алуын жалғастыруды бірден қолға алып, қашықтан оқытудың тиімді әдістерін жасап, Республика көлемінде теледидар арқылы сабақтар дайындап, ұялы телефонда арнайы сабақ өтуге арналған бағдарламаларды ұсынды. Шәкірттерімізбен бірге болуда өте ыңғайлы әрі жеңіл байланыс орнады. Оқушымен байланысты үзбей, білім беруді жалғастырып келеміз. Осы орайда, өзім қызмет етіп жүрген білім ордасы №162 мектеп-гимназия басшысы С.Т.Мурзатаева, оқу ісінің меңгерушілері – А.С.Абселемова, Н.А.Қыдырбековнаға ризашылығымды білдіргім келеді. Себебі, қашықтан оқытуды ұйымдастыру ісінде мұғалім мен шәкірт арасындағы байланыс орнап, бір қалыпқа түсіп, өз деңгейіне жеткенше, күнделікті түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, демалыс күндерімен санаспай, күн демей, аянбай еңбек етті.

Жасап жатқан еңбектеріңіз әрқашан да еленіп, білімді ұрпақтың қалыптасуына зор ықпалдарыңыз тиіп, қажырлы, қайратты боп жүре беріңіздер дегім келеді!

    №162 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалім Қайрзаева Жұлдыз Саламатовна

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.