Кистав Фариза
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік
Қазақстан университетінің
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының
ІІ курс студенті, СҚО
Ел бастадың Алланың ақ жолымен,
Алынбас қамалдарды сен алып ең.
Сіздің салған көргенде Астананы,
Сүйсініп бұл қалаға таңғалып ем.
Көк туым желбіреген аспанымда,
Арқау болған сіз ғой бұл дастаныма.
Мақтан етем Нұраға бір өзіңді,
Арнауыма ақтарыла қосқаныма.
Белгілі Елбасы беделіде,
Көп сізден білерімде,түйерімде.
Әнұраным шырқалып туымды ұстап,
Өмір сүру қандай бақыт өз елімде.
Күн астында көк туым желбіреді,
Елім деген жүрегім елжіреді.
Қиын күнде халқына демеу болған,
Нұрағамның ерлігін ел біледі.
Саясаттың сан қилы саласында,
Нұрағадай жол таба аласын ба?
Байқоңырдан көк байрағын желбіретіп,
Жол салған жер мен көктің арасына.
Нұраға арқасында қазақ байып,
Қазақстанды көргенде елдер тайып
Осы күнге жеткізген кім десеңіз,
Мен айтайын Нұрсұлтан Назарбаев!
Жас ұрпаққа көрсеттің өнегені,
Өзіңдей Елбасыға сенген елі.
Еліңнің жүзі жылы болу үшін,
Көшбасшы дәл өзіңдей керек еді.
Шаттыққа қуанышқа көңіл толсын,
Бұл біздің арман еткен заман болсын.
Мендегі жалғыз тілек жүрекжарды,
Елім де,Елбасым да аман болсын!