Маңғыстау облысы,
Жаңаөзен қаласы
№15 орта мектеп
информатика пәні мұғалімі
Есполаева Гулжазира Суйеубердиевна
Біздің қазақ халқы — батыр халық. Батырлықтың нәтижесінде әлемде болып жатқан індетті бірлесе жеңуге әрекет жасап, жан-жақты бағытта пайдалы әрекет жасауда. Соның бірі- оқушыларды қашықтықтан оқу жүйесінде білімдерін жетілдіру. Әрине, бұл орайда ұстаздар қауымының атқарып жатқан еңбектері ұшан-теңіз. Елімізде жаңадан қалыптасып келе жатқан қашықтықтан оқыту негізінде оқушылар мен ата-аналар үшін ең тиімді платформалар: You Tube, BilimLand, WhatsApp желісі және Daryn Online.
Whatsapp желісі арқылы оқушылармен күнделікті тығыз байланыста отырамыз. Күнделікті тапсырмаларды , тіпті You Tube каналы арқылы алатын видео сабақтарының сілтемесін осы Whatsapp желісі арқылы жіберіп отырамыз.
BilimLand – мектеп оқушыларына арналған онлайн білім беру порталы. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде мектеп бағдарламасы бойынша жасалған 40 000-нан астам интерактивті сабақ бар. Тағы бір артықшылығы, мұғалімдерге арналған мыңнан аса көрнекі құрал ұсынады.
Қашықтықтан оқытудың да ұтымды тұстары кездесіп жатады. Яғни, ұстаздар мен оқушылар электрондық технологияларды игеріп, білім алу жолында дамып жетілуде.
Ұстаздарға білім беру жүйесіндегі жүктелген жауапкершілік ата-анаға жүктелуде. Жұмыстан босамайтын ата-аналар әлемде тараған күрделі жағдайға байланысты балаларына көңіл бөліп, бірге сабақтарына қарауда.
Сондай-ақ мектеп қабырғасындағы сабақ кестесіндей емес, тәуелділік жоқ, сабақ барысындағыдай 40 минутта сабақты аяқтап тастамаймыз. Тәулік бойына интернет желілері арқылы оқушылармен байланыста отырмыз.
Алайда, оқушылармен бетпе-бет отырып, дәстүрлі сабақ өтетінімізге жетпейтіні белгілі. Бәрі де уақытша екенін білеміз, ендеше қашықтықтан оқыту да уақытша. «Сабыр түбі-сары алтын» Сабырлық танытып, әр қадамымызды аңдап бассақ алда талай белестерді бағындыратын боламыз!