Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Мақсаты:
Білімділік: 10 саны екі таңбалы сан екенін түсіндіру, 10 саны және цифрымен және оның жазылуымен таныстыру, тура және кері санау дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық: ақ үрме бұршақтарды қолдану арқылы саусақтардың ұсақ моторикасын дамыту; зейіндерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа, тәрбиелеу.
Билингвалды компонент: он – десять – ten
Ресурстар: (материалдар, жабдықтар) әр балаға 0 – 9 дейінгі кіші сандар, үлкен сандар 0-10 дейін, дид/ойын «Көршісін тап», А4 қағазда 10 санын нүктелерді қосу арқылы жазу тапсырмасы, әр балаға тәрелкеде бір уыс ақ үрме бұршағы, математикалық пазлдар.
ҰОҚ барысы:
І кезең: ұйымдастырушылық – қозғаушылық
-Балалар, бүгінгі біздің «10 саны және цифры» деген оқу қызметімізге көптеген қонақтар келіп отыр. Кәне орнымыздан тұрып, шеңбер жасайық.
Балалар орындарынан тұрып, шеңбер жасайды.
Шаттық шеңбері:
Білер қазақ баласы, «Сәлем» сөздің анасы.
Алдымыздан кезіккен көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен, біздер сәлем береміз.
-Сәлеметсіздерме балалар! Сәлеметсіз бе!
-Здравствуйте дети! Здравствуйте!
-Гуд монинг чилдренс! -Гуд монинг, тиче!
-Орындарыңа жайғасып отырыңдар!
Балалар орындықтарын алып үстелдің алдына отырады.
-Жаңа тақырыпты бастамас бұрын, мен сендерге өткен тақырыптар бойынша бір тапсырмам бар.
1 тапсырма «0 – 9 дейінгі сандарды ретімен қойып шық».
Тақтаға бір баланы шығарып 0 – 9 дейінгі сандарды өсу ретімен койып шығуын айтады. Тақтаға шыққан бала 0 ден 9-ға дейін сандарды өсу ретімен койып шығады және санап береді.
Екінші баланы шығарып 9 – 0 дейін сандарды кему ретімен қойып шығуын айтады. Екінші бала 9 дан 0-ге дейін сандарды кему ретімен койып шығады және санап береді.
Орындарында отырған балалар алдарында тұрған сандармен жұмыс жасайды. Өсу және кему ретімен сандарды қойып шығады.
Балалармен бірге ауызша 0-9 дейін үш тілде санайды. Балалар барлығы бірге санайды.
ІІ кезең: ұйымдастырушылық – ізденістік
-Ал енді бүгін 9 дан кейін келетін 10 саны және цифрымен танысамыз.
Балалар тақтаға қарап отырып тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
-Мынау 10 санның таңбасы. 10 саны екі таңбалы сан: 1 саны және 0 саны. Мен алдымен ауада жазып көрсетемін. Енді сендер, оң қолдарыңды көтеріп, жазып көріңдер: қысқа қисық сызықты төменнен жоғары қарай әкелеміз, сосын ұзын тік сызықты жоғарыдан төмен қарай сызамыз. 0 саны – жоғары жақтан бастап сол жағымен жартышеңберді сызамыз, содан соң екінші жарты-шеңберді астынан бастап жоғары қарай оң жағынан сызамыз.
Балалар ауада жазып көреді.
Билингвальді компонент: он – десять – ten.
Қайталайды: он – десять – ten.
-Олай болса 2 тапсырма: жай қарындашпен нүктелерді қосу арқылы 10 цифрын жазып шығамыз. Балалар парақтағы тапсырманы орындайды.
-Жарайсыңдар, балалар! Рахмет!
-Балалар орнымыздан тұрып біраз бойымызды жазайық!
Сергіту сәті:
Денсаулықты сүйеміз, шынығамыз күнде біз.
1, 2, 3!1, 2, 3! Бұлшық етте, міне, күш!
Ал, балалар, тұрайық, алақанды ұрайық.
Оңға қарай иіліп, солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып, бойымызды созайық.
Белімізді жазайық.
Балалар сергіту сәтін орындағанда, қимыл – қозғалыспен көрсетеді.
3 тапсырма: «Ақ үрме бұршақпен 10 санын жасау».
Ыдыстағы үрме бұршақты біртіндеп алып, 10 санын жасауға кіріседі.
4 тапсырма: «Көрші сандар» — сандарды бос тұрған терезелерге қойып шығу.
5 тапсырма «Математикалық пазлдар» — берілген қималардан шетінде тұрған сандарды ретімен қойып шығу арқылы бейне құрастыру.
ІІІ кезең: рефлексиялық — түзетушілік
-Біз бүгін қандай санмен таныстық? Балалар: 10 санымен.
-Қандай тапсырмалар орындадыңдар? Балалардың жауаптары.
-Кімнің жауабы сендерге ұнады?
Балалардың барлығын мақтау.
– Жарайсыңдар, балалар, бәріміз келген қонақтармен қоштасайық.
Көріскенше күн жақсы, сау саламат болайық. Балалар үш тілде қоштасады.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: берілген тапсырмаларды орындайды
Түсінеді: 10 саны екі таңбалы сан екенін
Қолданады: 10 санын жазады
Нугуманова Анар Уразбаевна
№ 85 «Мейіржан»
санаториялық балабақшасы КММ
екінші санатты
тәрбиеші