Home » Сценарийлер » Аяулы Анашым

Аяулы Анашым

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Садвакасова Жангуль Хамитова
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі
№62 «Нұрсәуле» балабақшасы МКҚК
Ересек тобы «Жауқазын» тобы
тәрбиеші

        Ертеңгілік
Тақырыбы:   Аяулы Анашым
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, аналар мен әжелер! Сіздерді көктемнің келуімен және бірге келетін алғашқы көктем мерекесі 8 Наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! 8 наурыз халықаралық аналар,әжелер,апалар мерекесіне дайындаған мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.
1-Бала.Сізден өскен балалар
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті біздің аналар
2-Бала. Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз.
Балаларды қуантып.
Ұзақ өмір сүріңіз.
3-Бала.Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек.
Аналардың жүрегі.
Мейірімдіғой керемет.
4-бала: Мама лучше всех на свете
Говорят про маму дети
Мама лучший мире друг.
Это знают все вокруг.
Ән: «Анашым»
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, ұлдар, қыздарды бүгінгі мерекесімен құттықтап, тілектеріңді айттыңдар. Ендеше өздерің айтқандай қыздарымызды ортаға шақырып, ойын ойнайық.
Ойын: «Кім бірінші қызға гүл сыйлайды» Шарты: Ортада үстел үстінде құмыраға салынған гүлдер тұрады. Ойынға 5-6 ұл бала қыздарды вальс биіне шақырады.
Әуен ойналып, вальс билейді. Әуен тоқтаған кезде, ұлдар жүгіріп барып құмырадағы гүлді алып бірінші қызға сыйлау керек. Кім бірінші қызға гүл сыйласа, сол бала жеңіске жетеді.
Тәрбиеші: Көктем келмей бүгінде, Көңілді өтпес мереке. Көктемді мұнда шақырып, Табамыз қайдан лезде?Музыка ойналып, ортаға майшелпек жүгіріп шығады.
Тәрбиеші: Ой, майшелпек, сен мұнда қайдан жүрсің? Мұнда неге келдің?
Майшелпек: Мен, майшелпекпін, атамнанда қаштым, әжемнен де қаштым. Міне осында сендерге келдім. Құр келген жоқпын, сендерге хат әкелдім. Ол қайда кетті (іздейді)?
А-а, міне, таптым! (тәрбиешіге береді)
Балаларды, қонақтарды мерекемен құттықтап, қоштасып шығып кетеді.
Тәрбиеші: Міне, қызық?… Мына хат кімнен келді екен? Кәне, оқып көрейік.
Сәлеметсіңдер ме, балақайлар! Мен көктемнің апасы қыс ханшайымымын. Сендер менімен бірге қыс мезгілінде қызықтап, қардан аққала жасап, шанамен сырғанап, көңіл көтердіңдер. Енді менің сібір жаққа кететін уақытым болды.
Сәлеммен: Қыс ханшайымы.
Тәрбиеші: Қыс ханшайымы көңіл көтеріңдер-деді ғой. Олай болса көңіл көтерейік. Музыка ойналып, ішке сыпырғышымен ұшып мыстан кіреді.
Мыстан: Қараңғы үйшікте тұрамын, Сиқырлаймын алдаймын. Сыпырғышпен ұшамын. Мұнда бала көп екен? Бұл не өзі болды екен?
Балалар: Бұл балабақша.
Мыстан: Демек, мен дәл түскен екенмін ғой! Мен балабақшаға келген екенмін ғой! Жақсы болды! Ормандағы досым айтып еді: балабақшаға бар, онда балалар көктемді қарсы алып, аналар мен әжелерін мерекесімен құттықтап жатыр. Ал, сен онда болмайсың! Сендер мені шақырған жоқсыңдар! Мына мені, Мыстан сұлуды шақыруға ұмытып кеттіңдер(өзін қолымен көрсетеді)! Сондықтан мен сендерді кешірмеймін! Мен сендерден өшімді аламын! Мерекені болдырмай, мен сендерді осы жерден қуып шығамын!(балаларды қорқытады)
Тәрбиеші: Әй, Мыстан! Босқа шаршамай-ақ қой. Күшіңді құр босқа жоғалтпай-ақ қой! Біз сенен қорықпаймыз.
 Мыстан: Ах, сендер менен қорықпайды екенсіңдер! Қазір мен айқайлаймын(айқайлайды). Мен сыпырғышыммен ұрайын(сыпырғышпен жерді соғады). Мен сендерге көктем аруын жібермеймін. Айналаны қара түнек көңілсіздік басатын болады. Мен қара түнекпен доспын. Ол сендерге көңіл көтеруге мұрша бермейді. Көктем аруы да оянбайды. Ал, көктем келмесе, мерекені де тойлай алмайсыңдар!
