Home » Айтарым бар » Заттарды  қасиеті бойынша салыстыру

Заттарды  қасиеті бойынша салыстыру

Утепбергенова Науша
«Ақбөбек» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі.
Маңғыстау облысы,
Жаңаөзен қаласы.

Білім беру саласы: таным.
Ұйымдастырылған   оқу қызметі: математика.
Тақырыбы: «Заттарды  қасиеті бойынша салыстыру»
Мақсаты:білімділік: балаларды заттардың көлемін анықтауға және оларды өлшемі бойынша салыстыруға (үлкен, кішкентай, үлкенірек, кішірек, жоғары, төмен) үйрету, дамытушылық: танымдық қабілеттерін дамыту, тәрбиелік: ұқыптылыққа, байқағыштыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
біледі: заттардың өлшемін сипаттайтын сөздерді айтады: үлкен, кішкентай, орташа, негізгі түстерді атауды;
игереді: заттарды көзбен көру арқылы қалай салыстыруға болатынын; меңгереді: заттарды көзбен көру арқылы салыстырады.
Қажетті материалдар:
Көрнекі маатериалдар:ойыншықтар: үлкен-кіші доп,  қуыршақ матрешкалар,  1-10 дейінгі цифрлар, түрлі-түсті, үлкен-кіші үй,  геометриялық пішіндер.
Үлестірмелі материалдар: әрбір балаға ақ бет қағаз, үлкен-кіші матрешкалар және доптар суреттері, геометриялық пішіндер.
Сөздік жұмыс: үлкен-кішкентай, жоғары-төмен, алдында-артында.
ҰОҚ-нің барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері.
-Амансың ба, көк аспан
-Амансың ба, алтын күн
-Амансыз ба, достарым
Көңілденіп күлемін,
Бақытты боп жүремін.
Бәрін біліп алатын,
Мен ақылды баламын.
Өткен тақырыпты қайталау, еске түсіру.
-1-10 ауызша санату,  цифрларды көрсету, сұрау.
Сандарды заттардың санымен сәйкестендіру.
–Суретте қанша алма бар? ( 4 )  -Адия, 4 санын тауып алманың суретінің астына  жапсыр.  –Неге 4 санын жапсырдың? –Себебі, суретте 4 алма бар.  /Басқа балалар өз орындарында отырып орындайды/
Негізгі кезең.
-Балалар, бүгін бізде математика сабағы.  Біздің айналамыздағы заттардың өлшемдері  болады, олар: заттардың түсі, көлемі, биіктігі,  қазір біз заттарды осы өлшемдері бойынша ажыратуды,  салыстыруды  үйренеміз, тапсырмалар орындаймыз. Ол үшін оң, сол жағымызды  қарап, біліп алайық.
«Бөлмеге саяхат»–Оң /сол/ жағыңызда не бар?  -Оң жақта ойыншықтар, кітаптар бар, сол жақта  терезе бар.- Айзере, сенің оң /сол/ жағыңда кім отыр? –Бақдаулет, сенің алдыңда /артыңда/ кім бар?
–Алдыңызда /артыңызда/ не бар?-Алдымызда тақта, телевизор бар, артымызда гүлдер бар.
–Жоғарыда /төменде/ не бар? –Жоғарыда жарықшам бар, төменде  еден, кілем бар.
-Жарайсыңдар, сіздер бағыттарды дұрыс айттыңыз.
Ойын «Ойыншықты тап» деп аталады. –Бүгін топқа мен жаңа ойыншықтар әкелдім, ал олар қандай ойыншықтар екенін білу үшін жұмбақтың жауабын табыңдар.
Жұмбақ.
Сол аяқ пен оң аяқ
Кезек оны тебеді
Ол тынымсыз домалап
Зыр жүгіре береді. /Доп/   -Допты табу үшін бағыттарды  дұрыс тауып жүруіңіз керек. -Раяна,алға қарай  3 адым жүр, оңға бұрыл, төменге қара. –Не көрдің?
