Home » Мақалалар »  Жағадан алған аты жаман індет «COVID-19» (коронавирус)

 Жағадан алған аты жаман індет «COVID-19» (коронавирус)

Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
«№11 жалпы білім беру орта мектебі»КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Хамитова Улжан Егембердиевна

    Қазақстанды да айналып өтпеді.Біздің елімізге де жетті. Осыған орай, Президент Қасым-Жомарт  Кемелұлының   «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» Жарлығы шыққан болатын. Сол жарлықтың негізінде  Білім беру ұйымдарына , министрлікке қарасты мекемелердің жұмысына ,педагогтер мен  оқушылардың  өзара қимылына  оқу процесін ұйымдастыруға қатысты тапсырмалар көрсетілген  Білім және ғылым министрлігінің  арнайы бұйрығы жіберілді.Бұйрықпен танысқаннан кейін «Біз оқушыларды қашықтықтан қалай оқытамыз?» , «Қашықтықтан оқытуды меңгере аламыз ба?» , «Мұғалімдер мен оқушылардың,ата-аналардың  әлеуметтік  жағдайы  жете ме?»  , «Оқушылар сабақты толыққанды меңгере ала ма?» деген  үрейлі сұрақтар болғанын жасырмаймын.

Еліміздің болашағы —  жастардың  қолында.Ал  жас ұрпақты білім нәрімен  сусындататын біздер, яғни мұғалімдер. Сондықтан да ұстаздар қауымынан үлкен жауапкершілік күтіп тұр еді.

Мінекей, артқа 4 апта қалдырып жүктелген міндетті орындап  «Қашықтан оқыту» режиміне де бойымыз үйреніп қалғанын  жасырмаймыз.Үй жағдайында отырып  та білім алуға болатынын аңғарғандаймыз. «Youtube» , «WhatsApp», «Bilimland», «Daryn.onlile» секілді платформаларды өте жақсы меңгеріп алдық.Дегенмен оқушылар да қалыс қалмады.Атап айтар болсам      5 «В» сыныбында Абдигалиева Аселья,Жангазиева Айман, 6 «Г» сыныбының жартысынан көпшілігі жоғары деңгейде қатысты.9 –сыныптардан  Небиева Аяжан,Есетова Шынарай,Ибрагимова Мөлдір,Довлетбаева Динара ,Оңғарбаева Сандуғаш,Атадусова Ұлданай,Сағындықова Альбина сынды оқушылар сабақта үнемі белсенділік танытып отырды.

Мектебіміздегі біраз мұғалімдер «Daryn.onlile», «Qaztest» сайттары ұйымдастырған тестерге қатысып, мол жетістіктерге жетті. «Instagram» сайтында жүріп жатқан бейнежазба байқауларына да атсалысып ,өз үлестерін қосты.

Осыдан кейін мынадай қорытындыға келдім:Қазақстанда  білім жүйесінде жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыла бастады.Ақпараттық технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді.Жаңа ақпараттық технологияларды білім жүйесінде қолданудың ең маңызды факторы негізгі қозғаушы күші- адам. Білм саласындағы жаңа коммуникациялық технологиялар түсінігі мол  компьютерлік техника және электрондық анықтамалық жүйелері мен адамның әрдайым жаңа оқыту әдістерін ізденуінен пайда болады.Қазіргі уақытта сабақ  дидактикада инновациялық оқыту кеңінен қолданылуда.

Инновация – бұл жаңалықтардың таралуы және құрылуы.Бұл ізденіс  «педагогикалық технология»  деген ұғымға әкеледі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауында айтқандай : «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет.»

Қашықтан оқыту – ақпараттық құралдар мен дәне ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу формасы. Мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының  сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі арақашықтықта оқыту.

Сөзімді қортындылай келе, осы 2 ай көлемінде дәрігерлер мен тәртіп сақшылары сияқты ұстаздар қауымы да ерен ерлік көрсетті.Әрине алдағы уақытта өз мектебімізде әріптестер мен оқушыларды аман көріп, дәстүрлі сабақ өтетін күнге жетейік!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.