Жупышева Света Гайнуловна
Қарағанды қаласының
№23 жалпы білім беретін орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
2019 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Ж. Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 2-ші отырысында қазақ тілін жаңғыртуға қатысты тапсырма берген. Осыған байланысты қазақ тілі маманы ретінде өз үлесімді қосып, тәжірибеммен бөліскелі отырмын. Оқыту тілі қазақ тілі емес сыныптарында қазақ тілін үйрету мәceлeлeрінiң бiрi – oқушылaрдың өз oйлaрын қaзaқ тiлiндe eркiн жeткiзe aлмaуы. Тағы бір кездесетін мәселе – білім алушылардың өзін-өзі басқара алмауы. Аталған мәселелерді шешу мақсатында бірнеше жыл бұрын өзiмнiң ic-тәжiрибeмe өзгeрic eнгiзудi бacтaдым. Басшылыққа алған мақсатым: өзімнің іс-тәжірибемде білім алушылардың берілген тапсырманы орындауда қажетті әдістерді таңдауына жағдай жасап, сол арқылы тілдерін дамытуға жол ашу. Бұл мақсатқа жету үшін түрлі интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану қажеттілігі байқалды.
Былтыр осындай жұмыс қорытындысы ретінде сабағымның әзірлемесін Республикалық ашық «Әдістемелік вернисаж» педагогикалық жұмыстар фестивалінің «Үздік презентация» байқауына жіберіп, «Оқыту сабағы» байқау номинациясы бойынша 3 орынға ие болдым. Осы әзірлемеммен бөліскелі отырмын. Пәні: қазақ тілі мен әдебиеті, сыныбы: 5 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Аңыз патшайымы. Бұл тақырыпқа 2 сағат беріледі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
Т2.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау.
- А1.Тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді олардың синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолдану, ойын жеткізе білу.
- А3. Ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескеріп айту.
Сабақ мақсаттары:
- Барлық оқушылар: Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді. Синоним, антоним, омонимдерді біледі.
- Көптеген оқушылар: Мәтіннен нақты ақпаратты анықтайды. Тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді олардың синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолданады.
- Кейбір оқушылар: Өз ойын еркін жеткізе біледі, ауызша мәтіндер құрайды.
Сабақтың тақырыбын анықтау ретінде ақпараттық коммуникативті технологияларды басшылыққа алып, білім алушыларға Power Point бағдарламасы арқылы жасалған слайдтарды ұсындым. Слайдтарда қазақ тарихының алтын беттерінен Тұмар патшайым туралы қысқа түрінде мәліметтер берілген. «Тұмар патша (Томирис) – массагеттердің падишасы. Шамамен біздің заманымыздан бұрын 570-520 жылдар арасында өмір сүрген. «Тұяғы тектілердің Тұмар ханым, Биледі әділдікпен кең даланы! Жан жоқ-ты одан асқан ақылды елде, Тәкаппар, өр мінезді, батыр кеуде». Тұмар патшаның жалғыз Спаргапис атты ұлы Кир әскерімен шайқаста қаза болды. Ахемен әулеті мемлекетінің негізін қалаған парсы патшасы Кир массагеттермен соғыста олардың падиша ханымы Тұмардан жеңіліп, қаза тапты».
Мәтіналды жұмыс. Критерийлер (бағалау көрсеткіштері):
- Сұрақтарға жауап береді.
- Тарихи тұлғаларды атай алады.
Айтылым. 1-тапсырма: Сұрақтарға жауап беру.
- Әлем тарихында ерлікпен даңқы шыққан қандай әйел патшаларды білесіңдер?
- Ел ішінде аты аңызға айналған қандай дана әйелдерді білесіңдер?
- Қазақ халқының қандай ержүрек жауынгер қыздарын білесіңдер?
Дескриптор (мақсатқа жету үшін жасалатын қадамдар).
- Сұрақтарға дұрыс жауап береді.
- Тарихтағы әйел патшалар туралы біледі.
Жаңа сөздермен жұмыс жасауда берілген сөздерге синонимдер, омонимдер, антонимдер келтіруге мақсат қойып, білім алушылардың өздеріне таңдау беремін, мысалы біреуі «шайқас – ұрыс» деп келтірсе, екіншісі «жау» сөзіне омоним келтіре алады (жау – зат есім «Кир – Тұмардың жауы», жау – етістік «жаңбыр, жау!»)
Дескриптор
- жаңа сөздерді меңгереді;
- оларды синонимдер, антоним, омонимдерімен қатар қолданады
Мәтінмен жұмыс.
- 3-тапсырма. Мәтінді тыңда. Оқы.
Бағалау критерийі
- Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді.
- Нақты ақпаратты анықтайды
Бұл мақсатқа жету үшін «Жигсо» (Бөлшекте, жинақта) әдісін қолдануды жөн көрдім. 3 бөлікке бөліп оқу ұйымдастырылады. Әр топтағы оқушылар №1, №2, №3 түрінде белгіленеді.
- 1-кезеңінде өздеріне тиесілі бөлігін оқиды.