–Сенің қолыңда неше доп бар?
-Менің қолымда 2 доп бар. –Доптың  пішіні,  түсі қандай? –Қызыл доп қандай?
-Сары доп қандай? /Кішкентай/ -Үлкен допты  қорапқа сал, кіші допты қораптың жанына қой.
–Балалар, Айзере дұрыс орындады ма, қорапқа қандай допты салды?  -Кіші доп қайда тұр? –Кіші доп қораптың жанында тұр. -Жарайсың!
– Ендеше, балалар, біз де алдымыздағы доптарды қағаз бетіне орналастырайық. Қағаздың жоғарғы жағына үлкен доптарды, ал, төменгі жағына кіші доптарды қоямыз. – Каусар, айта ғой, жоғарыда /төменде/ қандай доптар бар? –Үлкен /кіші/ доп қанша?  -Қайсысы көп /аз/?
Жұмбақ.
Аяғы бар, жүрмейді,
Аузы бар, күлмейді,
Айнымайды бөпемнен
Тек сөйлеуді білмейді.
(Қуыршақ)  -Қандай ойыншықты табу керек? –Ия, қуыршақты табу керек  ал, қуыршақты табу үшін мен айтқан бағытқа қарай жүрсеңіз, тез тауып аласыз.  Жасмин, алға қарай 2 адым жүр, солға бұрыл, тіке жүр. Нені көрдің, ала ғой.
– Жасмин қандай ойыншықты тапты. /Матрешка қуыршақ/ -Қандай әдемі қуыршақ, ашып көрейік. Матрешкаларды санату. –Барлығы қанша?  –Сізде де осындай  матрешкалар бар, оларды биіктігі бойынша салыстырып, биіктігі бойынша қатар қоямыз. – Хадиджа, қуыршақтарды қандай өлшемі бойынша  орналастырдың? –Мен қуыршақтарды биіктігі бойынша орналастырдым.
Сергіту сәті.
Қолдарымызды көтереміз, Кейін төмен түсіреміз.
Екі жаққа қолды созып, алақанды беттестіріп
Қолымызды шапалақтап,  Көңіл күйді көтереміз.
Дидактикалық ойын: «Өз түсіңді тап»  Мақсаты: заттардың түстерін ажырату, заттарды  түсіне сәйкес топтастыру  біліктілігін арттыру.
Шарты:балаларға түстері, пішіні, көлемі  әр түрлі геометриялық пішіндер таратылады. Тәрбиешінің «Өз үйіңді тап» деген нұсқауы бойынша пішіндерді сәйкес үйлерге орналастырады. -Ерасыл, биік, үлкен сары түсті үйге қандай пішіндерді салдың, неге?
-Себебі, дөңгелектің көлемі үлкен, түсі сары. –Кіші қызыл түсті үйге қандай пішіндерді орналастырдық? -Кіші қызыл түсті үйге көлемі кіші, түсі қызыл пішіндерді орналастырдық. –Ия, дүрыс біз пішіндерді үйлерге көлемі және түсі бойынша топтастырып орналастырдық.
Экраннан заттардың өлшемі бойынша /алды-арты, жоғары-төмен, үлкен-кіші,түстері бойынша/ бейнеленген суреттер көрсету.
-Мына суреттегі үлкен /кіші/ заттарды көрсет? –Жоғарыда /төменде/ тұрған заттарды ата?- Қайсы бала есіктің артында //алдында тұр? –Жапырақтар қандай белгісі бойынша топтастырылған?
3. Рефлексия –Қандай тапсырмалар орындадыңыз? -Жарайсыңдар, өте жақсы, тапсырмаларды дұрыс және толық орындадыңыз.-Заттардың өлшемін сипаттау үшін қандай сөздерді қолдандық? -Бізге қонаққа келген қуыршақ матрешкамен қоштасайық. Осымен бүгінгі оқу қызметімізді аяқтаймыз.

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.