Home » Мақалалар » Ел тірегі — Елбасы

Ел тірегі — Елбасы

Аяған Диас
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік
Қазақстан университетінің
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының
І курс студенті, СҚО

Бабалардың қылышындай ақ алмас,
Сендей басшы енді қайтып жаралмас.
О, Елбасы бəске тігіп басыңды
Байрағымды желбіреттің ең алғаш.

Халқың үшін аянбаған патшасың,
Сен барда кім намысымды таптасын?
Алты алаштың көшін бастап сын сəтте,
Ашып бердің келешектің қақпасын.

Күрес толы жолың жатыр көлбеген,
Еңбегіңді өлшей алам мен немен.
Өз антыңа адал болып əрқашан,
Не көрсең де бірге көрдің елменен.

Қиындықтың саған артып күнəсін,
Бір өзіңді сынайтындар сынасын.
Бірақ олар не десе де мына сен
Мəңгілік өз биігіңде тұрасың.

Кемел тұлға келбетіңді біледі ел,
Саған əлі талай ақын жыр өрер.
Үшқоңырдың биік ұшқан қыраны,
Үш жүзіңе қорған болып жүре бер.

Бабалардың қылышындай ақ алмас,
Ондай басшы енді қайтып жаралмас.
Қазақ елі, Елбасының жолымен
Ертеңіңе сенімменен қадам бас!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.