Біз ұсынып отырған «шашу» бұрынғы шашудан басқаша.
Балаларымызды қазіргі уақытта кім тәрбиелеп жүр, қалай және қандай оқу құралдарымен деген сауал — көзі қарақты, болашағына үмітпен қарайтын ата-ананың көкейінде жүргені сөзсіз.
Тәрбие мен білім өте үлкен ұғым. Жеке ғылым десе болады.
Мысалға алғанда бес жасар балаңыз бар деп есептейік. Ол баланың дамуына, жетілуіне, қоршаған ортамен танысуына, сөйлеуі мен қарым қатынасына ата-анасы ретінде бірінші Сіз жауаптысыз.
Келесі кезекте оқу-ағарту министрлігі, үшінші тәрбиелеу үдерісін өз жауапкершілігіне алған балабақшалар, төртінші кезекте балаңызбен жұмыс жасауды мойнына алған тәрбиеші. Бесінші кезекте қайтадан СІЗ.
Бұл балаға деген жауапкершілік бәрімізге ортақ дегенді білдіреді.
Ал, енді ара-жігін ажыратайық.
Ата-ана баланы дүниеге әкеледі. Өсіп өз бетімен аяқтанып кеткенше бар керек жарағымен қамтамасыз етуге міндетті. Бұл— ұрпақ алдындағы парыз.
Қазақстан Республикасының үкіметі баланың балабақшада тәрбие алуына, орта білім игеруіне қызмет жасауы үшін оқу ағарту министрлігіне жүктейді. Осы елдің болашақ азаматына мемлекеттің атқаратын міндеті.
Оқу-ағарту министрлігі арнайы заңдар енгізіп, нормативтер шығарып, бағдарламалар бекітіп, әдістемелік нұсқаулық хаттар дайындап, сіздің балаңызды тәрбиелеу мен оқыту кезеңдерін жасайды. Оны басқармалар мен бөлімдерге тапсырады.
Басқармалар мен бөлімдер министрліктен шыққан барлық құжаттар негізінде, балабақшалар мен мектептерде қызмет жасайтын ұстаздар мен тәрбиешілер іс атқару жолында қолданады.
Осы тұста тағы да бір ескеретін жағдай. Мектептер мен балабақшаларда қолданатын оқу, тәрбиелеу құралдарының барлығы мемлекеттік бағдарламаларды міндетті түрде қамтитын болу керек. Ол басты шарт. Баланың жас ерекшелігіне байланысты қолданатын құралы да өзіне сай болу керек. Ол ғылыми негіздемелермен болуы да һақ.
Бұл сөзді бес-алты баланы тәрбиелеп өсірген әке ретінде және осы саланың зерттеуші журналисті ретінде айтқым келеді. Осы салаға қалам тартуды үшінші балам дүниеге келгенде, осыдан он жыл бұрын бастадым.
Зерттеу мен тәжірибе жинақтау, іс әрекет жүзінде салыстыру сегіз жылға созылды. Ондағы басты бағыт ұлттық анимацияны қалыптастыру, қазақ тілін насихаттау, өзге кітаптардан артықшылығын ескеру басты назарда болды.
Сол уақытта түсінгенім. Бұл жасалған дүние балалардың білімге қадам басқан тұсында білімнен шашу, тәбәрік болсын деген ниетпен «ШАШУ» оқу танымдық кешен» деп атадық
Балабақшадағы және мектептегі МАД мектепалды топ/сыныптары қалай тәрбие мен білім меңгереді?
— Дене шынықтыру; — 3 с
— Сөйлеуді дамыту; — 2 с
— Көркем әдебиет; — 2 с
— Қазақ тілі; 2 с
— Сауат ашу негіздері; — 3 с
— Математика негіздері; 3 с
— Қоршаған ортамен танысу; 2 с
— Шығармашылық құралдары; — 1 с
— сурет салу;
— мүсіндеу;
— жапсыру;
— құрастыру;
— Музыка — 2 с
Бұл апталық жүктеме. Бала тәрбиесі ерте жастан басталу керек. Оны бәріміз жақсы білеміз. Ол жайында ғалымдар мен ата-баба салтында да айтылады.
Бір боямақты беріп, қазіргі заманда бала тәрбиелеу мүмкін емес. Сондықтан бала тәрбиесімен айналысатын тәрбиешіге тиімді құжаттарды қарастырдық. Маған маңыздысы кітапшаларымды сатып жіберу емес. Тәрбиеші мен ата-аналардың үделерінен шығу. Сұрақтарына жауап беріп, ұсынысы болса қабылдап, ой-пікірлерін назарға алып, сынды ескере отырып ортақ дүние жасау басты мақсат.
«Ұлтқа қызмет жасау — ұлттық тәрбиеден басталады» сондықтан да ұлт мүддесін түгендеу сізбен-біздің міндетіміз, мұрамыз деп білемін.
Келген сауалдар:
— Бұл құрал не береді?
— Басқа құралдардан артықшылығы неде?
— Мемлекеттік бағдарламаларды қанша пайыз қамтиды?
— Ұстазға қандай көмегі бар?
— Оқу-ағарту министрлігінен рұқсаты бар ма?
— Республикалық оқулық орталығынан рұқсаты бар ма?
— Қай бағытқа қолдануға болады?
— Қандай ғалымдар пікір білдірді?
— Авторлар кім, қалай жасалды?
— Неге атауы «шашу»?
— Қандай жеңілдіктер бар?
— Ақшасын қай уақытқа дейін беруге болады?
— Кітапшаларды қалай жеткізесіздер? Бұл сауалдарға тікелей эфирларым мен парақшаларымдағы жазбаларда жауап беріп жүрмін. Және де осы сауалдарға тиімді жауап алатыныңызға да сенімдімін.
Тәрбие. Бұл үлкен ұғым, тіпті ғылым десе де болады. «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің» дейді атам қазақ. Ол сөздің де жаны бар. Бірақ, қазіргі заман да, балалар көп құбылысты бақылап, заманауй жаңалықтарды қалт жібермейді. Отбасылық тәрбие былай тұрсын әлемді аузына қаратқан интернетті заманға сай пайдалануды тез-ақ үйреніп жатыр. Балалардың ол әрекетін ішімізден қош көріп, кейде мақтан тұтамыз. Ол расында да құптарлық әрекет. Деседе де, сол теткітерді орнымен қолдағанымыз дұрыс болар еді.
Ізгі тілекпен: Республикалық «БІЛІМ АЙНАСЫ» жобаларының негізін қалаушы,
«ШАШУ» оқу — танымдық кешен авторы, журналист,
көптеген телебағдарламалар мен деректі фильмдердің авторы
Қуантай Амантайұлы