Home » Мақалалар » ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ

Қашықтықтан білім беріп біз бастадық,
Болашаққа жарқын бір із тастадық.
2003те басталған бұл жүйені,
Карантинде ұстаздар біз қоштадық.
Интернет Технология бұл заманда,
Жетісіп, дамып кетсек ол жаман ба?
Уақытыңды үнемдеп үйренесің,
Электронды оқулық көп бұл ғаламда.
Балалар жүйрік екен заманында,
Үйренген ғой жаңа ғасыр талабына.
Интернеттен бақылайтын бар әлемді,
Роботтар басқаратын заман мұнда.
Ұстаздарда программаны меңгеруде,
Білмей қалу ұят қой кем көруге.
Видеома, қойылымба бар сабақты,
Жүйеге сап үлгеріп теңгеруде.
Мектеп еду құлағында ойнап жүрміз,
Сабақты балалардан сұрап тұрмыз.
Керек десең БЖБ, ТЖБны,
Уақытымен үйретіп, біз ап жүрміз.
Бұл жүйені арнайы оқытып жүр,
Ұстаздарды қыр-сырына тоқытып жүр.
Универмен колледждегі системаны,
Мектепте карантинде қолданып тұр.
Оқушылар ұстаздарын сағынды,
Ватсаптан сан видеолар ағылды.
Ұстаздарда шәкірттерін еске алып,
Мектепті ойлап сансыз ойдан арылды.
Білім жолы әрқашанда ұлы жол,
Талап етер терең оймен еңбек ол.
Инеменен құдықты бір қазғандай,
Жалқаулармен шыдамсызға болмас қол.
Толжанова Римма,
Ақтау қаласы
#23 мектеп ағылшын тілі пәні мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.