Аманжолова Гульназ Жумжановна
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы
Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ
базасындағы тірек мектебі (РО)
директорының тәрбие жұмысы
бойынша орынбасары
Уақыты: әр ай сайын. Жобаны қолға алудағы тағы бір мақсат, әр баланың арманы – ол сахнаға шығу, өнер иесі болу, қошеметке ие болу, немесе басқа да өнер саласының майталманы болу. Осы арман көбіне қиялға айналып, ал ол қиял сағымға айналып, түбі өкінішке апарып соғып жатады. Неге арманды дер кезінде шындыққа айналдырмасқа? Жүрек түкпірінде жатқан шоқтың маздап жанбауына не себеп? Бұған әрине себеп көп. Соның ішіндегі ең өзектісі бұл ұяңдық, сенімсіздік, дер кезінде қолдаудың болмауы, жасқаншақтық. Сыныптағы, мектептегі, айналасындағы қатарластарының көлеңкесінде қалып қоюға апаратын кемшіліктің орнын толтыру мақсатында осы жоба қолға алынды. Сайысқа қатысам деген оқушыларға шектеу қойылмады, тек ынтасы бар адам іріктеуге келіп бағын сынады. Нәтижесінде құрамында алты тәлім алушысы бар төрт топ жасақталды:
Әлжанов Дәурен Рахымұлы. Мектебіміздің музыка пәнінің мұғалімі.
ҚР Елордасы – Астананың 15 жылдық мерей тойы аясындағы «Астана мәртебем мақтанышым» аймақтық байқауының жеңімпазы. Жезқазған қаласында өткен Ұлытау үні фестивалінің лауреаты, Үздік жас маман сайысының «Өнерлі» номинациясының иегері
Ұстанымы – «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, ақылың мен қайратың екі жақтап»
Құсбекова Ардана Қанатқызы –математика пәнінің мұғалімі.
Облыстық ән байқауларының, жүргізушілер байқауының бірнеше дүркін жеңімпазы, облыстық «Біздің мүмкіндіктер» сайысының жүлдегері, волейболдан аудандық жарыстардың жеңімпазы, аудандық Серік Ысқақов атындағы халық театрының мүшесі.
Ұстанымы – «Мақсатың айқын болса, арманың орындалады.»
Шалғынбаева Ақтолқын Катжанқызы — бастауыш сынып мұғалімі, мұғалімдікпен қатар өнерді де спортты да қатар алып жүреді. Мектептің волейболдан құрама командасының мүшесі .
Ұстанымы- Бес саусақ бірдей емес, бірақ әрқашан бірлікте!
Тишмағанбетова Фариза Диханбайқызы – мектеп психологы, волейболдан үздік ойыншы, «Дарынды оқушыға талантты ұстаз» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы.
Ұстанымы- « Ешқашан мойымай тек алға!»
Жыл бойы өткен жоба өз нәтижесін берді, барлық топтың белсенділігі төмен, бірақ ынтасы бар оқушылар жоба соңында өздеріне деген сенімділігі нығаюы арқасында жарқырап көріне бастады, өздеріне жаңа достар, жаңа орта тапты. Тіпті кей оқушылар спортта, өнерде көшбасшылық деңгейге де жетті.
Осы жобаны ұйымдастыру, жүргізу барысында біздің бір нәрсеге көзіміз анық жетті: әрбір баланың көкірегінде жұлдыз бар. Оны тек қана дер кезінде байқап, жарқырай жануына мүмкіндік беріп, демеп жіберу керек. «Сенің қолыңнан бәрі келеді, сен мықтысың!» — деген сөзді әрбір бала күтеді екен, және дәл сол сәттен бастап дараланып, толық тұлғаға айнала бастайды. Мектебімізде өткен осы бір керемет жоба біздің бұл сөзіміздің айқын дәлелі бола алды.