Home » Білім және өнер » Арманнан хабар

Арманнан хабар

«Арман»  атауы келісті, болашаққа қарқынмен құлаш ұрғандай…

— «Мама, мені көрдің бе? Мен сені көріп тұрмын. Маматай, қарашы, мен мына жердемін! ».  Бұл сахналық ойынға қатысып жатқан балабақша бүлдіршінінің алғашқы жетістігін анасына көрсеткісі келіп, қуанышын жасыра алмай анасына тіл қатқаны. Көрермендер ду күлді. Түсінбегеннен емес, баланың қуанышын бөлісіп, сезімталдығына қуанды.

Бұл оқиға біраз күн бұрын Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасына қарасты № 37 «Арман» балабақшада болған жай еді. «Арт-терапия элементтерін қолдану арқылы балалардың креативті ойларын дамыту» мақсатында ұйымдастырған кластер. Бұл шараны ойластырудың өзіндік мәні бар. Олай дейтінім, білім беру шеңберінде педагогикалық тәжірибе алмасу сондай-ақ, тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған осынау шараның маңызы зор. Сондықтан болар мемлекеттік және бірнеше жекеменшік балабақшалардың меңгерушілері, әдіскерлері, тәрбиешілері арнайы келіп қатысты. Санында шек жоқ, балабақша залында ине шаншар жер болмады десем артық емес-ау. Амандық саулық, бастапқы тілек, тіректен соң бірден қойылым алаңына өттік. Мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі Ж. С. Маматова әзірлеген «ЖЕТІ ЖАҚСЫЛЫҚ» сахналық қойылымды тамашаладық. Педагогика ғылымдарының кандидаты Бедел А.  «Креативті» тұлға қалыптастыруда арт-педагогика әдістерін пайдалану» баяндамасын тыңдап алып, іс – тәжірибелік бөлім, яғни, педагогтармен жұмыс тәсіліне ауыстық. Бейнелеу өнерінің жетекшісі: Л.С. Каржавова «Сурет ғажайыптары», бейнелеу өнерінің жетекшісі: Г.С. Доспанова «Құмдағы құпиялар», музыка жетекшісі: И. С. Шэ  «Әуен терапиясының сиқырлы әлемі» деп аталатын шебер сыныптарын көрсетті.

Жак Саломе айтқандай «Біздің балаға жасай алатын ең үлкен сыйлығымыз – бұл оны жақсы көру ғана емес, баланың өзін-өзі құрметтеп, сүйе білуіне үйрету» – деген қағидасын  №37 «Арман» балабақшасының меңгерушісі Разия Елтайқызы мықтап ұстанғандай.

Нұр-Сұлтан қаласы
«BILIM AINASY»

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.