Шарипжанова Аққанат Мергеновна
Астана қаласы әкімдігінің
№36 «Балапан» балабақшасы тәрбиеші
«Ұсақ моторика- тіл дамытудың негізгі тірегі»
Аңдатпа
Бұл мақалада мектепке дейінгі балалардың ұсақ моторикасын дамыту мәселесі жан-жақты қарастырылған және ұсақ саусақ моторикасын дамытуға арналған саусақ ойындары мен жаттығулары аталған. Балалардың әр түрлі материалдарды пайдалану арқылы қол моторикасын дамыту ерекшеліктері, теориялық және тәжірибелік тұрғыдағы тұтастығы басшылыққа алынды. Ұсақ моторика қолдың ептілігіне, әрі қарай қалыптасатын қолжазбаға, баланың реакциясының жылдамдығына тікелей әсер етеді, логикалық ойлай алады, жады, концентрациясы,қиялымен қоса байланыстырып сөйлеуі қалыптасады.
Кілт сөздер: Таным іскерлігі, саусақ ойындары, қозғалысы арбиған ,сенсомоторикалық даму, пассивті, түзету-дамыту, активті, саусақ жаттығулары, маңызы зор, әсер етеді.
Баланың сөйлеу тілі мектепке дейінгі кезеңде қарқынды дамуы қажет. Бұл кезеңде баланың ағзасындағы барлық бөліктер мен жүйелердің дамуы, баланың ойлау қабілетіне қажетті таным іскерлігі [1] артады. Қазіргі кезде балалар арасында сөйлеу тілінің бұзылуы жиі кездесетін болды. Сөйлеу тілінің бұзылуына әсер ететін бірінші фактор саусақтың ұсақ моторикаларында ауытқушылықтың болуы. Себебі адам ағзасының белсенді нүктелері қол саусағында орналасқан.
Саусақ ойындары [2] арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс- қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді. Бала моторлық қызметінің жақсарған кезінде өзін кез келген жағдайда, кез келген ортада жайлы сезінетінін түсінеді.
Л.В. Занков, А.Р. Лурия, М.С. Певзнер, Г.Е. Сухарева және басқа мамандар ұсақ моторикасын дамытудағы ақаулары ақыл-ой мешеулікке тән белгілері деп санайды. Осы мамандар мектеп жасындағы ақыл-ойы кем балаларда қол саусақтарының қозғалысы арбиған [3], келісімді емес, олардың нақтылығы мен қарқыны бұзылған деп атап көрсетеді. Л.В. Антакова-Фомина, М.М. Кольцова, Б.И. Пинскийлердің өткізілген зерттеулерінің мәліметтері бойынша ақыл-ой дамуы мен саусақтар моторикасының байланысы расталды. Балалардың сөйлеуін дамыту деңгейі қолының жіңішке қозғалысын қалыптасу дәрежесімен тікелей байланысты.
Кемеңгер ғалым, педагогиканың атасы В.А.Сухомлинский «Бала қабілетінің қайнар көзі- оның саусақтарының ұшында» деген екен, яғни бұл қағиданы біз мектепке дейінгі тәрбиелеуде, саусақтардың ұсақ моторикасы әдісін қолдана отырып, баланың сөйлеуге деген талпынысы мен қабілетін дамытуға мүмкіндік береміз.
Балабақшадағы бүлдіршіндердің ұсақ қол моторикасын дамытуға қойылатын міңдеттер:
Мектепке дейінгі баланың психикасының қалыптасуы аса құнды және ерекше маңызды кезең ретінде қарастырылады. Осы кезеңде баланың ақыл-ой мен қызметінің мәдени формаларымен қоршаған ортаны тануда адамға тән әдіс тәсілдерімен меңгереді; оның ойлаумен қатар жалпы және ұсақ моторикасы қарқынды дамиды. Сенсомоторикалық даму [4] бала дамуының жетекші факторының бірі болып табылады. Мектепке дейінгі балалардың ұсақ моторикасын дамыту мәселесі тым өзекті, өйткені іс – әрекет жасау кезіндегі дәлдігі мен қозғалыс және икемділікті үйлестіруді жетілдіру, қол саусақтарының ұсақ моторикасын түзету. Қолдың саусақтары мен білезігінің ұсақ моторикасын дамыту мен жетілдіру, орталық жүйке жүйесін, барлық психологиялық процестерін, сөйлеуді дамытудың басты ынталандыру болып табылады. Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын бала туылған кезден бастау керек. Кішкентай сәбидің қолына массаж жасау арқылы біз алақандағы ми қыртыстарының жұмысын жақсартатын аймақтарды басамыз. Ерекше оқытуды қажет ететін балалардың сөздік қорларын дамытуда, қызығушылықтарын арттыруда ойындарды, тапсырма — жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді.
Ойын арқылы «ерекше» балалардың ауыз екі сөйлеуі дамып, қарым-қатынас жасау, еркін де сенімді араласу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл- ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді. Мысалға алатын, ойындардың бірі – саусақ ойыны. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады. Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғауларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету-тәрбие[5] жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.
