Home » Мақалалар » Біз – жеңістің ізбасарларымыз

Біз – жеңістің ізбасарларымыз

Биыл ұлы жеңісімізге 75 жыл! 1941 – 1945 жылдардағы Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы, яғни екінші дүниежүзілік соғыс болып тарихқа мәңгі енді. Ұлы Отан соғысына қатысқан ержүрек те, батыл аталарымыз бен апаларымыз: Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Төлеген Тоқтаров сынды батырларымыз елімізді, жерімізді басқыншы жаудан қорғаған. 1941 – 1945 жылдар аралығында болған соғыс қаншама жанның өмірін қиды, қаншама отбасы ер азаматтарынан айырылып, қара жамылды. Зұлым соғыс қаншама бүлдіршінді жетім қалдырды. Елді жоқшылық, аштық жайлады. Тылда еңбектеген баладан бастап, еңкейген қартқа дейін тыңбай еңбек етті. Соғыс адамзат баласын біріктірді. Олар бейбіт өмір үшін қасық қаны қалғанша күресті. Бұл соғыста Қазақстандағы әр отбасынан 100 деген мың адам қолына қару алып, соғысқа аттанды. Соның бірі менің нағашы атам – Рысқұлов Дүйсенәлі Байжанұлы. Атам Дүйсенәлі 1925 жылы 15 тамыз Жамбыл облысы Шу ауданы Амангельді совхозы, қазіргі Алға ауылында дүниеге келген. Руы қыпшақ. Ұлы Отан соғысының ардагері. Атам соғысқа 1942 жылы шақырылып, Жапон елінде ерлік көрсетіп соғысқан. Соғыс біткен соң солдаттарды алып қалған екен, соның ішінде менің атам да бар. Өйткені, бұзылған қалаларды қалпына келтіруге көмектесіп, 1948 жылы туған жері  Алға ауылына келіп еңбек еткен. 1954 жылы атам, жары Хамзагүл Боқпанбайқызымен отбасын құрып, жеті ұл, бір қыз тәрбиелеп, немере мен шөбере сүйген. Атам өте еңбекқор болған. Құрылыс саласында жұмыс атқарған. 2004 жылы қазан айында 80 жасқа келер шағында дүниеден өтті. Менің дәл бүгінгі күндей бақытты өмір сүреуіме үлес қосқан атамды мақтан етемін! Көп қасірет әкелген соғыс қайталанбаса екен деп тілеймін!

Алматы қаласы
Түрксіб ауданы
КММ №84 ЖББ мектептің 4 «А» сынып оқушысы
Қырғызбай  Іңкәр
Жетекшісі: Адема Абеуғалиқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.