Жалпы қашықтан оқу дегенді қалай түсінеміз? Қашықтан оқыту — бұл педагог пен оқушылар арасындағы сабақты ұйымдастыру үшін қолданылатын және ақпараттық технологияларды тиімді пайдалануға негізделген оқытудың жаңа формасы. Қашықтан оқытуда екі компонент бар. Қашықтықтан сабақ өтуді ұйымдастыру және оқушылар өз бетімен білім алу.
Елімізде төтенше жағдай жариялануына байланысты мектептеріміз қашықтан оқытуға көшті. Бұл жағдай оқушылар мен ұстаздарға ғана емес, ата-аналар қауымының көңіліне үрей ұялатқаны рас. Жасыратыны жоқ, бірінші күндері қашықтан оқытуда қобалжып, таңырқадық. Себебі бұл елімізде бұрын болмаған тосын жай.
Біз оқушылардың қызығушылықтарын арттыру үшін түрлі әдіс тәсілдерді тиімді қолданып, сабақты түрлендіріп өткізудеміз. Сапалы білім, мақсаты мен міндеті айқын, түсінікті сабақтар арқылы оқушылардың жүрегіне жол табудамыз.
Осындай қиын қыстау кезеңдерде оқушылардың сапасын түсірмеу үшін мұғалімдерге жауапты міндет жүктеліп отыр. Ең алдымен мұғалім оқулықтағы тақырыптар мен тапсырмаларды қашықтықтан білім беру жүйесіне сай дайындайды. Whatsapp желісі арқылы оқу үрдісін қадағалап, оқушыларға бағыт бағдар беріп, ұсыныстар айтады. Сабақ барысында оқушыларды қызықтырып, мотивация бере отырып, ойдағыдай нәтижеге қол жеткіземіз деп ойлаймыз.
Бейнесабақтар республикалық «Балапан» және «Ел арна» арналарынан көрсетілген пәндер бойынша сабақтарды Whatsapp желісіндегі чаттарда кері байланысты кез келген уақытта жасай алады.
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жүйесі мұғалім мен мұғалім арасында тәжірибе алмасса, оқушылар өзара сабаққа қатысты кез келген материалдар мен ақпараттарды талқылайды. Мұғалім сабаққа байланысты ресурстар, әр түрлі тапсырмалар мен слайдтарды, тест тапсырмаларын пайдаланады.
«Бірлік бар жерде, тірлік бар», демекші осы қашықтықтан өтіліп жатқан сабақтардың барлығы мұғалімдер мен оқушылар, ата-аналар бірлігі деп білемін.
Осындай бірліктің арқасында алдағы оқу жылын алтын ұя мектебімізде аман- есен бастаймыз деген сенімдемін.
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
№9 жалпы білім беру орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Әбдухалова Гулжан Асенқызы.