Тәрбиеші:Біз көңілді халықпыз. Көңіл көтеріп, би билеп, ән салып, қара түнекті қуамыз. Кәне, балалар, көңілді, әзіл ән салыңдар.
Мыстан: Ән салыңдар, салыңдар! Осыдан менің күлдірмей көріңдер! Көресетемін мен сендерге!
Ортаға әже киім киген төрт ұл шығады.
Әзіл ән: «Әжелер әні»
Бәрі: Келіннен қорқып саспайық, Келіңдер өсек бастайық. Немеренің әртүрлі Қылығын айтып тастайық.
 қ/сы: Ойбай, белім-ай, Қайда кетті келін-ай.
1-бала: Немерем менің блатной,
Күндіз тыным таппайды.
«Видео көру керек керек»-деп,
Кешкі ұйқыға жатпайды.
қ/сы: Ойбай, сұмдық-ай. Ұят екен масқара ай
.2-бала: Немерем менің кір-кір боп,
Үйдің бетін көрмейді.
«Киндер» сатып әпер деп,
Еш тыныштық бермейді.
 қ/сы: Ойбай, сұмдық-ай Ұят екен масқара-ай.
3-бала: Немерем менің теңгеге,
Үйір болып алыпты.
Мың теңгені сағызға,
Аямай бере салыпты.
 қ/сы: Ойбай, сұмдық-ай Ұят екен масқара-ай.
4-бала: Немерем менің ән салса, Махаббат деп айтады.
Қызың бар ма деп едім,
«Жоқ»,-деп басын шайқады.
Бәрі: Келіндер келіп қапты ғой, Бізде үйге кетейік. Немере шіркін тәтті ғой. Барына шүкір етейік.
қ/сы: Ойбай, белім-ай, Қайда кетті келін-ай.
Мыстан: Жарайды мені күлдірдіңдер! Бірақ мен сонда да берілмеймін. Күшті болсаңдар менің көңілімді тағы да көтеріп билетіп көріңдер. Сендер мені билете алмайсыңдар. Тәрбиеші: Ах, мына мыстан өзінің жеңілісін мойындамады ғой. Балалар, көңілді би билеп, мына мыстанды билетсек қайтеді?
Балалар: Иә.
Би: «Қыздар биі»
Мыстан да балалармен қосылып, билеп кетеді. Музыка бітсе де Мыстан билеп жүріп әрең тоқтайды.
Мыстан: Жарайды, жарайды. Менің көңілімді көтердіңдер! Сендер жеңдіңдер! Жарайсыңдар, бұл балабақшада шапшаң, өнерлі, әрі көңілді балалар бар екен! Менің көңілімді көтердіңдер, би де биледім. Көңілімді көтеріп, бір жасарып қалдым. Жарайды менің орманға қайтатын уақытым болды. Мен барып көктем аруын оятайын. Ал, сендер, мені мерекеге шақыруға ұмытып кетпеңдер! Қош сау болыңдар! Мыстан қоштасып, шығып кетеді.
Тәрбиеші: Манадан бері, ән де айттық би де биледік, ойын да ойнадық. Ал, көктем аруы әлі жоқ! Не болды екен, балалар?
Осы кезде музыка ойналып ортаға көктем аруы шығады.
Көктем: -Салеметсіңдер ме балалар! Мерекелеріңіз құтты болсын аяулы аналар! Құстар әнін ала келдім. Жерге кілем жаба келдім. Жан бітіріп табиғатқа, Гүлдерімді ала келдім.
1-бала .Бәйшешек гүлі :Көктем гүлі бәйшешек,
Мен боламын қараңдар,
Наурыз,сәуір айында.
Мен шығамын жайқала.
2-бала.Қызғалдақ гүлі.Қырқалардың төрінде
Қаулап көзге тұрамын.
Құлпыра жайнап өңірде,
Қып қызыл боп тұрамын.
3-Бала.Жауқазынмын жайқалған,
Сұлу гүлмін жайнаған.
Көктемде мен гүлдесем,
Құлпыра кетер айналам.
Жүргізуші: Салеметсіз бе Көктем аруы! Қош келдіңіз!
Би: «Аспасшылар биі.»
Көктем: Рахмет, балалар, бүгінгі мерекемен мен аналар мен әжелерлі тағы да құттықтаймын. Мен сендерге әдемі гүлдер алып келдім. Ол гүлдерді көру үшін, алдымен көздерімізді жұмуымыз керек. Балалар көздерін жұмады.
 Көктем: Бір, екі, үш. Көзідеріңді ашыңдар.
Тәрбиеші: Міне, керемет, қандай әдемі гүлдер!
Көктем: Бұл гүлдер, жәй гүлдер емес, тосын сыйы бар керемет гүлдер. Балаларға таратып береді.
Көктем: Балалар менің кететін уақытым болды. Мен сендермен қоштаспаймын. Әлі де мен сендермен бірге боламын. Сендер мені далаға серуенге шыққанда көретін боласыңдар. Көріскенше сау болыңдар балалар. Музыка ойналып, Көктем залдан шығып кетеді.
1-Бала.Құтты болсын ақ анам,
8-ші наурызың!
Қасымда бол әрқашан.
Жансың жарық жұлдызың.
Тілейді Бақыт бір саған
Әлпештеген ұл қызың.
Тәрбиеші : Осымен бүгінгі «Аялаған анашым» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Келесі ертеңгілікте кездескенше қош сау болыңдар

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.