Түркістан облысы
Сарыағаш ауданы
Сарыағаш қаласы
Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта мектебінің музыка пәні
мұғалімі Тембаева Розалия Ералиевна
Бүгінгі таңда республикада әлеуметтік даму,қазақстандық қоғамды демократияландыру мен ізгілендіру ел тағдыры үшін жауапкершілік сезімге ие, өзінің мінез – құлқы мен қызметін реттей алатын, ынтымақтастық жасауға қабілетті, таңдау жасауда өз бетінше жауапты шешім қабылдай білетін, белсенді, жасампаз тұлға қалыптастыруға қойылатын талаптарды арттыра түседі. Қазіргі таңда жалпы білім беру орындарында музыка сабағын жоғарғы дәрежеде өткізу көзделіп отыр. Музыка пәні – шығармашылық пән. Оған көптеген ізденіс, шығармашылық, іскерлік, тапқырлық өте қажет.
Сондықтанда музыка пәні мұғалімдеріне мектеп әкімшілігі, ата-аналар зор үміт артады. Оқушы бойына музыкалық білімді игерту – пәндегі сабақ жоспары құрылымы бойынша болғанымен жеке дара табиғи дарынды оқушылармен жұмыс аспаптық үйірмелер арқылы дамитынын білеміз.
Сол орайда музыка пәні мұғалімінің кәсіби шеберлігі жоғарғы деңгейде болу керек. Ал ол үшін пән мұғалімі қазіргі таңда қолданысқа берілген жаңа технология әдіс-тәсілдерін, түрлі бағдарламалар элементтерін дұрыс және ұтымды қолдануы қажет. Музыка пәнінде музыкалық шығарманы немесе әнді тыңдау,оның шығу тарихымен танысу, музыкалық аспапта ойнап үйрету музыка дүниесін түсінуге кең есік ашады. Әрбір шығармамен немесе әнмен жете танысып, өзі орындап үйренген сайын оқушыда өз қабілетіне деген қанағаттану мен қызығу пайда болады. Осы үрдіс барысында кейбір оқушылардың әлеументтік белгілері оянады. Ол орындаушының немес музыка тыңдаудан әсер ала білу қабілеті болуы мүмкін. Осы белгілердің оянуы әсерінен оқушының жан дүниесі тазарып, сұлулық пен әдемілікке деген өз көзқарасы пайда болып, көркем мінез қалыптасуына ықпал жасайды. Бұл жерде педагогтың оқушымен өзара қарым қатынас шеберлігі үлкен роль атқарады. Шебер педагогтың әр сабағы сайын оқушының мінезі жаңа қырынан ашылып адами мәдениеттілікке бейімделе бастайды. Музыканы тыңдап сезіну арқылы сезім тазалығы қалыптасып, адамның эстетикалық талғамы оянады. Сонымен қатар музыка әсерінің ықпалымен ой – санасы сергейді. Музыка арқылы жастарды тәрбиелеуге алдымен міндетті түрде халқымыздың ғасырлар бойы – тарихи дамуы барысында жинаған өнер туындыларын кең көлемде саналарына сіңіруден бастау керек. Нақты тарихи жағдайларын қалыптасқан халқымыздың інжу – маржанға толы аса бай мәдени мұрасын табиғатпен біте қайнасып жатқан таза ұлттың өрнегімен саналарына сақтай білулері үшін дүние – жүзілік үздік классикалық музыка туындыларының ұлттық тәрбиемізге сай, құлаққа жағымды,жүрекке жақын көркем шығармаларымен қмтар сусындап отыру қажет. Халқымыздың және дүние жүзі музыкасының алатын қазынасындағы құнды педагогикалық идеялармен ғасырлар бойы тексерістен өткен тәрбиенің тың тәжірибелері арқылы бүкіл әлемдік педагогикалық ой – пікірді байытып, сапасын арттыра түссек нұр үстіне нұр болар еді.
Музыкалық шығарманы меңгерген оқушыға Б.Асафьевтың мына сөзі дәл айтылған « Музыкада еш нәрсе дыбысталу тәжірибесіз болмайды. Сондықтан ешқандай оның тана абстрактіден, музыкалық материялдан тыс туа алмайды, тек нақты дыбыстарды сезінуден пайда болады». Бұдан байқайтынымыз оқушының музыкалық шығарманы меңгеруі музыканы қабылдауын дамытуда ықпал тигізеді.
Ойымызды қорыта айтқанда ең бастысы, оқушының талаптары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашу,олардың белгілі бір нәрсеге қызығуы мен ынтасын ояту, оқушының бос уақытын ұйымдастырудың формасы болып, олардың адамгершілік мінез – құлық тәжірибесін қалыптастырудың негізі ретінде қызмет атқарады.