Home » Балабақша » Күзгі  ағаштарды  бақылау

Күзгі  ағаштарды  бақылау

Абылгазина Сарқыт Габдрашитовна
Өскемен қаласы
«Murager» балабақша-бөбекжайы   ЖШС
тәрбиеші

Мақсаты : Балалардың ағаш туралы білімдерін  бекіту. Сұрақ –жауап арқылы сөздік қорларын ,ой –өрісін дамыту. Қоршаған  ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру. Күзгі  табиғаттың сұлулығы мен әсемдігін көре білуге тәрбиелеу.
Құрал –жабдықтар: әр балаға  лупа, ойынның атрибуттары, еңбекке қажетті құрал-жабдықтар, жапырақтар  тыныс алу жаттығуына.
Серуеннің  түрі: Балабақшада
Барысы:

  1. Ұйымдастыру

-Балалар, біз серуенге  қайда шықтық? ( таза ауаға шықтық).
Олай  болса таза ауамен тыныстап  алайық. Мұрынмен  жұтып,ауызбен шығарамыз.
Серуен  кезінде мынандай  қауіпсіздік  ережерін  сақтауымыз керек:

  • Тәрбиешіден қашпау.
  • Бөтен заттар ұстамау.
  • Жүгірмеу, төбелеспеу,бір-бірін итермеу.
  • Ауызға ештеңе салмау.
  • Бөтен адамдармен сөйлеспеу.
  • Биіктіктерден секірмеу.

Көркем  сөз:
Күздің  қазан айында,    (Айлин)
Алма алмұрт піседі.
Жапырақтар  сарғайып,
Сыбдыр –сыбдыр түседі.

Сұрақ –жауап:
-Қазір жылдың қай мезгілі?    (Күз мезгілі)
-Күз  мезгілінде  қандай  өзгерістер болады? (Балалар өз ойларын айтады)                                                             -Бүгін  ауа райы қандай?

  1. Негізгі бөлім Балалар екі-екіден қол ұстасып балабақшаның  артына барады.
    Айналадан не көріп тұрсыңдар?  (Ағаштар көріп тұрмыз.)
    Тәрбиеші:Қандай  ағаштар өсіп тұр?
    -Күзгі  ағаштардың түсі қандай?
    -Мына  ағаш қалай аталады?  (Қайың ағашы).  (Қайың ағашына жақындау)
    -Оны қандай белгілеріне қарап білдіңдер? ( қайынның діңі тік әрі ақ, жапырағы  жалпақ, өте сүйкімді ағаш).

—   Мынау қандай ағаш? шыршалар
Шыршаның түсі  жасыл, қылқан жапырақты. Жазда шыршаның түсі қандай еді?
Тәрбиеші : балалар, мына жерге тиін себетке сендерге қабық қалдырып кетіпті.
Танымдық зерттеу әдісі: Олай болса лупамен қабықты зерттейік.
Балалар зерттеп өз ойларын  айтады, қайың ағашының  діңінін қабығы ақ,қара дақтары бар, әрі жұқа. Онда бетулин деген бояғыш заттар  болады екен.
-Ағаштардың  адамға қандай  пайдасы бар? (Демалу үшін таза ауа береді.)   Осындай әсем табиғатты, ағаштарды біз аялап күтіп, қамқор болуымыз керек.
Дидактикалық  ойын: «Аталған ағашқа қарай жүгір»
Мақсаты:ойын ережесін орындай білу,ағашты дұрыс таба білу, ептілікке тәрбиелеу.
1,2,3 қайыңға қарай жүгір.
1,2,3  маған қарай жүгір.
1,2,3 шыршаға қарай жүгір.
1,2,3  маған қарай жүгір.

  • Дұрыс жүгірдіңдерме?
  • Жапырақтармен тыныс алу жаттығуын жасау.

Еңбек: Күзгі ағаштардан түскен  жапырақтарды жинап,тазалап тастайық . Келісесіңдерме ? Құралжабдықтарды таратып беремін.
жарайсыңдар ,балалар! Сендер бүгін үлкен іс атқардыңдар. Сендерге ағаштар  рахметін  айтып жатыр.
Енді екі-екіден қол ұстасып алаңға барайық.
Қимылды ойын:  «Мысық пен тышқан»
Мақсаты: жылдамдыққа, ептілікке баулу.
Жеке жұмыс: «Дәлдеп тигіз» (допты көздеп дәл тигізу) 3-4баламен
«Тепе-теңдікті сақтау»   (Жылан жолымен дұрыс жүре білу). 3-4бала

  1. Қорытынды

— Сонымен балалар,бүгін серуенде нені бақыладық?
-Ағаштар қандай түске боялған?
-Сендерге не ұнады?
–Жарайсыңдар, барлығың серуенде өздеріңді тәртіпті ұстап, жақсы еңбек еттіңдер.
Келген қонақтармен қоштасайық.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.