Home » Мақалалар » Инклюзивти оқыту

Инклюзивти оқыту

Мұнайлы ауданы
№13 мектеп-гимназиясы
Дефектолог  мұғалім
Орунбасарова Күмісай Сатбергеновна

,,… мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек  көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймақа айналуға тиіс-бұл өзіміздің  және қоғам алдындағы біздің  парызымыз.

Н.Ә.Назарбаев

Инклюзив-сөзі латын тілінен аударғанда “Өзімді қосқанда ” ал,ағылшын тілінен аударғанда “араластырамын” деген мағынаны білдіреді жалпы даму мүмкіндігі шектеулі балаларды  қалыпты балалармен бірге білім беру, яғни, адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады.

Ал енді осы инклюзивті оқыту үшін зейінін, есте сақтауы ойлауы, сөйлеу ерекшеліктері , өзін-өзі бағалауы, ерік-жігері, психомоторлық  жағдайы, әлеуметтік – тұрмыстық жағдайы басты назарда болуы тиіс.

Инклюзивті білім беру жағдайында бастауыш сынып оқушыларын мектепке бейімдеу үдерісін  ғылыми-тәжрибелік тұрғыда негіздей отырып, ізгіліктік  демократия, мәдениетілікке сәйкестіке табиғатқа сәйкестәк тұлғалық бағдарлы етіп ала отырып, мотивациялық компнентті басшылықта ұстау.

Сонымен бірге, іс-әрекет шараларын ұйымдастыруда педагогика-психологиялық сүйемелдеуді ұйымдастыра отырып, ерекше қажеттілігі бар балалардың дамуындағы ерекшеліктерді анықтау мақсатында диагностикалық үдерісті ұйымдастыру, арнайы сыныптарда жүргізілетін пәндер бойынша бағдарламалар құру және білім үдерісі субъектілерімен қарым-қатынасын жақсартуда аса зор көңіл бөлу, қоғамдастық денгейде инклюзивті білім берудің идеяларын кеңімен тарату, ягни стенд, газет шығару т.с.с .

Осы орайда ата-анларға психологиялық- педагогикалық  кеңес беруін де айта кеткен жөн. Демек, ата-анада психолог-педагогтың қолдауын ауадай қажет етеді . Ол үшін әрине, әртүрлі тренингтер өткізіп, әнгімелесу, жеке кеңес берілуі қажет. Бір сөзбен айтқанда дені сау балалармен бірге өмір сүруде, еңбекке араластыруда қатарынан қалдырмау кез келген ата-ананың міндеті.

Ал енді сол жүрегінің бір бөлшегі сәби, перзентін ешкімнен кем қылмау үшін ата-анаға төзім, күш-қайрат, ерік жігерді қажет етеді. Бұл бір өз алдына көзге көрінгісіз еңбек міне, осы жерде ата-ананың өзіне рух бере, бағыт –бағдар көрсетер, жылы лебізімен  шуақ шашар ұстаздар арасындағы тығыз байланыс ерең еңбектің жеңісі,  жемісі болмақ!

Инклюзивти оқыту

Инклюзивті бағыт жағдайында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуда жетістікке жетуге жақсы өмір сүруіне ықпал етудегі ұстаздардың атқарар рөлі ерекше. Балалардың толыққанды  өмір сүруіне көмектесу және жеке тұлғаның қасиеттерін жан-жақты дамыту міндеті жүктелген . Ол рас, ата-анаға таптырмас көмек.

Инклюзивті білім беру –барлық балаларды жалпы білім үдерісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарай балаларды айыратын кедергілерді жоюға ата-аналарға көмегі ерекше. Бұл қоршаған ортаның  балаларды жас ерекшеліктеріне және қажетілікттеріне бейімдеуіне жағдай жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді.

Инклюзивті бар балалар дегеніміз дені сау балалармен бірге оқуда өзге балалардың олардың қиындығын көре отырып, қиыншылығы мен қуанышы мол өмірде өзі қатарлы балалардың қиналысын көріп, аз да болса, өмірді бағалауды үйрену десек, артық айтқандық болмас.

Сонымен каттар, инклюзивті білім беруде қоғамның мүгедектік мәселелерін түсінуі, өз-өзіне сенімді болу, құрдастарымен қарым-қатынаста болу, толыққанды білім  алу қоғам өміріне бейімдеу және кіріктіру, мүгедек емес балалардың қайрымдылық және түсінушілік қасиеттерін   тәрбиелеу.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.