Саусақ жаттығулары: пассивті [6]: (сипау, діріл, уқалау.) және активті [7]: (дауыстың сүйемелдеуімен-түрлі тақпақпен, көрініспен т.б сүйемелдеу, сүйемелдеусіз) болып бөлінеді. Балалардың сөйлеу құзыреттілігі дұрыс және сөздік қоры бай болса, оларға өз ойын жеткізу оңайға түседі, қоршаған ортаны танудағы мүмкіндіктері кеңейеді, психологиялық дамуында белсеніс күшейеді. Сондықтан баланың сөйлеу құзыреттілігін қалыптастыруды уақытылы қолға ала отырып, анық әрі дұрыс сөйлеуін қадағалау керек. Балалардың сөйлеу құзыреттілігінің дұрыс өз деңгейінде жетілуі, оның ата-аналарын да, тәрбиешілерін де толғандыру қажет.
Ұсақ саусақ моторикасын дамытудың маңызды бөлігі − саусақ жаттығулары. Саусақ жаттығулары [8] эмоционалды, балабақшада және үйде, кез-келген бос уақытта өткізуге болады. Олар қызықты, баланың тілінің, шығармашылық қабілетінің дамуына әсер етеді. Балалар саусақ жаттығуларын үлкендердің артынан қайталағанда, саусақ моторикасын дамытады. Сол арқылы қол шапшандығы дамиды, өз қимылдарын басқаруы, белгілі іс-әрекетке зейіні тұрақтанады. Тіл дамыту жұмысы қол арқылы жүру тиіс. Сонда ғана – неғұрлым үлкен жаттығу болады. Балаға тапсырмалар қызықты болу керек. Баланың қол еңбегін арттыру үшін не істеу керек:
- қолмен ермексазды жұмсарту;
- алақандарымызды жұмып ойын ойнау (таңертең тұрдық – ашылу, кешке ұйықтадық — жабылдық);
- екі қолдың саусақтарымен «Жүру» үстелмен, алдымен ақырын, біресе ұрланып, содан кейін тез жүгіріп келуі. Жаттығу алдымен оң қолмен, содан кейін сол қолмен жасалады;
- ауада саусақпен сурет салу; — қолдың басымен қолшам жасау;
- түймелерді тағып- ағыту, бауды байлау, құлыпты ашып – жабу т.б.;
- қақпақтарды жабу, механикалық ойыншықтарды кілтпен жүргізу;
- бұрандалар мен сомындарды бұрау;
- конструктор ойыны;
- құммен сурет салу;
- түрлі-түсті борлармен тұзды, шекерді, ұнтақ жарманы бояу;
Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады.Балалардың ұсақ моторикасын дамытуда тақпақпен бірге жасалатын саусақ жаттығуларының орны ерекше. Мысалы, «Қуырмаш», «Санамақ» т.б. ойындарды ойнатудың баланың ұсақ моторикасын, көру-қозғалыс тепе-теңдігін сақтауда, зейін қою, есте сақтау, санау қабілеттерін дамытуда маңызы зор[9].
Заттық саусақ жаттығулар:
– түйме тағу мен оны шешу;
– аяқ киім бауын байлау;
– арнайы рамкалардағы бау;
– мозаикалармен ойын;
— құрғақ бассейн;
– конструкторлармен ойын;
– тандап алу жаттығулары (мысалы: фасоль мен бұршақты араластыру).
Ұсақ моториканы дамыту барысында біз мынадай нәтижеге жетеміз:
1. Сөйлеу тілі жетіледі.
2. Қимыл қозғалыс қабілеті артады.
3. Икемділігі арта түседі.
4. Логикалық ойлау қабілеті дамиды.
5. Танымдылық деңгейі артады.
Қорытынды:
Ұсақ саусақ моторикасын шыңдау – тілді шыңдау. Ал тілді шыңдау ол ақыл-ойды да шыңдау деген сөз. «Бала қабілеті мен дарындылығы – саусақ ұштарынан бастау алады. Саусақтардан басталатын нәзік салалар − шығармашылық ойларды нәрлендіретін қайнар көз» — деп В.А. Сухомлинский, «Қол – құралдардың құралы» — деп Аристотель, ал «Қол адамның сыртқы миы іспеттес»-деп И. Канттың айтқан сөздері осыған дәлел болмақ. Сондықтан баланың тілін дер кезінде дамыту үшін ұсақ моториканы дамытуға көп көңіл бөлу қажет. Ұсақ моторика қолдың ептілігіне, әрі қарай қалыптасатын қолжазбаға, баланың реакциясының жылдамдығына тікелей әсер етеді[10]. Егер бәрі дұрыс болса, онда бала жазуға дайын, логикалық ойлай алады, жады, концентрациясы,қиялымен қоса байланыстырып сөйлей алады.
Негізгі және ресурстық әдебиеттер тізімі
- Максаков, А.И. Правильно ли говорит ваш ребенок[Текст]/А.И.Максаков. – СПб.: Речь , 2012 [XIX-XX]
- Сохина, Ф.А. Развитие речи детей дошкольного возраста 2015 [XL-XLI]
- Тихеева, Е.И. Развитие речи детей /Е.И.Тихеева.Фомичева, М.Ф. Воспитание у детей правильного произношения М.Ф.Фомичева. — М.: Просвещение 5. Чиркина Г.В. Методы обследования речи детей /Г.В.Чиркина: Пособие по диагностике речевых нарушений. — 4-е изд., доп. — М.: АРКТИ, 2003 [XCI-XCVIII]
- Эльконин, Д.Б. Развитие речи[Текст]/Д.Б.Эльконин [LX-LXIX]
- Дефектология Республикалық Ғылыми Әдістемелік Педагогикалық Психологиялық журнал 2019 [VI-X]
- «Отбасы және балабақша» журналы, №2, 2014 [XV-XIX]
Акканат Шарипжановна өз мамандығының мықты иесі🥰