Home » Мақалалар » Қашықтан оқыту-заман талабы

Қашықтан оқыту-заман талабы

Маңғыстау облысы,Мұнайлы ауданы
«№13 мектеп-гимназия»КММ
Бастауыш сынып мұғалімі:
Джанкелова Жанар Ходжахметовна

     Қашықтан оқыту технологиясын қолдана отырып білім берудің мақсаты: сапалы білім беру қызметін алуда азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейту; олардың білім қажеттіліктерін тұрғылықты жеріне, әлеуметтік жағдайына, жасына, денсаулығына және өмірдің тағы басқа себептеріне қарамастан қамтамасыз ету.

   2019/2020 оқу жылының төртінші тоқсандағы сабақ басталды. Тек оқушылар сөмкесін асынып мектепке барған жоқ. Қолда бар гаджетке үңіліп, одан қалса телеарнаға жүгініп, білім алуды жалғастыруда.

Елімізде коронавирус індетінің таралуына байланысты төтенше жағдай енгізіліп, мектеп оқушылары тоқсандық каникулға бір апта ерте шыққан еді. Алайда, оған біздегі мектептер мен оқушылар дайын ба? Облыс, қала орталықтарында мүмкіндік бар шығар, ал шалғайдағы елді мекен мектептері қайтпек? Қалай болғанда да, бұл – лажсыздықтан қабылданған шешім. Дәл қазір онлайн немесе қашықтан білім беруге сақадай-саймыз ба, жоқ па деген сауалдың да басы артық. Егер бұл тәжірибеге бейбіт заманда көшсек, онда күрмеуі шешілмеген мәселенің бар екені талай уақытқа дейін айтылып, кейінге шегеріле берер еді. Ол – көптеген ауылды аймаққа интернеттің жетпегені, кейбір мектептердің толықтай компьютерленбегені, тағысын тағы. Ал біз тап қазір осы жолды таңдауға мәжбүр болдық.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, аз уақытта жұмыс тобы құрылып, мамандар жаңа форматтағы білім жүйесінің моделін жасады. “Індет кезеңінде оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша уақытша шаралар енгізген көршілес елдердің тәжірибесі, халықаралық тәжірибе зерделенді. Мұғалімдер балаларды жаңаша оқытуға дайындалуда. Оқушылар үшін 2 мыңнан астам телесабақ әзірленіп көрсетілуде.

Бұл оқыту технологиясы білім берудің ортасында тұратын оқыту жүйесін құру мүмкіндігін берді. Бұл жүйеде мұғалім оқушының жұмыстарын, жеке қызығушылықтары мен сұраныстарын ескерді. Білім беру жүйесінің ортасында оқушы тұратынын ескерсек, оқыту жүйесі тұтасымен өзгерді. Мұғалім оқушыға арналған өзіндік жұмыстарды, тәрбиеге қатысты жұмыстарды  да ұйымдастыруда.. Қашықтан оқыту технологиясын қолдану да мұғалімнің рөлі арта түсуде және өзгеруде.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.