Home » Мақалалар » «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ – БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ АЛАҢЫ

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ – БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ АЛАҢЫ

Муртазаева Баян Абжапбарқызы,
 «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы,
Жамбыл облысы бойынша ПҚ БАИ
 курстан кейінгі қолдау және
инновацияларды енгізу
зертханасының меңгерушісі,
Тараз қаласы

 Жаңа оқу жылының қарсаңында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясын жал сайын еліміздің барлық өңірлерінде өткізу дәстүрге айналды. Акцияның негізгі мақсаты көмекке мұқтаж балаларды барынша қамту болып табылады. Осы дәстүрді «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша ПҚ БАИ да жыл сайын қолдап отырады.
Жаңа оқу жылының қарсаңы – мектеп табалдырығын алғаш рет аттайтын бүлдіршіндер мен оқушылардың үлкен мерекесі  — 1 қыркүйек Білім күнінің де басталуына санаулы күндер қалды. Ал, жаңа оқу жылының басталуы мыңдаған оқушылар үшін үлкен оқиға екендігі және олар оқуға баруға асығатындығы даусыз.
Әлемде қалыптасқан жағдайға байланысты, биылғы оқу жылының бірінші тоқсаны қашықтан ұйымдастырылады, дегенмен бастауыш сынып оқушылары алғаш рет партаға отыру және ұстаздан білім алу бақытына ие болады. Сондықтан бұл күні балаларың жаңа мектеп формасын кисем, мектепке қажетті барлық заттарым: түрлі түсті қарындаштарым, кітап-дәптерлерім болса деген тілектері орындалады. Балалардың осы арманының іске асуына Жамбыл – «Өрлеу» ұжымы да көмектесті.
Жыл сайын филиалда дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізіліп, көпбалалы және тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға балаларын мектепке дайындауға көмек беріледі. Биылғы жылы да жиналған барлық қаржы әлеуметтік көмекке мұқтаж оқушыларға мектеп және спорт формасын, оқу құралдарын сатып алуға жұмсалды.
Жаңа оқу жылының басталуымен құттықтай отырып, біз балаларға жаңа оқу жылында сәттілік тілейміз!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.