Әлімжан Қаншайым Орынбекқызы
Түркістан облысы
Ордабасы ауданы,
Жеңіс ауылы,
Ө.Тұрманжанов атындағы жалпы орта мектебінің
Көркем еңбек пәнінің мұғалімі
Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға. ХХІ ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар, күрделі экономиялық реформалар көріністерімен ерекшеленеді. Сол кезеңге сай интеллектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты тәрбиелеу – әрбір ұстаздың міндеті. Ұстаз – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Оның негізгі басты мақсаты – рухани бай, ізденімпаз, адамгершілігі мол жаңа заман адамын қалыптастыру болып табылады. Осы тұста мен білім алып жатқан болашақ маман – шәкірттерімнің болашағына үлкен сеніммен қараймын. Менің шәкірттерім заманауи технологиялар заманында осы қоғамға сай өмір сүре алатын білімді де, білікті, елін, жерін, мамандығын сүйетін, адамдарға ізгілік жасайтын, маман болып шығуы керек. Биыл мен жетекшілік еткен сыныбым мектеп қабырғасынан аттағалы отыр. Әне-міне дегенше тарыдай болып кірген білім ордаларыңнан таудай болып қанат қағып ұшып бара жатырсыңдар! Құрсағымнан шықпасада, құшағымнан шыққан оқушыларыма айтарым Қанаттарың талмасын! Ақ Жол тілеймін! Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты .
Қырандай күшті қанатты!
Мен жастарға сенемін.
Мағжан Жұмабевтың бұл өлең жолдары егемен елдің ертеңгі болашағы жастарға деген сеніммінің мол екенінің айқын дәлелі. Жастар-елдің ертеңі. Ендеше, жас түлек әрбір Қазақстан азаматы ертеңіне үлкен сеніммен қарайтынын ескеріп, егемен еліміздің ертеңгі үмітін ақтауға бар күш жігерін салады деген сенімім мол.