Мыңбаева Айжан Жаңабайқызы
Нұр-Сұлтан қаласындағы
№72 мектеп-лицейдің
қазақ тілі пәні мұғалімі
«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін емес».
В. А. Сухомлинский
«Игра открывает для детей дверь в жизнь, развивает способность и творчество, без игры невозможно сформировать интеллект ребенка».
В.А.Сухомлинский
Ойынның мақсаты:
— бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру;
— тиянақтау;
— пысықтау.
Міндеті:
— баланың қызығушылығын ояту;
— белсенділігін арттыру.
Қазақ тілі сабағында ойын түрлерінің қолдану тиімділігі:
— жаңа тақырыпты ойын арқылы меңгертуде не бір жақсы нәтижеге жетуге болады;
— сабақты жандандырып, оқушыларды ынталандырады;
— шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін арттырады;
— өзіне деген сенімділік пайда болады;
— логикалық ойлау қабілеті дамиды.
Ойын түрлері: «Топтай біл» ойыны, «Тізбек» ойыны, «Паровоз» ойыны, «Кім тапқыр» ойыны, «Айгөлек» ойыны, «Сөз жарысы» ойыны, «Кім тез?» ойыны
- «Топтай біл» ойыны. «Топтай біл» ойыны оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, заттарды белгілі бір тақырып бойынша топтастыруға дағдыландырады
Үй жануарлары Жабайы аңдар
- «Тізбек» ойыны. Берілген сын есімнің соңғы дыбысынан басталатын басқа сын есімді тауып айту (жазу) тапсырылады
Мысалы: Таза — ақылды — ыстық — . . .
- «Паровоз» ойыны. Оқушылар сапқа тұрады. Мұғалім «Алға» деп команда береді. Ал оқушылар паровоз болып жүре бастайды. Стансаға келіп жеткенде олар кезекпен қазақша сөздер айта бастайды. Кім айта алмай қалса немесе айтқан сөзді қайталаса ол оқушы ойыннан шығады. Ойын осылайша жалғаса береді.
- «Кім тапқыр» ойыны. Суреттерді жасырып, соның белгілерін айту арқылы не жасырылғанын табу
- «Айгөлек» ойыны. Ойынның мақсаты: Оқушылар дұрыс сұрақтар қоя білу. Ойынның шарты: балалар 2 топқа бөлінеді. 1-топ былай деп айтады: «Айгөлек-ау, айгөлек, бізден сізге кім керек?»
2-топ: «Сізден бізге Арина керек» — дейді. Сол оқушы 1 топқа жақындап келеді: Оған сұрақ ретінде оқушылар орыс тіліндегі сөздерді айтады. Бұл сұрақтарға жауап бере алмаса сол топта қалады, ал дұрыс жауап берсе өз тобына қайта келеді. Осылайша ойын жалғасады.
- «Сөз жарысы» ойыны. Берілген сөздердің орысша аудармасын табу
- «Кім тез?» ойыны. Интерактивті тақтадан суреттер көрсету. Әр қатардан 4 оқушы сурет бойынша сөздер ойлап айтады. Интерактивті тақтадағы суреттерді қатыстырып тез сөз тіркесін құрастырады.