«Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы оқушылардың интеллектуалдық-шығармашылық деңгейін көтеру, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, балалардың фундаменталды және қолданбалы ғылымға қызығушылығын ынталандыру мақсатында жыл сайын түрлі конкурстар өткізіп отырады. Осындай конкурстардың бірі бастауыш және ортаңғы буын оқушыларына арналған «Зерде» балалардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсы.
1-7 сынып оқушыларының «Зерде» зерттеушілік жұмыстары мен шығармашылық жобаларының ХІІ Республикалық конкурсы 2017 жылғы наурыз айының 15-17 күндері аралығында Щучье қаласындағы «Балдаурен» Респуликалық оқу-сауықтыру орталығында өтуде.
Оқушылар бос уақытын да бассейнге жүзіп, спорттық ойындар ойнап қызықты өткізуде. Сонымен қатар психологтер мен тəлімгерлер балаларға жұмыстарын қорғау алдында психологиялық тренингтер ұйымдастырды.
Конкурсқа Астана қаласы бойынша 24 білім беру мекемесінен 50 жобамен 58 оқушы (11 топтық жұмыс) зерттеу жұмыстарын қорғайды.
Астана қаласынан барған болашақ ғалымдарымыздың 57-сі жүлделі орынға ие болған:
І орын – 18 оқушы;
ІІ орын – 25 оқушы;
ІІІ орын – 13 оқушы;
Грамота – 1 оқушы иеленді.
Бала кезінен ғылымға бет бұрған терең ойлы бүлдіршіндеріміздің ғылым жолындағы алғашқы қадамына сәттілік тілейміз.