Исабаев Смайл
(1906ж -12.05.1986ж)
Қазақ елінің қасиетін өз бойына дарыта алған, туған ұлтын шексіз сүйіп, терең қадір тұтқан халқымыздың қаһарман ұлдарының саны аз емес. Сол қаһармандар қатарынада менің атам да бар еді. Менің атам – Исабаев Смайл 1906 жылы Жамбыл облысы, Сарысу ауданында дүниеге келген.
1942 жылдың 28 маусымынан бастап Қызыл Армия қатарына қосылып, Калинин майданында №629/155 атқыштар полкінде атқыш болған. Туған еліне, жеріне Отанына деген сүйіспеншілігі, батырлығы мен қайсарлығының арқасында аянбай ерлік көрсеткен.
Атамның айтуынша, Венгрия, Руминия жерлерін азат етуде жауға қарсы кескілескен ұрыс даласында алға қарай ентелей жүгірген атам, жасырылған минаны басып өткен, сол сәтте жарылған минадан сол жақ аяғынан ауыр жарақат алған. Қар жастанып, мұз төсенген отты жылдарда 7 рет жеңіл, 1 рет ауыр жарақат алғанына қарамастан 1945 жылдың 9 мамыр Жеңіс күні туғанша қан майданда ерлік көрсеткен.
Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін
Медаль «За отвагу» 30.08.1943г
«Орден Отечественной войны II степени» 06.04.1985г марапатталған.
«Ерлік — елге мұра, ұрпаққа — үлгі» бабаларымыздың әрбір жүріп өткен жолы — біз үшін үлгі, шежіре, тарих. «Ел ерімен еңселі», «Елім» деп еңіреп туған ерлердің есімі еш уақытта ұмытылмайтыны ақиқат.
Бейбітшілік таңы үшін ерлік көрсеткен қаһарман ерлеріміздің ерлігі ЕШҚАШАНДА ұмытылмақ емес!
Сілтемелер: https://pamyat-naroda.ru/heroes/
Алматы қаласы
Жетісу ауданы
№102 ЖББМ тарих пәнінің мұғалімі
Исабаева М.Б.