Home » Балабақша » 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты іс-шара

1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты іс-шара

    Мақсаты:

  • 1 қыркүйек – Білім күні мерекесінің маңызын түсіндіру, сезіндіру;
  • Бүлдіршіндерге Білім күні мерекесінің мән-мағынасын ұғындыру;
  • Сахналық мәдениетін қалыптастыру; Мерекелік көңіл-күй сыйлау.

«Әнұран» орындалады.

Шырылдаған тыным алмай,
Қоңыраудың үні қандай?!

Мақсатына жете ме адам

Оқу оқып, білім алмай?!

Ғылымның көп тас қамалы

Ғалымдықта асқаралы

Бар білімнің нұр бастауы —

Балабақшадан басталады.

 

 

Жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті ата — аналар, балалар, барша қонақтар! Бүгін — 1 қыркүйек – Білім күні. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Жүргізуші: Бүгінгі білім күні мерекесімен құттықтау құрметі «№ 2 Сайрам бөбекжай  меңгерушісі А.С Бастыковаға ұсынылады7

Құттықтау сөз

Жүргізуші: Білім бастауы – балабақшада. Ендеше бүгінгі мерекеде тағы бір әнімізді балабақшамызға арнайық!

 

Ән: «Мен әдепті баламын»

Тәрбиеші: Енді біздің балалардың білім алудың маңызына байланысты тақпақтарын тыңдап көріңіздер.
   Білім керек бәріне

Мұхиттарды жалғасам
Таңдандырар бар елді.
Ғажап үйлер сала алсам
Жасартатын әжемді.
Дәрі де ойлап таба алсам….
Сырлары көп ғылымның
Шешілмеген әлі де
Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріне!

Оқу, білім, тәрбие

Ой-санама екенің

Балабақшам – айтар әнім

Сан рет қайталадым

Балабақша – анамыз

Оқып білім аламыз

Өнерпаз боп өсетін

Біз – балдырған баламыз!

Өсті  міне бойымыз,

Өсті  міне ойымыз.

Қуанышқа ортақпыз

Құтты болсын мерекеміз!

Жаңа оқу жылы, төрлет

Дүбірлі думан басталсын.

Жүректерді ән тербеп

Шапалақ ұрсын асқақ шың.

 

Білім менің ертеңім

Өсу үшін өркенім

Жүзем оқу айдында

Жайып білім желкенін,

Қиындықтан өтуге

Армандарға жетуге

Білім алам ерінбей

Еліме қызмет етуге.

Білім – менің ертеңім
Өсу үшін өркенім
Жүзем оқу — айдында
Жайып білім желкенін
Қиындықтан өтуге
Армандарға жетуге
Білім алам ерінбей
Еліме қызмет етуге!
Би: «Ленталармен»
Көңілді музыкамен Жалқаубек келеді.

Жалқаубек: О, мұнда балалар көп екен! Жақсы болды! Неге сонша сықиып киініп алғансыңдар?

Балалар: Бүгін – білім күні ғой! Үлкен мереке! Біз енді ойынды азайтамыз, көбірек оқитын боламыз.

Жалқаубек: Солай деңдер?! Ал көп оқып миды ашытып керегі не? Балалар, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр, мына сөмкемнің ішіндегі оқу құралдары мен ойыншықтары  араласып  кетіпті, соны  ажыратуға көмектесесіңдер ме?

        Ойын: Кім жылдам?

Шарты: Оқу қуралдарын бөлек, ойыншықтарды бөлек жинау,

Жүргізуші: Жарайсыңдар! Өнерлерің өрге жүзсін! Бүлдіршіндеріміздің өнер, білім үйреткен, сүйікті балабақшаға арнаған кезекті бір әніне кезек берейік.

 

                    Ән: «Бақытты балалық»

Жүргізуші: Жаңа оқу жылын қоңыраудың сыңғырымен бастау – жылдар бойы жалғасын тауып келе жатқан қалыптасқан дәстүр. Ендеше биылғы 2017-2018 оқу жылының қоңырауын қағуды кішкентай бүлдіршініміз…………… ұсынамыз!

Алғашқы қоңырау соғу салтанаты.

Бимурзаева Динара, Турамурадова Айғаным

“№2 Сайрам бөбекжайы”

Оңтүстік Қазақстан облысы,

Шымкент қаласы, Сайрам ауданы,

Ақсукент елді мекені

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.