Батыс Қазақстанда «Абайдың сырлы әлемі» атты Абайдың қара сөздері мен лирикалық шығармаларына арналған облыстық қашықтық иллюстрациялар сайысы өтті.
Жалпы орта білім беретін мектептердің 1-11 сынып оқушылары қамтылған шараны облыстық білім басқармасы «Дарын» қосымша білім орталығы ұйымдастырды. Шараны өткізудегі басты мақсат – өңіріміздегі мектеп оқушылары арасындағы талантты жастарды анықтау, шығармашылық жұмыстарын жұртшылыққа үлгі ету, Абайдың шығармашылығын насихаттау, философиялық-адамгершілік тәрбие беру, адами құндылықтарды қалыптастыру.
Облыс бойынша сайысқа барлығы 179 оқушы қатысып, өз бақтарын сынады. Нәтижесінде 1-7 сынып оқушылары арасында С.Ғұмаров атындағы балалар көркемсурет мектебінің 5-сынып оқушысы Мөлдір Құрақ пен 7-сынып оқушысы Сұлтан Мәжитов І орынды иеленді. 8-11 сыныптар арасындағы сайыста Оралдағы №42 «Ақ ниет» мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Диана Еркінова, Х.Доспанова атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Жармұқан Нұрдәулет, Тасқала ауданындағы жалпы білім беретін Шежін орта мектеп-балабақша кешенінің 8-сынып оқушысы Гүлдана Халенова жеңімпаз атанды.
БҚО білім басқармасы баспасөз қызметі