Home » Мақалалар » Қашықтықтан оқытудың тиімділігі

Қашықтықтан оқытудың тиімділігі

 

Бекей Жанбота
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы,
Күншалған ауылдық округінің
Күншалған орта мектебі мұғалімі

          Шалғайда орналасқан Күншалған ауылының,  Күншалған орта мектебі  еліміздегі жарияланған төтенше жағдайға байланысты  соңғы тоқсанды қашықтықтан оқытты. Бұл жағдайда  ұжым болып, ата-ана, мұғалім оқушы  үш тараптан да үлкен қолдау көрсете білді. Қашықтан оқыту барысында, оқушылар мен мұғалімдердің бір-біріне деген сыйластығы, құрметі,  түсінісуі артты деуге болады. Ата-анамен  байланыстары күшейді. Балаларының сабаққа қатынасуын, пәнге деген қызығушылығын қадағалап дер кезінде көмектесіп отырды. Мұғалім жұмысының асқан жауапкершілікті талап ететінін,  ата-аналары да  сезіне білді. Сонымен қатар, қашықтықтан оқытудың  тағы бір тиімділігі оқушының компьютерді еркін меңгеруіне жол ашты. Себебі ауылдық жерлерде  оқушылар көбінде смартфонда  жиі отырмайды, өйткені ауылдың тұрмыс-тіршілігі оған мүмкіндік бермейді. Оқыту кезінде ғаламтордан пайдалы, қажетті ақпаратты іздеуі, екінші бір адамға жүктей алуы, ауыл балаларының заман талабына сай  ақпараттық – технология тілін жетік меңгеруіне, жан-жақты адам болып қалыптасуына  үлкен септігін  тигізді.
Әр нәрсенің екі қыры бар демекші, қашықтықтан оқытудың  тиімділігін байқалды. Оқушының мектебіне деген сағынышы, құрметі екі есе артты деуге болады.  Мектеп ұжымы  қандай жағдай болмасын бір қолдан жең, бір жағадан бас шығара алатынын көрсетті.

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.