«№102 ЖББМ» КММ қазақ тілі пәнінің
мұғалімі Канатова Акмарал Бауржановна
«Адамның әуелден тоқымашы немесе хатшы болып тумайтыны сияқты, қайырылымдылық пен жаман қылықтылық та адамға әуел бастан жаратылысынан дарымайды»,- деп Әбу Насыр Әл-Фараби немесе хакім Абай Құнанбаевтың «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады». Айтылған дана сөздерден ой түйіндейтін болсақ адамның қандай болып өсері, бойындағы адамгершіліктің көрініс табуы тікелей адамның өзіне, қоршаған ортасына байланысты.
Қайырымдылық – мұқтаж жандарға көрсетілер нақты көмек, ізгіліктің анық көрінісі, адамның асыл қасиеті. Кіснің айналасындағы адамдарға танылатын тамаша қыры да қаншалықты қайырымды екендігінен байқалады.
Адам ұрпағына қайырымдылқты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Алайда мың құбылған дүниеде табысын біреумен бөліспек түгілі өз басын асырай алмай жүргендер де баршылық. Дегенмен, олардың терістеу тірлігінен гөрі, жақсылардың шарапаты өмірдің өзін әдемі көрсетеді. Жүрегінде иманы бар жұрт қолынан келгенше қасиетті парыздың бірін қайырымдылық деп біледі.
«Бес нәрсенің қадірін біл. Олар: өлімнен алдын өмірдің, ауру келмей денсаулықтың, әурешіліктен бұрын бос уақыттың, зағиптықтан бұрын жастықтың, кембағалшылықтан бұрын байлықтың қадірін біл» деген.
Аста-төк болмаса да азын-аулақ табысының өзін өзгелермен бөлісіп жүретін жаз дидарлы жандарды көргенде, жүрегің жібіп сала береді. Сауапты істің сан соқтырмайтынын білетін елдің бір бөлігі қолындағы барын бөлісіп келеді.
Олай болса, рақымды, мейірімді, жан жылуы мол азаматтарға, Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті, Жетісу аудандық Білім бөлімінің басшысы Салтанат Амангелдіқызы ұсынған жаздық киім-кешек Алматы қаласы Жетісу ауданына № 102 жалпы білім беретін мектебінің көпбалалы, аз қамтылған отбасыларына үлестірілді. Қазақ халқы үнемі қамқорлық танытқан жанға ыстық ықыласын білдіруден аянбайды. Мектебіміздің ата-аналары экономикалық тергеу департаменті ұжымына және Жетісу аудандық білім бөлімінің басшысы С. А. Кусаиноваға, Жетісу аудандық білім бөлімінің мамандарына осындай ізгі істері үшін ризашылықтарын білдіреді.
Мұның бәрін тілге тиек етіп отырған себебіміз, осы өмірде қандай да бір игілікті, қайырымды істеріміздің сыйы – біздің бақытты болашағымыз, мейірімді де, сыпайы шәкірттеріміз. Жақсылықтың қайтарымы көп болады.