Home » Мақалалар » Қашықтықтан оқытудың пайдасы

Қашықтықтан оқытудың пайдасы

Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
«12 жалпы білім беру орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Жамаладдинова Жадыра Жақсылыққызы

2020 жылдың 16 наурызы Қазақстан халқы үшін ерекше күн болды. Елде төтенше жағдай жарияланып, блок посттар қойылып, қалалар бірінен  кейін бірі карантинге  жабылды. Оған себеп «Covid19» пандемия ауруының анықталуы. Бұл аурудың басты ошағы Қытай республикасының Ухань қаласы. Алғашқы дерек осы жерде тіркеліп, әлі күнге дейін емі табылмаған  « Короновирус» айшылық алыс жерден , жылдам хабар алдырып бізгеде жетті. Қазақстан бойынша Президентіміз Қасымжомарт Тоқаевтың шешімімен елде төтенше жағдай жарияланып, жедел шешімдер қабылданды. Әлемнің түкпір- түкпіріне тарап, әуреге салған «Короновирус» жайлы бүкіл ақпарат  құралдары айтып, әлеуметтік  желілер жазып жатты. Қазақстан заңнамасына сәйкес адам өмірі мен құқығы ,  денсаулығы бірінші орынға қойылғандықтан кәсіпорындар, сауда орталықтары,  түрлі мекемелер, тіпті әуе рейстері бірінен кейін бірі тоқтатылып жатты. Әлем бойынша адам шығыны да болып жатты. Эканомикаға ауыр соққы болды. Осы мезетте болашақ мамандар, ғалымдар, ұстаздар, түрлі сала, арман қуған жас буынның білім алатын ошағы білім ордалары да назардан тыс қалған жоқ. Мектептер, университеттер, жалпы білім беруші мекемелер қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті. Ел басына күн туып, қара бұлт үйірілгенде әрбір сала қызметкерлері өз міндеттерін жоғары деңгейде атқарып жатты. «Болмасаң да ұқсап бақ, Еңбегің кетпес далаға, Ұстаздық  еткен жалықпас, Үйретуден балаға» — деген ұранды ту еткен ұстаздар легі үсті- үстіне келіп жатты. Ұстаздарымыз оны да тез меңгеріп, жағдайға тез бейімделді. Алғашында түрлі ыңғайсыздық тудырғанымен жағдайдың тұрақтануына да ұстаздар көмегін тидірді. Қашықтықтан оқыту кезінде Білімленд, Дарын онлайн және телеарналар оқушылардың білім алуына септігін тигізді. Алғашқы күнен бастап баланы түгендеу, баланың сабаққа уақытылы қатысуы , дұрыс түсіндіру, жағдайына қарау, карантин режимі қатаң сақтауды да ұстаздар өз мойнына алды. Бұрын мектеп партасында отырып білім алатын оқушылар, үйден оқытылуға көшті. Бірталай қиындықтарда белең алды. Интернет  желісінің әлсіздігі, кейбір оқушылардың ұялы телефонының болмауы, тіпті кейбір  үйлерде көгілдір экранның болмауы да елдің әлауқатын көрсетіп қиындықтар туғызды. Мемлекет бұл іске де бей- жәй қарамай, өз тарапынан бірталай шаралар қабылдады. Осы орайда ұстаздар қауымына артылған бірінші міндет шәкірттерін сапалы  біліммен сусындатып, білімін үй жағдайында да арттыру болды. Әрбір баланың жеке ерекшелігін  ескере отырып, жүйелі түрде бар мүмкіндіктерін салып білім беріп отырды. Қоғамда кейінгі кезде мәртебесі артты.  Бұрын баланы бас бүтін мектептке тапсырып, барлық талапты мұғалімнен күтіп , кінәлауға дайын тұратын кейбір ата – аналар  ұстаздар қадірін түсінді. « Таяқтың екі ұшы бар» деген мақал осы орайда тегін айтылмаса керек… Қауіпті  вирустің  аса қауіптілігі елді сарсаңға салып жатқанда, адами құндылықтың маңызы артып, табиғатты аялап, табиғатпен теңесіп  өмір сүруді үйренді. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші түрлі шаралар  ұйымдастырылып әлеуметі төмен отбасыларға  көптеген көмектер көрсетілді.  Мұғалім көп, ұстаз біреу. Нағыз ұстаз өз саласының маманы. Шәкірттерін Хан Тәңіріндей  болған асқақ армандарының биік шыңына жеткізу үшін мойымай , ерен еңбек етуде. Қоғамда аса маңызға ие болған ұстаздың ойып алатын орны ерекше.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.