Home » Мақалалар » Қашықтықтан оқытудың маңыздылығы

Қашықтықтан оқытудың маңыздылығы

Маңғыстау обылысы
 Мұнайлы ауданы
«12 жалпы білім беру орта мектебі»КММ
Информатика  пәні мұғалімі
Тулебаева Динара Ғаниевна

   Білім беру жүйесін жан-жақты ақпараттандырып, қашықтан оқытудың алғы шарттары Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Қазақстан-2030»стратегиялық бағдарламасында айқын көрсетілген.

Қашықтықтан оқытудың маңыздылығы – білім берудің біртұтас ақпараттық жүйесін құру арқылы студенттердің білім деңгейін көтеру. Сонымен қатар әлемдік ақпарат кеңістігіне жол ашып, оқушылардың ғылыми және шығармашылық ізденістерін арттырып, білікті маман дайындап, оны өз игілігімізге жарата білсек, ұтар тұсымыз да сол болмақ. Бүгінде, информация өңдеу мен халықаралық деңгейде еңбек түрлерін бөлу әлемдік экономиканың ең негізгі ерекшеліктері болып отырған кезде, білім алу кез келген маманның жеке және кәсіби табысының негізгі көзі болып қала береді. Білімнің адамнын жұмысқа түру мен өмір сүру деңгейіне тигізетін әсері бұрынғыға қарағанда анағұрлым күшейе бастады. Әрине, білімге қойылатын талаптар да өзгеріске ұшырады: әрбір жанның негізгі білімі мен оның тұрақты жаңарып отыруымен қатар қазіргі маман информациялық қорларды табысты пайдаланып, заң және экономика негіздерін де игеруі тиіс. Қазіргі мамандардан шығармашылық тұрғыдан ойлай білуі, соның негізінде шешім қабылдауы және өмір бойы оқып үйренуі талап етіледі.

Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім және жекелеген қала (университет) шеңберінде жұмыс атқарады, оның құрамына тек жоғары оқу орындары ғана емес, мектептер, гимназиялар мен колледждер де кіреді. Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында зиялылық потенциялын, компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырып, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет. Осыған орай, мектептер мен жоғары оқу орындары жергілікті және аймақтық желіні пайдаланып, шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасуы қажет.

Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде білімнің базалық және деректердің банкілік мәліметтеріне, клиент – сервер, мультимедиа, компьютерді оқып-үйренуші жүйелерге, электрондық оқулыктарға, оку-әдістемелік материалдарға, қашықтықтан оқыту жүйесінің технологиясымен үйлесімді болып келетін, алдағы уақытта оқыту тәсілдерінің ішінде кең тараған бес аспап әрі өміршең түрлері бола алатындай жайлы окулықтарға, бағдарламаларға еркін кіруге болады.

Қашықтықтан білім беру мүмкіндігін ұсынатын оқу орындарының барлығы бір бірінен белгілі қасиеттері бойынша ерекшеленеді. Олардың ерекшеліктері білім беру мазмұны мен деңгейі, білім алушылардың саны мен құрамы, техникалық және қаржылай мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді. Қашықтықтан білім беру жүйесі дамытылған елдер де мемлекет деңгейінде қаржыландыру арқылы жүргізіледі.

Қорытынды ретінде жазатын болсам, оқыту үшін бағалау оқушылардың өздерін-өздері және бір-бірін бағалау екендігі туралы жоғарыда айтып кеттім.
Оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау өте тиімді болып табылады. Бұл бағалау әдістері бойынша оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады. Математика пәніне деген көзқарасы өзгеріп, қосымша ізденіп, көптеген тапсырмаларды (слайд, тренинг, суреттерді.т.б.) дайындап келеді. Сонымен қатар ішкі, сыртқы және мұғалімнің бағалауы бар. Мұғалімнің бағалауы (мадақтау, ынталандыру, тілек айту және смайликтерді беру) оқушының көңіл-күйіне әсер етіп қана қоймай,оны алдыға жетелейді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Журнал «Мектеп» № 11(6 бет)

  1. Журнал «Информатика негіздері» № 1 – 2010 ж (11-14 б)

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.