Home » Жаңалықтар » Айтуға тиісті сөзді айтайық

Айтуға тиісті сөзді айтайық

      Редакцияның жоспарланған жұмысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданында орналасқан №44 «Үркер» балабақшасына бет алдық.  Кіріп келгенде көзіміз «Ұлы даланың жеті қыры» атты жасақталған қабырғаға түсті. Идеясы өте ұнады қазақылықтың иісі мұрынды жарғандай тыныс алдым. Ондайда тұрыс жоқ. Қалта телефонды алдымда «чырт» еткіздім. Оқырмандарым үшін. Келесі жақ бетте он екі жыл мезгілі тұр анимация түрінде безендірілген.  Мектепке дейінгі тәрбие беру мекемесінің меңгерушісі Венера Серкешбайқызы орнында екен.  Оны жақсылыққа баладым. Балабақшаның жай-күйімен толық танысатыныма сенгендей. «Абай кабинетін» ашыпты. Балабақша жетекшісінің айтуынша биыл  қайта құрылып жұмысты бастағандарына 10 (он) жыл болатын көрінеді. Соған есеп ретінде өздерінің жұмыстарын көрсету мақсатында ізденіс үстінде жүргендерін жасырмады. Меңгерушінің айтуына қарағанда атқарған жұмыстары да аз емес. Тек жүйейлі жеткізу мәселесіне тіреліп тұрған сыңайлы. Онысы да түсінікті ол кісілер істің адамы. Балабақша әдіскері Алма Алимжанқызымен бірге аралап шықтық,  жақсылықтың, еңбектің, тәрбиенің сырын шерткен көп жайттың куәсі болдық. Осы жайттан кейін сынауды ғана білетін әріптестеріме жақсылықты көрейікші, оны бірлесіп халыққа жеткізейікші дегім келді.

Қуантай АМАНТАЙҰЛЫ
“BILIM AINASY” жобаларының негізін қалаушы,
“ШАШУ” оқу танымдық кешенінің авторы,
журналист

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.