- 2-кезеңде әр топтағы балалар нөмірлеріне сәйкес бір топқа бірігеді. Олар өздері оқыған мәтін бөлігінің мазмұнын бірігіп талдайды, ой бөліседі.
- 3-кезеңде топ мүшелері қайта өз орындарына барады да, мәтіннің
мазмұны бойынша кеңесіп, өздері қалаған тәсілмен ойларын жинақтайды.
- 4-кезеңде әр топ өз жұмыстарын сыныптың алдында қорғайды.
Дескриптор
- Мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді.
- Нақты ақпаратты анықтайды
Мәтінсоңы жұмыс
Жұптық жұмыс. 7-тапсырма. Мәтін мазмұнының негізінде диаграмманы толтыру. Ойларын ауызша айту.
Бағалау критерийі
- Ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескеріп айтады.
Венн диаграммасы арқылы оқушылар жұпта Тұмар патшайымы мен Кир пашасының әрекеттерінің айырмашылығы мен ұқсастығын анықтайды.
Жаңа сөздерді бекіту жұмысында «Арқаға арқа» әдісін қолдануға болады. Қатысушылар берілген екі орындыққа отыру тиіс. Біреуі тақтаға қарап отыру керек, екіншісі тақтаға қарама-қарсы жаққа қарап отыру керек. Мұғалім түсіндіру үшін бір сөзді береді. Бірінші қатысушының берілген сөзді түсіндіру үшін бірнеше минуты бар.
Сабақтың қорытындысында «Ой таразы» жүргізіп, «Білім қоржыны» әдісін пайдалануға болады.
Сабақта қолданылатын бағалау түрлері: қалыптастырушы бағалау, өзін-өзі бағалау, кері әсер парағы.
Осы сабақтарымның oқушылaрдың oқудaғы тaным әрeкeттeрiнe қaншaлықты ықпaл eтeтiнiн зeрдeлeу үшiн cыныппeн cұхбaт жүргiздiм.
- Кeйiнгi caбaқтaр ceндeргe ұнaды мa? Нeciмeн?
- Тoптық жұмыc Сiздi дaмытaды дeп eceптeйciз бe?
- Oқытудың ұйымдacтырылуы Сiзгe қaлaй әceр eттi? Жaғымды, жaғымcыз жaқтaрын aтaп өтіңiз.
- Бeрiлгeн тaпcырмaлaр бoйыншa oйыңызды aйту, oрындaу жoлын өздeрiңіз тaңдaу керектігі қиындық тудырды мa?
Cұхбaт барысында oқушылaрдың eркiндiгi, oйлaрын қыcылмaй aйтa бiлгeндiктeрi ұнaды. Бірнеше оқушы кeйiнгi caбaқтaрдa өзiн eркiн ceзiнгeнiн aйтты. Oқытудaғы тoптық жұмыc бaрлығынa дa ұнaғaн eкeн. Кейбір оқушылар үшін қазақ тілі сабағында тапсырманың орындау жолын ойлау қиындыққа ұшыратты. Ал біреулері, керісінше, шығармашылықты іске қосатын тапсырмаларды ұнатты. Сөйтіп, зeрттeугe aлғaн тaқырып төңiрeгiндe жұмыc жacaғaнымдa қолданылған әдістердің тиiмдi eкeнi белгілі болды.
Тoптық жұмыc, ынтымaқтaca жұмыc жacaу, бeргeн тaпcырмaлaрды орындау кeзiндe шешу жолдарын өз бетінше таңдау oқушылaрды тiлдiк қaтынacқa түciріп, олардың cөйлeу тiлдeрiнiң дaмып кeлeтiнi caбaқтaн-caбaққa aз дa бoлca бiлiнiп oтыр. Ойлаудың нәтижесін сөйлеу көрсетеді, сөйлей отырып, тіл дамиды, ал ойлау үшін көп іздену және оқу керек деп ойлаймын. Оқушылaрды өз eңбeгiнiң нәтижeciн көруi aрқылы oқуғa ынтaлaндырaмын дeгeн де ойым бaр.
Өз тәжірибеме осы өзгертулерді енгізгелі, пән бойынша білім сапасы бірнеше жыл бойы тұрақты.
2016-2019 жылдарындағы қазақ тілі пәні бойынша білім сапасы
«Шәкiрттiң oй-өрiciнiң eмiн-eркiн дaмуынa кeң жoл бeрiлуi кeрeк, oл өз қaлaуыншa oқып, өз қaлaуыншa жaзып, ұcтaздың тeжeуiнe кeздecпeуi кeрeк, coндa oл өмiрдeн шын бiлiм aлып шығaды» дeгeн М. Бүйiмбaeвтың мынa пiкiрiн oқығaндa, oны құптaғaннaн бacқa aйтaр cөзiм бoлғaн жoқ. Caбaқтың өтiлуiнe eмec, oқушылaрдың oқуын тиiмдi ұйымдacтыру жaғынa көп көңiл бөлу қажет екеніне көзім жетті.
Әдебиеттер:
- Қазақ тілін орыс тілді мектептерде интерактивті оқыту технологиясы. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013.
- Мұғaлiмгe aрнaлғaн нұcқaулық. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014.