Алматы қаласы білім басқарамасына қарасты «№31» Бөбекжай -балабақшасында мектепалды «Балдырған» тобы 9 мамыр Жеңіс күніне орай тақырыптық шағын концерт ұйымдастырыпты.
9 мамыр Қазақстан халқы үшін ұлы мереке. Ұлы жеңіс күнін әр шаңырақ ыстық ықылыспен еске алады. Сол сұрапыл соғыс жылдары бір де бір шаңырақты айналып өтпеген. Бір үйден әке келесі шаңырақтаың атасы, басқа үйдің ағасы тағы да басқа жандар кеткен. Әр отбасына жеңіспен оралып, немесе ерлікпен қаза тапқан тіпті оралмаған жандар бар. Соғыста жеңіске жету жолында миллиондаған адамның өмірі қиылды. Сондықтан кейінгі ұрпақ, соғыста құрбан болғандарды жылда 9 мамырда еске алары сөзсіз.
Балабақша ұжымының басты мақсаты; бүлдіршіндерді балабақша қабырғасынан өткенімізге үңілтіп, ата-бабамыз ұрпағының бақытты ғұмыр кешуі жолында небір қиын кезеңдері бастан өткізгендігі жөнінде, Қазақта қанша қаһармандар мен батырлар болғандығын бала санасына сіңіру., олардың ерліктерін еске түсіру, ең бастысы Отанға деген құрмет дейді аталмыш балабақша әдіскері Еспулова Алмагуль Қуанышқановнаның.
Ұйымдастырылған тақырыптық мерекелік кеште тәрбиеленушілер өздерінң тәрбиешілерінің тақырыпқа сай дайындаған әндерін шырқап, билерінде биледі. Өздері кішкентай болса да жиналғандарды мол ақпаратпен таныстырды. Кішкентай бүлдіршіндердің соғыс жылдарында ерлік көрсеткен Әлия, Мәншүктей батырлардың тарихына үңіліп, көрініс көрсеткендері, өлең оқығандары өте әсерлі болды.
«№31» Бөбекжай-балабақша меңгерушісі Бахтиева Айнур Юсуповна -Бүгін сонау сұрапыл соғысты еске түсіріп, сол жылдары ерлікпен қаза тапқан батыр ата-апаларымыздың еңбектерін еске алып, тарихқа көз жүгірттік. Әрине бала санасына соншама ақпаратты сіңіру оңай болмас дегенмен, аз да болса естерінде қалар деп ойлаймын. Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Әлия мен Мәншүкті білді. Оның өзі жетістік. Балабақша баланың мектепке дейінгі зейінін ашар қасиетті мекен дер едім, тәрбиешілер осы тақырыпта жан-жақты дайындалды. Бүгін дайындықтарының нәтижесін көрсетті Ризамын! деді өз сөзінде меңгеруші.
1941-1945 жж Қазақстан аумағында соғыс болмағанмен майданның тылына айналған еді. Сұрапыл соғысқа кеткен көптеген жандар оралмады, із-түзсіз кетті. Оралғандар мүгедек болып келді. Бүгінгі ұрпақ жеңіс жолында құрбан болған Ұлыларды жылда 9 мамыр Республиканың түпкір-түпкірінде мәдени іс-шаралар ұйымдастырып еске алуда.
Бүгінгі іс-шара да соның бір дәлелі іспетті.
«BILIM AYNASY»
Жұлдызай Елеусізқызы
Алматы қаласы