Бектасова Гулмира Сарсенбековна
Жезқазған қаласы
Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейінің
информатика пәні мұғалімі
«Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін — білім» 2014 жылдың 17 қаңтарында Президенттің Қазақстан халқына кезекті 18-жолдауы жарияланды. Елбасы Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда ауқымды жұмыстардың күтіп тұрғандығын хабарлады. Білім беру ұйымдарына заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Болашақта оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс екендігін атап көрсетті. Әрине бұл мәселені шешу негізінен педагог мамандарына жүктелуде.
Мұғалім мамандығы ең бір тоқтамайтын, іштей қайшылықтар әлемі. Ол ескішілдік пен жаңашылдық, адам қоғамының және ойдың қозғалысы, дәстүрлерді сақтау үрдісі және өзіне тұрақты кешегіні мойындамау тайталастығынан тұрады. Ал қазіргі ақпараттандыру технологиялары ғасырында, уақыт мұғалімдерден өздерінің міндеттерін өзгертуін талап етуде. Бұрын мұғалімнің негізгі функциясы тәжірибені трансляциялау болса, қазіргі заманауи мектепте мұғалімнен міндеттерді жобалау және әрбір оқушыны жеке және зияткерлік мүмкіншілігі бойынша дамуын басқаруды талап етілуде. Осы мақсатта оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Заман талабына сай сабақ беру әдіс-тәсілдері де жаңарып, жаңаша технологиялар мен модульдер анықталуда. Барлық модульдің көздеген мақсаты — оқушыларды өзін-өзі реттеп, бағалап, бақылауға, ойларын ашық айтып, өздері шешім қабылдап, бір-бірімен пікір таластыруға үйрету.
«Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламаны жүзеге асыру бойынша информатика және тілді кіріктіріп оқыту бойынша оқу- әдістемелік құрал әзірлеу болып саналады. Кіріктіре оқыту — оқытудың қазіргі кезеңдегі ең көп қолданылатын үрдістерінің бірі. Ол пәндер арасындағы заңды байланыстылықты реттейді, оқушылардың алған білімдерінің бір-бірімен сабақтастығын бір жүйеге келтіреді. Кіріктіре оқыту оқушылардың меңгерген білімін кешенді түрде пайдалана білуге жол ашады.
Мектепте информатика пәнін оқытудың негізгі міндеті – ақпараттарды түрлендіру, тасымалдау және пайдалану процестерін меңгеру, компьютерлік технологияларды тиімді пайдалану тәсілдерін игеріп, қазіргі әлемнің информациялық бейнесін жасауға өз үлестерін қосатын деңгейге жету үшін мектепте информатика пәнін түрлендіріп қызықты оқу тәсілдерін қолдану қажет. Демек, Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Бұл мұғалімнен өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Педагогикалық кәсіптің құпиясы тек оқыту ғана емес, не үшін және қалай оқыту. Бұл ретте мұғалімнің біліктілігі, әдіскерлігі үлкен рөл атқарады. Ал кәсіби шеберліктің жоғарғы шегі шығармашылық еңбек, оқу-тәрбие үрдісін жаңашылдықпен, өзгеріспен құра білу, яғни инновациялық қызметті жүзеге асыру. Оның негізгі көрінісі оқыту мен тәрбиелеудің, дамытудың технологияларын, әдіс- тәсілдерін ендіре отырып, жұмысты ұйымдастыру.
Қ.И.Сәтбаев атындағы мектеп-лицейінде 2017 жылдан бастап, «Робототехника», «Болашақ инженер» курстары өтілуде. EV3 робототехниканың модельдерін қолданып шағын модельдер жасап, қызығушылықтары артты.Көптеген конкурстарғ қатысып, жүлделі орындарға ие болдық. Атап айтсам, Жастар жылы Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Жезқазған политехникалық колледжінің ұйымдастыруымен өткізілген қалалық «Мен және менің IT -әлемім» атты байқауының жүлделі иегері болды.Regional chamoionship of Robotics ROBOPOLIS-2019 INRELLECTUAL SUMO | SENIOR B жүлделі орын алдық. Көптеген оқушылар орындар, және сертификатпен марапатталды. Оқушылардың техникалық шығармашылығы облыстық байқауының 1-дәрежелі дипломмен марапатталды. Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда.
Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп лицейінде, 2019 жылғы 1 қыркүйекте IT –кабинеті ашылып, өз жұмысын бастап кетті. IT-кабинеті осы мектептің барлық балаларына жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл ғылыми-зерттеу және инженерлік-технологиялық ортаға балаларды тартуға мүмкіндік береді. Бүгінде барлық әлем цифрлық технологияларға байланысты. Бұл сөзсіз үрдіс, оның ішінде мемлекеттік деңгейде «Санға» ауысу білім берудің әртүрлі салаларына әсер ететін процесс болып табылады.
Әрбір оқушының жүрегінің кілтін таба білу – мұғалімге оңай емес, десек те өз пікірін еркін жеткізе білетін, сандық технологияның қыр-сырын меңгерген, қазақ мәдениетін шексіз сүйетін, шығармашыл, тұлға қалыптастыруға негіз, ұйытқы бола білсем деймін. Заман талабына сай менің және менің оқушыларымның бойындағы өзгерістер осымен тоқталмайды, әрі қарай жалғасын табады. Қорыта келе, өзгеден ақылымызбен, білімімізбен озып, көшбасшылық таныта білсек, іс-тәжірибемізде өзгерістің енгенін көруге болады. Кәсіби шебер, құзіретті, көшбасшы бола білген мұғалім шығармашылық жетістіктің шыңына жетеді.